Әдебиет емес, алдымен Қазақ Тілінің Академиясы керек

01.03.2019, 22:23

12

Таңертең жаңалықтар тізбегін қарап отырсам, Le Figaro газетінде етістіктерді жіктеуге қатысты жиі орын алатын қателер жайлы қызықты мақала жүр. Жуықта осы рубрикадан француз тіліндегі жаңа англицизмдер жайлы шағын ғана мақаланы оқып, көп нәрсе үйренген едім. Ағылшын тілінің "құрбаны" жалғыз өзім емес екеніме қуанып қалғанмын, себебі ағылшын тілі өзім білетін басқа тілдерге, әсіресе орыс тіліне қатты әсер етуде. Оның үстіне, кейбір сөз тіркестерін француз тіліне ағылшын тілінен тура аудара салып, жұртқа талай күлкі болғанмын.Француздар тілін қорғауға көп күш салады. Олардың өз тіліне деген қамқорлығы бізге үлгі болуы тиіс. Біздің қала әкімшіліктері биллборд мәтіндеріндегі қателерден түк ұялмайды, ана тілінің қате жазылғанына түк намыстанбайды, әйтпесе жарнама агенттіктерін баяғыда аяғынан тік тұрғызуға болар еді ғой! Ал француз тілінде бір дыбысты қате айтып көріңізші! Шал-кемпіріне дейін өтірік түсінбей қалады.Француз тілді аймақтарда, яғни Францияда, Бельгияда және Квебекте ағылшын және араб тілінің қолданысы күннен күнге артып келеді және француздар оны қаласа да, қаламаса осы екі тілдің француз тіліне әсері байқала бастады. Сондықтан жұрт күнделікті оқитын үлкен баспалардың барлығынан тіл мәселелеріне арналған бөлім ұсынылып, тілдің тазалығын, дұрыс жазу мәселесін қадағалау жағы жақсы қойылған.Бірақ… Бұл мақалаларды жазу үшін беделі күшті ғылыми дереккөздер керек қой. Әркім өзінің көзқарасын ұсынса не болғаны? Мысалы, Француз Тілінің Академиясы (Académie française) 1634 жылы құрылған және әлі күнге француз тілін қызғыштай қорып отыр. Елдегі саяси ықпалы ең күшті мекемелердің бірі, ал бұл мекеменің пікірі – Заң. Біз ше? Бар-жоғы 6-7млн адам қолданатын бір тілге ие бола алмай отырмыз. Күлкілі және ҰЯТ.Бұл жайлы бұрын да бірнеше пост жазғанмын. Меніңше, бізге әдебиет академиясы емес, алдымен Қазақ Тілінің Академиясы қажет. Қажетсіз тіл комитеттерінің бәрін жауып тастап, тіл мәселелерін бір мекемеге тапсыру қажет.2-3 күн бұрын сөздіктерден «артефакт» сөзін тексерсем, «жасанды» деп аударып қойыпты. Онлайн «Сөздік» сапасы белгілі болған соң, Сауранбаев et al., 2005 сөздігін ашсам, дәл солай деп тұр. Сонда сөздікті қолданатын адамдарға қате ақпарат берілген, ал бұны ешкім қадағалап жатқан жоқ.Жуықта «таң қалу» етістігі жайлы пікірталас кезінде, Сыздықованың және Сауранбаевтың екеуінің де сөздігіне ашып қарадым, екеуін де «таң қалу» деп тұр, ал онлайн «Сөздік» «таңғалу» деген етістікті шаруа жоқ, енгізіп қойыпты. Бұл шешімді кім қабылдады? Бұл етістік идиомалық етістік ретінде әрқашан бөлек жазылушы еді ғой.Гугл жобаларында бір редактор «блогі» деп жазыңдар деп 4-5 жылды миды шірітті. «Менің блогім» деп жазбайды ғой ешкім, «Менің блогым» дейді. «Сонда дауысты дыбыстар үйлесімділігі қайда қалады?» деген сұраққа бұл редактор баяғыдағы бір шолақ белсенді ойлап тапқан: «халықаралық сөздердің бәріне жіңішке дауысты жалғау жалғанады» — деген ережесін тықпалай берді. Басқа тілден келген сөздердің барлығы бұл ережеге бағынбайды ғой. Жоқ, бітті, аяқ астынан бұл өзгермейтін догма боп шыға келді.Орыс тіліне жаппай бағыныштылық тағы бар. Pixel сөзін «пиксель» деу қате, мысалы. Ағылшын тілінде «пиксел» деп айтылады. Оның себебі қарапайым: бұл сөзде «элемент» не «cell» сөзі тұр. Жоқ, оны «пиксель» деп түзетіп әлек болды тағы сол білгіш редактор, «орыс тілінде солай жазылады екен де, сол заң екен. Ал орыс тілінде екі нұсқасы да бар. „Гуглер“ деген сөзді „гугл қызметкері“ деп аударыңдар деген де нұсқаулық алдық бір күні.Пунктуация жағын әзірге қозғамағанда, орфография және термин аударуға қатысты осы сияқты сұрақтар жетіп жатыр. Басқа тілдерде осындай дау-дамай кезінде беделді сөздіктер мен дереккөздерге сілтеп, тиісті дәлел берілсе, тіл мамандары бір мәмілеге жылдам келеді. Ал бізде толық және сенімді анықтамалық дереккөздер мен беделді сөздіктер мүлдем жоқ – бұл бір әңгіме және шет тілдерді оқытатын жоғарғы оқу орындарында қазақ және орыс тілінің филологиясы оқытылмайтыны – бұл тағы бір үлкен мәселе екен. Батыста тіл маманы кем дегенде 3-4 тілді жетік білуі талап, әйтпесе ол тіл заңдылықтарын қалай талдайды?Сондықтан бізге әдебиет академиясы емес, алдымен Қазақ Тілінің Академиясы керек сияқты.Зәуре БАТАЕВАМатериал Зәуре Батаеваның facebook.com әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды.Фото: 7kun.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 11:03
Қару-жарақ ұрлау оқиғасының құпиясы
Айжан БҮРКІТБАЕВА 10:38
ҚазАТК кімнің "жеміне" айналмақ?
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 11:17
Уланған маскалар туралы фейк таратылуда
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 10:16
ПТР тест тапсыру бағасы арзандады
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 09:52
Коронавирус бойынша ең көп өсім тіркелген өңірлер аталды
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 09:34
Жер астероидпен соқтығысуы мүмкін

Аңдатпа


  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38
  • Біржақты қарамайық...
    15.10.2020, 10:30