«Адвокат Құспанды жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тарта аламын»

10.10.2019, 20:50

176

Белгілі қоғам қайраткері Арман ШОРАЕВ адвокатАбзал ҚҰСПАНДЫ жалған ақпарат таратқаны үшін заңға сәйкес жауапқа тартаалатынын мәлімдеді. «Қазақстан барысы» жобасының авторы Ислам ӘБІШЕВ пен СерікТӘКИЕВТІҢ қамауға алынғанын менен көруі дәлелсіз айыптау деп біледі.

«Абзал, Серік ағаңды жасаған істері үшін құрметтеймін. Ислам ағамды дақұрметтеймін. Қазақ күресі үшін жасаған істері үшін. Келіспейтін жерлерімізбар. Оны тікелей ашық айттым. Өзімнің мақалаларымда, сұхбаттарда. Бірақ, солкеліспеушілігі үшін біреуге тапсырма беріп оны зынданға қамау енді оладамгершілікке де жатпайды. Мен ондайдан аулақпын, айналайындар. Абзал бауырым,мен өзіңді танымаймын. Мән-жайын біліп алсаң жөн болар еді. Бұндай нәрселердіжариялағаның енді дұрыс емес. Басқа қатты сөздерді пайдаланғым келіп отыр.Бірақ, сабырлық сақтағым да келіп отыр. Ал, Секеңмен Ислам ағамыздың тезірек үстіненқара бұлттар кетіп қалсын деп тілеймін. Мен ешбір адам баласына жамандықойламаймын. Сондықтан, бауырым байқап сөйлейтін бол. Мықты заңгерімін дейсің. МаксБокаевтың заңгерімін дейсің. Сен мықты заңгер болсаң Макс Бокаев баяғыда бостандықтажүрер еді. Хайп ұстау үшін неге сен маған тиісесің. Мысалыға, Қанат Бозымбаевбауырымның атын атайсың. Ол жігіт халықаралық қазақ күресі федерациясынбасқарады. Қазірдің өзінде отызға жуық мемлекеттерде қазақ күресінің федерацияларыашылуына мұрындық болған», — деп мәлімдемежасадыАрман Шораев әлеуметтік желіде.

2019 жылдың 7 қазан күні qazaquni.kzсайтына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ атына ашық хат жарияланған еді.Хат авторлары Ислам Әбішев пен Серік Түкиевті қорғап жатқан адвокаттар АбзалҚұспан мен Ерлан МАКЕНОВ.

«Біздің қорғауымыздағыИ.А.Әбішев және С.А.Түкиев 14.03.2019 жылы жалалы айыппен қамалғанға дейін«Дүниежүзілік қазақ күресі» Федерациясының (бұдан былай ДҚКФ) президенті,соңғысы вице-президенті қызметтерін атқарған еді. Қорғауымыздағыазаматтардың айтуынша, осыған дейін еліміздің әртүрлі деңгейдегі лауазымдыадамдары тарапынан ДҚК Федерациясын өздеріне беруді, сатуды талап етіп,бермеген жағдайда қылмысты болатындарын айтып, қоқан-лоққы көрсету фактілеріболған. Олардың қатарында, белгілі кәсіпкер Арман Шораев, Энергетика министріҚанат Бозымбаевтың аттары аталады», — делінген ашық хатта. 

Су ресурстары комитетінің экс-төрағасы ИсламӘбішев пен дүниежүзілік қазақша күрес федерациясының вице-президенті СерікТүкеевке Жемқорлықпен күрес қызметі 60 млн теңге көлемінде пар алды деген айыптаққан. Олар наурыз айынан бері уақытша тергеу абақтысында отыр.  

Фото: holanews.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17.01.2022, 10:30
ТЖ кезінде 68 жанармай құю станциясы зардап шекті - Алматы әкімдігі
Сайт әкімшілігі 15.01.2022, 22:02
Ө.Шөкеев: «Сайрам ауданының тәжірибесін қолдану керек"
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 09:02
Бір тәулікте 10 мыңнан аса COVID-19 жұқтырған
Сайт әкімшілігі 13.01.2022, 18:02
Алматыда өртенген әкімдік ғимараты тазартылып жатыр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 13.01.2022, 11:17
Қарағандыда жедел жәрдем дәрігерлері Президенттен көмек сұрады.
Сайт әкімшілігі 12.01.2022, 16:06
Алматыдағы бүлік суреттері мен видеоларын қайда жіберу керегі айтылды

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30
  • Эпид ахуал күрделеніп барады. Бас санитардың қаулысы жарияланды
    14.01.2022, 08:39
  • Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
    13.01.2022, 09:08