Әділбек Жақсыбековтің ұлының Манхэттендегі бір үйі

21.11.2019, 13:47

183

Қазақстаншенеуніктері мен олардың отбасы мүшелерінің нендей дүние-мүлкі бар екенінқазақстандықтардан гөрі шетелдіктер жақсы біледі. Өйткені Батыс елдерініңкөпшілігінде дүние-мүлік, пәтер мен бизнес жөніндегі ақпарат ашық.  БізНью-Йорк қаржы департаментінің тұрғын үйді тіркейтін қалалық регистрі сайтынақтарып отырып, Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВТІҢ ұлы Дәурен ЖАҚСЫБЕКТІҢ Манхэттендегіпәтерін тауып алдық.

Президентәкімшілігінің бұрынғы жетекшісі, зейнетке шыққан  Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВТІҢ ұлы Дәурен ЖАҚСЫБЕКТІкөпшілік  «Цесна» корпорациясыныңакционері, бизнесмен ретінде біледі.  Қазақстандық Forbes рейтингісі бойынша, елдегіең ықпалды 50 бизнесменнің тізіміне кіретін 41 жастағы Дәурен Жақсыбектіңдәулеті 700 миллион долларға  бағаланады.

Нью-Йорк қаржыдепартаментінің тұрғын үйді тіркейтін қалалық регистрі сайтынақарағанда, Дәурен ЖАҚСЫБЕКТІҢ Нью-Йорктегі Манхэттен ауданында 2 ColumbusAvenue, 6D мекенжайында пәтері бар. Тіпті пәтер Дәурен Жақсыбектікі екенінрастайтын құжаттар қоса тіркеліпті. 2003 жылғы 19 қыркүйекте Д.Жақсыбектің қолықойылып, нотариалды түрде рәсімделіп, Нью-Йорк қалалық регистрде ресмитіркелген құжатта Д.Жақсыбек бұл пәтерді өзіне-өзі сыйға тартушы ретіндекөрсетілген. Құжатты бұлайша толтыруға Д.Жақсыбектің фамилиясын ауыстырғанынегіз болыпты.

«Бұл келісім 2003 жылы 3 шілде күні бұған дейін ДәуренЖақсыбеков болып келген Дәурен Жақсыбек (сыйға тартушы) мекенжайы 2 ColumbusAvenue, Apartment 6D, Нью-Йорк, Нью-Йорк 10019 және 2 Columbus Avenue,Apartment 6D, Нью-Йорк, Нью-Йорк 10019 мекенжайында тіркелген ДәуренЖақсыбектің арасында жасалған», – делінген құжатта.

Қысқасы, ДәуренЖақсыбек сол уақытта фамилиясын ауыстырғандықтан, осы құжат арқылыМанхэттендегі пәтерін өз атына қайта тіркеген. Қалалық регистр сайтында бұлпәтерге қатысты басқа ешқандай құжат табылмағанына қарағанда, пәтерге әлі деД.Жақсыбек иелік етеді.


Құжатта пәтер құныкөрсетілмегендіктен, біз жылжымайтын мүлік агенттіктерінің сайттары арқылыпәтердің қанша тұратынын тексеріп көрдік. Zillow.comсайтынасенсек, Манхэттендегі Линкольн алаңында орналасқан фешенебельді тұрғын үйдегі бұлпәтердің аумағы 118 шаршы метр,  екіжатын бөлмесі, екі ваннасы, фойе мен галлереясы бар. Бұл пәтерді жалдау ақысыайына 6 мың долларға тең.  Zillow.comсайтыбұл пәтерді шамамен 2 миллион долларға бағалапты.

Айта кететіні,Д.Жақсыбек 2000 жылы Вашингтондағы American University оқу орнын тәмамдап,  «Бизнес әкімшілік. Халықаралық қаржы жәнемаркетинг» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған. Ал 2002 жылыНью-Йорктегі  New York University оқуорнын аяқтаған. Д.Жақсыбек Манхеттендегі пәтерді Нью-Йоркте оқып жүрген шақтасатып алған болуы мүмкін. 2000-2003 жылдар аралығында Д.Жақсыбек Нью-Йорктегі RZB Finance LLC компаниясында жұмыс істеген. 

Д.Жақсыбек фамилиясынауыстырғанға байланысты пәтерді өз атына қайта рәсімдеп жүрген уақытта оныңәкесі Әділбек Жақсыбеков индустрия және сауда министрі қызметін атқарды. Алодан ертерек, Д.Жақсыбек Вашингтон мен Нью-Йоркте оқып жүрген жылдары, 1997жылдың желтоқсаны мен 2003 жылдың маусымына дейін  Ә.Жақсыбеков Астана қаласының әкімі қызметінатқарған.

Фотолар ғаламтордан алынды.

РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 19:23
Өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31