Ағзаны улайды. Дәрігер дүкеннен қандай балық сатып алмау керегін айтты

Сарапшының пікірінше, мынадай балықтарды сатып алмаған дұрыс

Т.Раушанұлы

12.09.2023, 14:58

1098

1000.menu

Балық дұрыс тамақтанудың негізін құрайды, өйткені оның құрамында ағзаға қажетті микроэлементтер мен дәрумендер бар. Бірақ барлық балық адамға пайдалы дегенді білдірмейді. Олардан келетін қауіпті де ұмытпау керек. Эндокринолог Диляра Лебедева Doctorpiter-ге берген сұхбатында дүкеннен қандай балық сатып алмаған дұрыс екенін айтты.

Сарапшының пікірінше, мынадай балықтарды сатып алмаған дұрыс:

Өлексемен қоректенетін балықтар

«Бұлар жайын сынды балық түрлері. Олар ең лас су қоймаларында кездеседі. Тек өлекселермен ғана емес, адам қалдықтарымен де қоректенеді», — дейді дәрігер Дилара Лебедева өз блогында.

Ірі теңіз жыртқыштары

«Бұл акула, қылыш балық, тунец т.б. Олардың құрамында ауыр металл тұздарының ең көп мөлшері — сынап пен мышьяк бар. Ағазаны улайды», — деп ескертеді дәрігер.

Сазан тұқымдасына жататын өзен балығы

«Бұл тұқы балықтар. Бұл балықта қауіпті бауыр паразиттері кездеседі», — дейді маман.

Дәрігер  майшабақ, ақсерке, қызғылт лосось, скумбрия сынды балықтарды жеуге кеңес береді.

Сондай-ақ теңіз өнімдерінен қажетті микроэлементтерді балдырлар, кальмарлар, асшаяндар, устрицалар және ұлулардан алуға болады.

«Олар тез көбейеді, ұзақ өмір сүрмейді және зиянды заттарды жинақтауға уақыттары жоқ», — дейді Диляра Лебедева. 

Айта кетейік, бұған дейін дайверлер Тайвань жаңалауынан «ақырзаман балығын» тапқанын хабарлаған едік.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 15:31
Геология комитетінің төрағасы елдегі жерасты суының қоры қанша екенін айтты
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 12:57
Министрлер мен әкімдер қазақ тілін білуге міндеттеледі
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 11:40
Прокурор Қайрат Боранбаевқа 6 жыл сұрады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 23:15
Азаттықтың Орталық Азия қызметтері құрылғанына 70 жыл толуына орай медиафорум өтті
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:45
Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің соты басталды
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:03
«Камызяки» КВН командасының Қазақстандағы концерттері өтпейтін болды

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55