13.06.2019, 21:51
172
АйтыскерРинат ЗАЙЫТОВ оппозициялық саясаткерлер Мұхтар ӘБЛЯЗОВ пен Әміржан ҚОСАНОВТЫхалықтан кешірім сұрауға шақырды. Айтыскер бұл туралы instagram.comәлемуеттік желісіндегі парақшасында жазды.
"Әзіргетыныштық. Маңайымдағы адамдардың қайсысы жанашыр, қайсысы арандатушы екеніептеп білініп келеді. Алатаудың алдына шыққан себебім Халыққа уәде бергенмін«алдансам алдыларыңа шығып кешірім сұраймын» деп. Мен Қазақпын, алқазақтың жігіттері екіжүзді болмауы керек. Сөзімде тұрдым! Сол сәттегі жағдайдыпайдаланып, ары қарай мені өз ойындарына кіргізгісі келетін арсыздарғаермеймін. Халық та ермейді, ақымақ емеспіз", — деп жазды айтыскер.
Айтыскер 10-шы маусым күні тәуелсіз бақылаушыларменсайлаудағы заңсыздықтарды жариялаймын дегенде ұсталған болатын. Артынша РинатЗайытовтың босатылуын талап етіп жүздеген адам Алматы қалалық полициядепартаментінің алдына жиналған.
«Аблязовқа,Қосановқа айтарым еркек болса елден кешірім сұрасын. Ешқашан ешкімнен ақша да,басқа да алып, елімді алдаған емеспін. Солай болып қаламын!!! Мен халықты өзімалданған өтірікке сендіргенім үшін айыптымын. Бар кінәм сол. Сол үшін экранныңар жағынан емес Халықтың алдында кешірім сұрадым. Ол жасағаным қылмыс емесшығар. Ұлтым үшін туғанымды өлгенше дәлелдеп өтуге дайынмын! Тек уақытберіңіздер, қалғанын кейін айтайын», — деп жазды ол.
Фото: twitter.com
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР