Ағаштар шегініп барады

11.06.2018, 20:24

268

Ақмола облысы Зеренді ауданында  орман оталып жатыр.Жасыл аумақтағы қарағай мен қайыңды аман сақтап қалу үшін ауыл тұрғындары талай мекемеге шағымданған. Алайда,  бірнеше гектар орман ағаштарын аяусыз кесіп, орнына түк отырғызбай кеткен кәсіпкерлердің немқұрайлы әрекеттеріне биыл әкімдік тағы жол бергелі жатыр дейді жергілікті халық.[caption id=«attachment_12822» align=«alignnone» width=«1920»]Орманның оталуына қарсы ауыл халқы[/caption]Былтырғы жылдары Зерендідегі Ортағаш, Мәлік Ғабдуллин секілді ауылдардың орман ағаштары аяусыз оталған болатын. Енді тендер ойнатып, Қанай би ауылының аумағындағы ормандағы ағаштарды кесуге рұқсат берілмекші. Мұны естіген ауыл тұрғындары, әкімдікке наразылықтарын білдіріп, заңды мекемелерге шағымданған.  Мазасызданған халықтың наразылығы өршіп бара жатқандықтан  жауапты мемлекеттік мекеме басшылары ауылға келіп, жиын өткізді.[caption id=«attachment_12823» align=«alignnone» width=«1000»]Зеренді орманы[/caption] – Қазақстан аумағының небәрі 4 пайызын орманды алқап құрайды. Алайда, осыншама аз аумақты алып жатқанына қарамастан, бәзбіреулер оны жоюды көздейді. Ата-бабамыздан қалған киелі аулымыздың қалың ағашын қолы ұзындаулар келіп меншіктегісі келеді. Онысымен қоймай туған жерге көрік беріп тұрған орманды аяусыз кесіп, бас пайдаларына жаратпақшы. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», – дейді халқымыз.[caption id=«attachment_12824» align=«alignnone» width=«1920»]"Қанай би" ауылының тұрғындары[/caption]Ақша мен нәпсінің құлы болғандар, даналықты қайдан ұқсын.  Ал, шекпенді шенеуніктер осы пайдакүнемдердің сөзін сөйлеп әлек. Қайбір жетіскеннен жақтасын, қалтаға түсер оңай олжасын ойлап отыр. Орманды отағандарға шара қолданып, орнына көшет отырғызуды кім қадағалайды сонда? Елбасымыздың да арнайы  Жарлығы бар, жергілікті жердегі жер-суды басыбайлы меншіктемек түгілі, жалға алу үшін де сол жердің тұрғындарымен санасып, келісу керектігі туралы, –  дейді ашынған ауыл халқы.Тұрғындардың жарғақ құлақтары жастыққа тимей  осыншама алаңдауына негіз бар. Айтуларынша, бірнеше жыл бұрын көрші Ортағаш ауылының 17 гектар қайыңы мен қарағайын кескен «Каз лест» атты серіктестік егуге  тиіс көшеттерді отырғызбай кетіпті.[caption id=«attachment_12826» align=«alignnone» width=«1000»]Асқар Төкенұлы[/caption]«Қаншама қайың ағаш болды. Серіктестіктен келген орман отағыштар қайың мен қарағайды есепсіз кесіп, орнына көшет егеміз деді. Тіпті, дұрыс өсуі үшін көшет отырғызған жерді сырғауылмен қоршаймыз деп уәделерін де үйіп-төкті. Бәріне көндік. Сендік. Ақыр соңында оталған орманымыздың орнын сипап қалдық», – дейді Ортағаш ауылының тұрғыны Асқар ТӨКЕНҰЛЫ.Әкімдік өкілдері болса, жасалатын әрекеттердің заң шеңберінде болатынын айтып, тұрғындарды сабырға шақырды. Олардың мәлімдеулерінше, тек ғұмыры жеткен  ағаштар кесіледі және 1 гектардың орнына 2 гектар көшет отырғызылады.[caption id=«attachment_12827» align=«alignnone» width=«1000»]Лашынтай Дүйсенбай[/caption]– Қайың  40-50 жыл өмір сүретін ағаш. Жас қайыңды кесіп орнына көшет ексе, ол өсіп жапырағын жаяды. Ал, қартайып, шіріген қайыңның орнына еккен тал шыбықтар өспейді. Ағаштарды кестірмейміз деп, кәрі қайыңның орнына түк өспей, ормансыз қалу қаупі бар», –дейді Ақмола облысы орман және жануарларлар әлемін қорғау аумақтық инспекциясы жетекшісінің орынбасары Лашынтай ДҮЙСЕНБАЙ.Әкімдіктегілердің айтуларынша, бастаған жұмыстарын аяқсыз қалдырған «Каз лест» ЖШС-мен келісім шарт бұзылып, істері сотқа жіберілген. Ондай бассыздық Қанай биде қайталанбауы үшін тендерді ұтып алған серіктестіктің жұмысын қатаң бақылауда ұстайтын боламыз деп сендірді.   Ал, тұрғындар болса, өлкеге ерекше көрік беріп отырған орманның оталуына бұдан былай жол бермейміз деп бекініп отыр.Фотолар автордікі.МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39