Әбішев ісі: «Ұлттық бюроның сәтсіз шығармасы»

28.11.2019, 15:29

89

Ислам Әбішев ісіне байланыстысот материялдарына зерттеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Осыуақытқа дейін сот құрамы құжаттарды зерделеп, тексеру жүргізгенімен адвокаттаріс материялдарын «арандату» деп бағалап отыр. Қылмыстық істің14-томын қараған адвокаттар прокурор Сүлейменовтен Шаймерденов пара берушінемесе ортадағы делдал екенін түсіндіріп беруді сұраған. Бірақ прокурор сауалғажауап бере алмады.

«Мен өзім прокуратурада қызмет атқарғаннан соң,білетінім, Ұлттық бюроның мәліметтер базасында кез-келген азамат жайлы деректертолық шығып тұрады. Ал бұл істе Ұлттық бюро қызметкерлері пара беруші адамдыбелгілемесе Тергеу сотының тексеріс жүргізуге рұқсат бермейтінін білген. Солсебепті "Қазбайлық" мекемесіне түк те қатысы жоқ Мәкішевті пара берушіретінде таныған. Бірақ Мәкішев куәгер ретінде келген кезде бұл жайттарды өзіестіп таң қалды. Яғни, Ұлттық бюро заңсыздыққа барған. Ұлттық бюро Мәкішевтің"Қазбайлыққа" қатысы жоқ екенін білмейді емес, біледі. Бір сөзбенайтқанда, мұның бәрі арандату ғана», — деді адвокат Мәкіш ЕСҚАРАЕВ.

Алдыңғы материалдарымыздыңбірінде сарапшы Құдайбергенованың іс материялдарына сараптама жүргізуде қателікжібергенін жариялағанбыз. Осыған орай, бүгінгі сот отырысына куәгер ретіндеӘділет министрлігіне қарасты Сот сараптамасы орталығы директорының орынбасарыНазгүл ИМАНБАЕВА шақырылды. Иманбаеваның баяндауы бойынша сараптамаға 2рицензия толтырылып, 7 қате табылған. Және сұрақтарды бірнеше мәрте сараптамағақайталап енгізе бергенін айтып отыр. Адвокаттар сараптамадан қате кеткенінескеріп, судья Қ.Мекемтастан жасалған сараптаманы заңсыз деп табуды сұраған,дегенмен судья өтінішті ашық күйде, жауапсыз қалдырды.

Іс материялының 15-томында айыптаушы Азамат ШАЙМЕРДЕНОВТЫҢтергеушіге берген жауаптары оқылды. Тергеушіге берген жауабында Шаймерденов«Ислам Әбішев „Қазбайлыққа“ тендерді беру үшін мекеме басшысыМәкішевтен ақша сұрады» деп айтқан. Мәкішевтің "Қазбайлық" ЖШСқатысы жоқ екенін тағы бір еске салған адвокаттар іс материялдарын Ұлттықбюроның «сәтсіз шығармасы» деп атады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 05.03.2021, 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.03.2021, 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44