Адам өлімі болғанын күтіп жүр ме?

Мариям МАҚСАТ

09.11.2021, 11:30

610

фото ғаламтордан алынды

Павлодар қаласындағы екі қабатты 15 үйдің тұрғындары күн сайын таңын қорқынышпен атырып, қауіппен батырады. Әне-міне құлағалы тұрған пәтерлердің шаңырағы ортасына түсіп, үйінді астында қаламыз ба деген күдік көп. Тіпті жақында сол баспаналардың төбелерінің бірі опырылып түсті. Алайда шенеуніктер жарты ғасырдан астам уақыт бұрын ағаштан салынған үйлерді апаттық жағдайда деп тануға асықпайды.

Жақында Генерал Дүйсенов көшесінің бойында орналасқан №383 үйдің төбесі құлады. Абырой болғанда сол сәтте Айнаш Арқаева есімді тұрғын балаларын тез арада далаға шығарып үлгерді.  

– Бұл пәтерді осыдан 15 жыл бұрын сатып алған едік. Ол кезде ағаштан салынған екі қабатты баспаналардың жағдайы әлдеқайда жақсы болатын. Облыс орталығындағы үйлер көп ұзамай өркениетке қол жеткізер деп үміттендік. Бірақ керісінше, бәрі кері кетті. Уақыт өте келе қабырғалары сөгіліп, мұнда тұру қауіпті бола бастады, – дейді Айнаш Арқаева.

Бұл – бір отбасының ғана қорғынышы емес. Затон деп аталатын шағын ауданда осындай ескі 15 үй бар. Мұнда 300-ден астам тұрғын тұрады. Солардың бірі Галина Васильеваның жүрегі де өз үйіне кіруден шайлығып қалған.

– Бір күні үйіндінің астында қаламыз ба, не балалар сабақтан, біз жұмыстан келгенде жермен жексен болған пәтерімізді ғана көреміз бе деп күнде қорқамыз. Қабырғасы бар демесеңіз, тұрғын үй деп ауыз толтырып айтуға келмейді. Барар басқа жеріміз болмағандықтан, осында тұруға мәжбүрміз. Соңғы 10 жыл аралығында әкімдіктерге талай барып, хат жазып келеміз. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Жыл сайын «құрғақ» уәдемен тойдырып келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын өрт болған кезде жас жігіт қайтыс болған еді. Шенеуніктер бізді басқа жерге көшіру үшін тағы да адам өлімі болғанын күтіп жүрген сыңайлы, – дейді ол.

Тұрғындар наразылығының жөні бар. Бұл баспаналар орналасқан шағынаудан қаланың қақ ортасында демесеңіз, өркениеттің жұрнағы да жоқ. Көпшілік көмір сатып алып, пәтер ішінде от жағады. Оған шамасы келмейтін кейбір зейнеткерлер жылу құралдарын қосады. Содан электр энергиясына төлейтін ай сайынғы коммуналдық ақы кемінде 20-30 мың теңге болып шыға келеді. Үйлердің ішінде не су, не кәріз жүйесі жоқ. Сондықтан адамдар тіршілік нәрін көшедегі колонкалардан тасып, даладағы дәретханаға барады.

Мұндай күйелеш күйде әлі біраз жыл тұруға тура келетін сияқты. Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова баспаналар апаттық жағдайда деп танылуы үшін тұрғындардың өздері сарапшылық бағалау мен техникалық қорытынды жасауы тиіс екенін айтады. Ал әкімдік тарапынан жаңа үйлер жақында берілмейді.

Пәтердің төбесі құлаған соң Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Хасар Хабылбеков көпшілікпен кездесіп, бой көрсетті. Сол кезде тұрғындарға уақытша басқа баспана мәселесі қарастырылғанын айтып еді. Алайда бұл да кезекті өтіріктің бірі болып шыққанға ұқсайды. Себебі баяғы жартас, сол жартас боп қалды. Бұл кездесуден соң ештеңе өзгерген жоқ. Ал сол тұста екі қабатты 15 үйдегі пәтер тұрғындары қауіпті жағдайда өмір сүруге мәжбүр.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:54
Қайта құрудан егемендікке дейін: Теміртауда «Өзгерістер уақыты» көрмесі ашылды
Сайт әкімшілігі 12:52
Жезқазғанда «Мен – Жас Қазақстандықпын» қала жастарының форумы ұйымдастырылды
Сайт әкімшілігі 11:15
«Экопатруль» жобасы Семей қаласының экологиялық проблемаларына назар аударады
Сайт әкімшілігі 10:02
"Омикрон" штамы туралы алғаш хабарлаған дәрігер жаңа симптомдарды айтты
Сайт әкімшілігі 08:52
Коронавируспен ауырып жатқан 397 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 08:32
Лицензиясынан айырылған университет студенттердің құжаттарын қайтармай отыр

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30