«ADAL BILIM» - ең үздік жоба

Сайт әкімшілігі

15.12.2020, 16:27

1302

«Адал тұлға-2020» ұлттық сыйлығы аясында ҚР БҒМ қарасты «ADAL  BILIM» жобалық кеңсесі «Ең үздік ұлттық жоба» номинациясына ие болды. Ұлттық сыйлықты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев табыстады.

Аталған марапатқа «ADAL  BILIM» жобалық кеңсесі білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізген жұмыстары үшін ие болды. Жобалық кеңсенің негізгі қызметтерінің бірі -мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылым саласында парасаттылықты қалыптастыру. Сондай-ақ «ADAL  BILIM» осы салаларды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау жұмыстарымен айналысады.

«ADAL  BILIM» жобалық кеңсесі  — мемлекеттік мекеме емес. Бұл — қоғамдық жұмыс. Білім және ғылым саласындағы жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс істеп жатқанымызға 1 жыл ғана болды. Осы уақыт аралығында аталған салалар бойынша тіркелген заң бұзушылықтар бойынша жұмыс істеп, жақсы нәтиже көрсетіп үлгердік.«Ең үздік ұлттық жоба» атануымыз бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Алдағы уақытта да еліміздегі сыбайлас жемқорлық факторларын барынша азайту үшін қызмет ететін боламыз», — деді ADAL  BILIM» жобалық кеңсесінің төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Атап өтейік, «ADAL  BILIM» жобалық кеңсесі 2019 жылдың2 шілдесінде М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің базасында құрылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ЕРМЕКОВА 16.10.2021, 15:38
Балаға қамқорлық - болашағымызға жасалған жақсылық
Нұрай РАХЫМ 16.10.2021, 14:34
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасынан үміт көп
Сайт әкімшілігі 16.10.2021, 12:20
Қазақ жастары Стамбұлда “Бірлік” ұйымын құрды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 15:14
Өнеркәсіп алпауыттары жергілікті тауарларды сатып алуды көбейтті
Мариям МАҚСАТ 15.10.2021, 09:46
Қардың жауғанына қараша халық кінәлі ме?
Әділ АҚЫЛБАЙ 15.10.2021, 08:25
Біз сасықпыз ба, не?

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29