Ахметов Батырбаевқа «жеңіл жұмыс» тауып берді

13.11.2019, 13:49

24

Осыдан бірай шамасы бұрын ШҚО әкімі Даниал АХМЕТОВ Аягөз ауданына барған сапарында ауданәкімі Ділдәбек ОРАЗБАЕВТЫҢ жұмысына қанағаттанбаған сыңай танытқан еді. Тап солкезде өңір басшысы аудан әкіміне: «Сенжақсылап тұрып ойлан! Мүмкін мынау Аягөз қиындау болса, жеңіл жұмыс іздейік»,деп сынай қарап айтқан сөзі көптің есінде қалған. Бұл туралы «Жасалаш»сайтында жазылды да.

Дегенмен,қызметіне кіріскеніне алты айдың жүзі толған әкімді «ыстық-суығы» басылмайжатып, қайтадан алып кету өзіне де абырой әпермесін түсінсе керек, АхметовОразбаевқа қайтып «жеңіл жұмыс» туралы жақ ашқан жоқ. Есесіне, ол таяудаБесқарағай ауданына барған сапарында аудан басшысы Дәулет БАТЫРБАЕВТЫ қызметіненбосатып, орнына өзінің орынбасары Шалқар БАЙБЕКОВТІ тағайындап қайтты. АлБатырбаевты өзімен бірге ала қайтқан Ахметов оны ШҚО Энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының креслосына отырғызды. Тап осысәттегі Ахметовтің Оразбаевқа айтқан «жеңіл жұмысы» еріксіз еске түсті. Демек,Даниал КЕНЖЕТАЙҰЛЫ Аягөздің әкіміне айтқан боп тұрып, Бесқарағайда отырғанБатырбаевты «бері қайыруды» пайымдаған сияқты.


Шын мәніндеДәулет Батырбаев басшылығына келген ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдықшаруашылығы басқармасы облыстағы «ыстық нүктеге» айналған мекеме. Өйткені,аталған басқарманы бұған дейін басқарған екі шенеунік те парамен ұсталып,бастары іске шатылған болатын. Алғашқысы Алмат Арсламбаев бюджеттің 70,1 млн.теңге қаражатын қолды еткені үшін таяуда ғана Өскемен қалалық №2 сотыныңүкімімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте істеуқұқығынан өмірліккке айырылды. Одан кейін басқарма тізгінін 2018 жылдыңкөктемінен ұстаған Мұрат Мұсатаевта көп отыра алмады. 2019 жылдың көктемінен бері қызметінен шеттетілгеншенеуніктің тап қазір қандай жаза арқалағаны белгісіз. Бірақ, пара алу күдігінеілінгені туралы қауесет гулеп тұр. Айтпақшы, Даниал Ахметов Мұсатаевтытағайындар кезде оны облыс активіне «тәжірибесі мол, ұйымдастырушылық қабілетіжоғары маман» ретінде таныстырған еді.

Міне, осы мысалдарға үңілсек, аталғанбасқарманың «свежий» басшысы, 43 жастағы Дәулет Батырбаевқа бұйырған «жеңілжұмысқа» сергек қарауына тура келетіні түсінікті. Бұған дейін Ұлан, Бесқарағайаудандарының әкімі болған Батырбаев Ахметовтың сынына жиі ұшырайтыншененуніктердің қатарынан көрінгенін де ешкім ұмыта қойған жоқ.Ұлан ауданыныңәкімі болған тұста аудандағы Сібе көлін туристер тартатын аймаққа айналдыруғаенжар қарағаны үшін өңір басшысынан сөз естіп, «бір айға көл жағасына тұруға» (Ахметовтің сол кездегі айтқаны-авт) көшіпкете жаздаған болатын. Ал, Бесқарағай ауданынан кетер алдында Қарағайлыауылының тұрғындары ауыз су құбырын тартқан мердігер компанияның ауыл ішінқазып, шұңқырларын жаппай кеткенін әлеуметтік желіде жариялап жіберді. Батырбаевтың«жоғарылауына» бұл жағдайдың қатысы бар-жоғын қайдам, бірақ, Ахметов келерденбір күн бұрын ғана Қарағайлының орталық көшесі жөнге келтіріле бастағаны шындық.

Фотоларды автор ұсынды.

  



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 22:30
Ләззат Құсайынова – ғалымдардың жалақысын заңдастыру қажет
Сайт әкімшілігі 13:25
Нұр-Сұлтандағы жекпе-жек сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Бифат ЕЛТАЕВА 12:14
Балам ақылды болсын десе, әр ана бесік жырын айтуы керек-дефектологтың кеңесі
Сайт әкімшілігі 11:11
Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
Сайт әкімшілігі 09:13
Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 01.12.2020, 18:22
Ерте некенің ертеңі күмәнді

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04