Адам саудасына тоқтам бар ма?

Айнұр ӘЛИ

01.09.2021, 11:48

969

Бұл әлемде ең ауыры не дейсізбе? Айта берсең,шегі жоқ тізім. Ал соның біріәділетсіз, адам құқығы аяусыз тапталған, қанқұйлы мәселе – адам саудасы. Адамды еркінен тыс мәжбүрлеп құлдыққа сату, құлдықта ұстау, құлдықта жұмысқа жегу, зат секілді сата салу дамыған мемлекеттердің өзінде әлі күшін жойған жоқ. Өкініштісі, бұл жауыздық Қазақстанға да қатысты болып отыр.

Қазақстандағы ахуал қандай?

Көршілес Орталық Азия елдерінен, яки Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келіп, тәнін саудалайтын әйелдердің саны азаймай отыр екен. Аталған елдерден Қазақстанға құрылыс, ауыл шаруашылығы және сауда-саттық саласында еңбек етуге келіп, құлдыққа ұшырап жататын ер-азаматтар да бар. Бұл да сол елдердегі экономикалық жағдайдың әсері болса керек. Адам саудасы фактілерінің көші-қон үдерістерімен бірге өсетінін мониторинг жұмыстары дәлелдейді.

Қазақстан соңғы жылдары адам саудасымен күрес бағытындағы заңнамалық базаны қатаңдатуда. Адам саудасына қатысты қылмыстық жауапкершілік 2006 жылы іске қосылса, кейіннен біртіндеп жауапкершілік деңгейі қатаңдай түсуде. Еліміз 2008 жылы БҰҰ Палерм хаттамасына қол қойды. Былтыр АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстанды адам саудасымен күресте «бақылаудағы елдер» қатарына енгізіп, елдегі заңнамалық жауапкершілікті әлсіз деп таныды. Бақылаудағы елдер дегеніміз не? Алдымен бұл төрт санатқа бөлінеді. Қазақстан аталған есепте үшінші санаттағы елдер қатарына қосылды. Бұл санатқа қосылған елге халықаралық деңгейде шектеулер (халықаралық қаржы институттарының көмегін шектеу, гуманитарлық емес көмек түрлерін тоқтату т.б.) немесе АҚШ бастаған кейбір елдердің санкциясы салынуы мүмкін екенін айта кету керек. Бұл ретте қалыптасқан жағдайды түзету және адам саудасының алдын алу мақсатында Қазақстанға 11 ұсыныс жолданған. Осыған байланысты биыл Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізіліп, адам саудасына байланысты кінәлі тұлғаларға жауапкершілік күшейтілді. Бұл да болса көңіл көншітетін жағдай.

Мамандардың пайымынша, қазіргі пандемия салдары біршама дүниеге залалын тигізбек. Оның ішінде «жұмыссыздар саны ұлғайса қылмыс саны көбеюі мүмкін» деп дабыл қағады олар. Ақша үшін тәнін саудалайтын, төмен шартпен жұмыс іздеп, құлдыққа ұшырайтындар саны артуы мүмкін. Қарапайым мысал, интернеттің дамуы адам саудасын жеңілдетуде екен. Ал Internet World Stats ұйымының мәліметінше, Қазақстан интернет арқылы арбауға ыңғайлы елдердің қатарына жатады.

 ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев онлайн брифинг өткізген болатын. Мұнда Қазақстан адам саудасы бойынша әлемде екінші орынға тұрақтағаны белгілі болды. Сонымен қатар ол елімізде із-түзсіз жоғалып кеткен адамдарға қатысты ақпаратпен бөлісті. Қазақстанда жоғалып кететіндердің басым бөлігі мерзімді жұмыс жасайтын ер адамдар екені анықталған.

Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының басшысы Тастемір Әбішевтің айтуынша, елде 2016 жылдан бастап адам саудасының құрбандарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Алайда бұл көмекті тек Қазақстан азаматтары, елімізде тұрғылықты тұрып жатқан шетелдік азаматтар мен қандастар ала алады. Ал түрлі себептермен Қазақстанға уақытша келген еңбек мигранттары адам саудасының құрбаны болғанда атаулы әлеуметтік көмекті ала алмайды. Оған себеп – халықаралық стандарттарға сай болмауында.

Статистика бойынша 2018-20 жылдар аралығында 1100 қылмыс тіркелген. 242 тұлға адам саудасымен айналысқаны үшін сотталған. Ал биыл елде адам саудасына байланысты қылмыс саны екі есеге артқан. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады. Жыл басынан бері 103 сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Ал былтыр адам саудасы, адам органдарын сату, пайдалану мақсатында оны ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру, жеңгетайлық және притон ұстау фактілері бойынша 111 қылмыстық іс тіркелген. Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, аталған қылмыстар үшін Қылмыстық кодекстің 8-бабында жаза көзделген. Ең жоғары жазалау шарасы – мүлкі тәркіленіп, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру. 2019 жылғы желтоқсанда жаза қатаңдатылып, адам органдары саудасы үшін жаза алты жылға дейін, кәмелетке толмағандар саудасы үшін жаза 18 жылға дейін және оларды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін жаза сегіз жылға дейін ұлғайтылыпты.

Қазақстанда адам саудасына қатысты заң жобасының жоқтығын байқаған АҚШ 2019 жылы адам саудасына қатысты арнайы баяндама әзірледі. Ең жақсы көрсеткіш Норвегия, Щвейцария мен Голландияда бар. ТМД елдерін алсақ, Грузия, Литва мен Эстония бірінші деңгейде тұр. Олар адам саудасына қатысты заң қабылдаған. Түрікменстан мен Арменияда да мұндай заң бар. Ал Қазақстанда мұндай заң жоқ. Заңсыз бизнес арқылы табыс табуда бірінші орында – қару-жарақ сату, екінші орында – заңсыз есірткі сату және үшінші орынға адам саудасы шыққан.

     БҰҰ көші-қон комитетінің есебі бойынша адам саудасымен айналысатындар жылына 150 млрд доллар табыс табады. Сыртқы істер министрлігінің өкілі Үсен Сүлейменнің айтуынша, Қазақстан мен АҚШ арасында кеңейтілген серіктестік туралы комиссия бар. 2019 жылдың қарашасында осы комиссияның мұрындық болуымен адам құқықтары жөніндегі жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобына ҚР әділет министрлігі мен Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі жетекшілік етіпті.  «2019 жылы Қазақстан АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің адам саудасы жөніндегі жыл сайынғы баяндамасында екінші деңгейлі бақылау тізіміне енді, өйткені осы мәселелерді шешу үшін заңнамалық өзгерістер қажет. Бұл баяндама үкіметтерді адам саудасының барлық түріне барынша жан-жақты және тиімді шаралар арқылы жауап беруге шақырады», – дейді ол.

Тегтер: адам капиталы адам саудасы мәселе проблема

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты
Сайт әкімшілігі 12:00
Маминге "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық саябақтарын дамыту тұжырымдасы таныстырылды
Сайт әкімшілігі 11:09
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 09:51
Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды
Сайт әкімшілігі 09:30
49 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 09:20
Қазақстанда 8 облыс "қызыл" аймақта

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39