Әбішев ісі: сотқа қатысушылар залдан шығып кетуге мәжбүр болды

27.11.2019, 14:13

67

Экс-шенеунік Ислам ӘБІШЕВ пен Серік ТҮКИЕВТІҢ ісі бойыншаөтіп жатқан сот отырысына қатысушылар бүгін залдан шығып кетуге мәжбүр болды.Кешегі сот отырысында адвокаттар тергеу сотының 5 қыркүйек күні шығарғаншешімінде айыпталушыларды 15 қыркүйекке дейін ғана тергеу изоляторында ұстауғаболатынын көрсетіп, одан бері қос азамат негізсіз қамауда отырғанын мәлімдегенболатын. Дегенмен судья Қажымұқан МЕКЕМТАС бұл шағымға жауап бермеген еді.Осыған орай, Ислам Алмаханұлы судьяға сауал қойғанда, судья «заңды немесезаңсыз деп айта алмаймын» деп жауап қайтарды. Осыдан кейін адвокат Ерлан МӘКЕНОВмамандандырылған ауданаралық сот кеңсесі арқылы судьяға қарсылық білдірді. Бұлсот басталғалы бері судья Қ.Мекемтасқа жасалған алтыншы қарсылық еді.

«Қылмыстық кодекстің152-бабы, 4-бөліміне сәйкес қамауда ұстау мерзімі аяқталғанда тергеуизоляторының басшысы азаматтарды босатуы тиіс. Ал олай жасалмағанын білеміз.319-баптың 5-бөліміне сүйенер болсақ, судья бұлтартпау шарасының негізсіздігітуралы тиісті шешім қабылдауы керек. Өкініштісі, судья Қ.Мекемтас бұл әрекеттіде орындамады. Осы жайларды ескере келе, айтпағымыз, 87-баптың 1-бөлімі,6-тармағына сай судья Қ.Мекемтасқа қарсылық білдіріп, адвокаттардың сеніміне иеболған Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы аудандық сотының судьясы А.Әмірғалиевты осы ісбойынша сотқа судья болуын сұраймыз», — деді адвокат Мәкенов.

Ал прокурор Сүлейменов әдеттегідей бұл шағымға қарсылықбілдірді. Адвокаттар мемлекеттік айыптаушыдан Қылмыстық кодекс мәтінінен дәлелкелтіруді сұраған. Сот отырысында осы жағдайдан соң прокурор мен адвокаттарарасында сөзге келіспей, диалог болды. Ал судья Қ.Мекемтас шағымды қанағаттандырмайтынынайтты. Қорғаушылар «өзіне түскен шағымды өзі қарайтын судьяны бірінші реткөрдік» деп судьяны мұқатқан прокурор себепсіз залдағы журналистерге шүйлікті.Судья кей журналистердің залдан шығып кетуін талап етті. Бірақ сотқақатысушылар судьяны "әділетсіз" деп балағаттап, жиналған барлық адамзалдан шығып кетті. Жарты сағаттан соң қорғаушылардың өтініші бойынша журналистермен айыпталушылардың жақтастарын сот залына кіргізуге судья рұқсат берді.

«Бұл судьяғажалынып та отырмыз, барлық өтініш-шағымдарды заңсыз деп тауып отыр. Дәлеліменқаулы шығарыңыз десек, айтқанымыз үшін айыпты қылады», — дейді адвокат Абзал ҚҰСПАН.

Қазіргі кезде сот құрамы іс материялдарына зерттеужүргізіп жатыр. 28 томдық істің осы уақытқа дейін 10 томы қаралды.

Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.01.2021, 16:10
Ковид өршіп тұрғанда мектеп асханаларын ашу қаншалықты негізді?
Бифат ЕЛТАЕВА 09:03
Орыс мектептерінде қазақ тілінің жайы қалай?
Сайт әкімшілігі 14.01.2021, 13:10
Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 16:00
Президент мақаласынан кейін қазақ тілінде сөйлеу клубы ашылды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 12:00
Қытайда коронавирус қайта таралып жатыр
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 09:45
Ішкі істер министрлігі жолда абай болуды ескертті

Аңдатпа


  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33