Әбішев ісі: Шаймерденов 8,5 миллион берді

15.11.2019, 22:46

4

Экс-шенеунік Ислам ӘБІШЕВ пен Серік ТҮКИЕВТІҢ ісіне қатысты кешегісот отырысында судья Қажымұқан МЕКЕМТАСҚА адвокаттардың қарсылықбілдіруіне орай өтінішті қарауға келген судья А.Шаяхметова өтінішті негізсіздеп тауып, Қ.Мекемтас одан әрі сотты жалғастырады деп шешім қабылдады. Үш ретқатарынан сауатсыздығы үшін  үстіненқорғаушылар шағымдағанына қарамастан сотқа төрелік етуге келген ҚажымұқанМекемтас залда журналистердің аудиотаспа, бейнекамера қолдануына тиым салған болатын.

Бүгін бас қалада кезекті сот отырысыжалғасты. Сот басында адвокаттар қорғауындағы қос азаматтың үстінен арыз жазғанАзамат ШАЙМЕРДЕНОВТЫҢНұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы Ішкі істер бөліміне тіркеліп, шешімшығарылмаған қылмысы бар екенін айтты. Ал дәлел үшін қажет құжаттарды Ішкі істербөлімі судьяның сұрауымен ғана бере алатынын жеткізген адвокат Ерлан МӘКЕНОВ, куәгер Шаймерденовтіңсөзіне сену үшін жеке басына қатысты мәліметтерді алуға өтініш жасады. ПрокурорСүлейменов бұл өтінішке қарсы болғанымен судья өтінішті қабылдады. КуәгерМәкішевтің сот отырысына келе алмауына байланысты келесі куәгер, Дүниежүзілікқазақ күресі федерациясының бас менеджері, айыпталушы Серік Түкиевтің жарыШынар Карамульдинаның жауабы тыңдалды:

«2018жылдың 14 желтоқсан күні, кешкі сағат сегізде Монака қонақүйінде мерекелік кешөткіздік. Ислам Алмаханұлы мен Серік Түкиев сол жерде болды. Тағы он шақты адамжанымызда отырды. Түнгі 23:00-де бір жігіт келіп, бәрімізбен амандасып солжағыма жайғасты. Әбішев ол жігітті Азамат Шаймерденов деген жеке кәсіпкер дептаныстырды. Серік Адамұлы да сол жерде танысқан. Кенет Шаймерденов Серік жайлыбілетінін айтып, 17-24 желтоқсан арасында Голландияда өткізгелі жатқан қазақкүресінен Еуропа біріншілігіне демеушілік көрсеткісі келетінін айтты. Федерацияқаржылық жағынан қиналып отырғаны рас еді. Серік Голландияда спорт кешенінжалдау мен спортшылардың қонақүйіне 8 миллион теңге жетпей отырғанын жеткізген.Шаймерденов 8 емес 10 миллион теңге беремін, ертең-ақ аударамын деп мақтанды.Федерацияның есепшотын алған соң, ол ұзақ отыра алмаймын деп кетіп қалған.Голландиядағы жарыста жүргенде қатты қиналдық, Шаймерденов ақшаны аудармады,хабарлассақ түрлі сылтау айтып, жігітпін бәрібір берем деп ақталды. Өзгедемеушілердің көмегімен жарысты абыройлы алып шықтық. Қонақүй үшін қаржыныкейін қайтарамыз деп сол елге қолхат жазып бердік. 2019 жылдың 10 қаңтар күніШаймерденов Түкиевке 1,5 млн.теңгені қолма-қол әкеліп берді. Біз ол ақшалардыөз мүддемізге емес, Федерация үшін жараттық. Қытайда Азия чемпионатын өткізуүшін конференцияға аттандық. Айдың соңында Шаймерденов қалған 8,5 млн.теңгеніалып келді. Федерацияның есепшотына аудармайсыз ба, не үшін қолма-қол бересіздесек, есепшотым жабылып қалды деп айтты. Серік Түкиев қазақ күресіненжарыстарды өткізу үшін өзі де қарызданып келген адам. 2014 жылдан бері Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі федерацияның есепшотына ресми түрдетексеріс жүргізіп келді. Ешқандай заң бұзушылық таппады. Оның құжаттары да бар.Ал Шаймерденов Серік Адамұлының көзінше Ислам Алмаханұлы жайлы бір ауыз сөзайтқан жоқ», — деді куәгер Ш.Карамульдина.

Сотталушылар куәгер Мәкішевтен кейінғана жауап бере алатынын айтқан соң, прокурор өз сөзінде судьяға АзаматШаймерденов кезінде Жампозовтан қысым көргенін тергеушіге айтып, шағымданғанқұжаттарды іс бойынша тіркеуді ұсынды. Бірақ қылмыстық кодекстің 112 бабы, 3бөлімін алға тартқан адвокаттар тергеу материялына сот басталғаннан кейінтергеушінің дәлелсіз не салақтығынан қалып қойған құжаттар заңсыз дептабылатынын жеткізді. Қылмыстық кодекстің 240 бабының 1 бөліміне тоқталғансудья Қ.Мекемтас мемлекеттік айыптаушының құжаттарын кері қайтарды.

Сотталушы Серік Түкиевтің ісін сот асаауыр қылмыстан алып тастап, ауыр қылмысқа жатқызғанын ескерген адвокат ЕрланМәкенов өз қорғауындағы азаматты үйқамаққа жіберуді сұраған. Өз кезегінде ИсламАлмаханұлының да адвокаттары осы өтінішті жасады. Судья өтініштің жауабын 18қараша күні айтатынын мәлімдеді. Сотталушыларға сөз берілгеннен кейін, СерікТүкиев «мен тергеу изоляторына шыдаймын, Ислам Алмаханұлын үйқамаққажіберуді сұраймын» деді. Ал Ислам Әбішев болса «менің ісім жалғасаберсін, кінәсіз Серік Адамұлын босатыңдар» деп айтып отыр.

Фото: facebook.com

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34