30.11.2020, 16:17
588
Қарағандыда адам өмірі қыл үстінде тұрғансәтте жұмыстарына жауапкершілікпен қараған полиция қызметкерлері марапатқа ие болды.
Еске салсақ, жақында жоғарғы қабаттағы балконның бірінен бойжеткен секіріп, өз өмірін қимақ болған. Кейін анықталғандай ол анасымен ренжісіп қалып, осындай қадамға барғысы келген.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Бейбіт Байсеркин, Айбат Акимжанов, Дарын Совет пәтер есігінің біреуін бұзып кіріп, бойжеткенді құтқарып қалған еді. Бүгінде ерлікке пара-пар іс жасаған полиция қызметкерлеріне 100 000 теңге сыйақы табыс етілді.
" Олардың ерлігін Ішкі Істер министрлігі жоғары бағалады. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаев оларды "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін " медальімен марапаттады. Біз де өз тарапымыздан адам өмірін сақтап қалған мамандарға сыйақы беруді жөн көрдік ",- деді Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР