Айдалада оқып жүр талай қазақ баласы...

14.04.2020, 08:09

70

Сын сағат «ЦифрлыҚазақстан» бағдарламасының осалдығын айқын көрсетті

Карантин кезіндеқашықтықтан білім алу үшін үйлеріне жіберілген Алматы облысының Кербұлақ ауданындағыШаған ауылының студенттері сабағын айдалада оқуға мәжбүр.

Сыртқы әлеммен байланыс орнатуға мүмкіндік беретінөркениеттің бірден бір игілігі бұл елді мекеннің тұрғындарына әлі күнге дейінқолжетімсіз. Жаһандық желіге қосылу үшін ауыл адамдары жақын маңдағы төбеніңбасына шығу үшін, жолсыз жермен тоғыз шақырым жүруге мәжбүр.

«Әлемжеліге қосылуға мүмкіндік беретін төбенің басынаавтомобильмен көтерілуге 40 минуттай уақыт кетеді. Егер оның басына шықсаң,Интернет толқындарын тарататын Қоғалы ауылын көруге болады. Қашықтықтан оқуүшін, үйлеріне жіберілген шағандық студенттер қазір таудың басында, таза ауадабілім алуда», — деп жазды әлеуметік желіге мұңын шаққан ауыл тұрғындары.

Сабақ оқуға баратын олардың әрқайсысы гаджеттен бөлек,төбе басынан ыңғайлы орын тауып, отырып, онлайн-дәріс тыңдау үшін өзімен бірге орындықнемесе тағы басқа заттар алып баруға мәжбүр. Шынын айтқанда, көп ретте,қойылған сұрақтарға жауап беруге ұйытқып соғатын жел кедергі келтіреді, соның салдарынан,оппонентің дауысын есту әркез мүмкін болмайды.

-   Біздің ауылдаинтернет ешқашан болған емес, – дейді студенттер. – Бұл бірнеше жылдан беріайта-айта, жауыр болған мәселе, талай рет қол жинап, арыз да жаздық, бірақ ешнәтиже шығар емес. Біздің мәселені шешуге шенділердің ешқайсысы басын ауыртуғаниетті емес. Қазір карантин салдарынан, ауылдағы студенттер, оқушылар,  мұғалімдер мен ата-аналар тоғыз шақырымжердегі көрші ауылға баруға мәжбүр. Екі ортада жөнді  жол да жоқ, әйтеуір, салынған із бар. Қоғалыдатуыстарың немесе таныс адамдарың болса, жолыңның болғаны, әйтпесе, сабағыңды ендалада, таудың басында отырып дайындайсың. Кейбіреулердің күнде баруғамүмкіндігі жоқ. Ал көлігі жоқтар тау басына амалсыздан жаяу көтерілуге мәжбүр. Бізбілім алып жатқан жоғары оқу орындары оқытушыларының бәрі бірдей бізді түсінебермейді. Өйткені бүгінде Интернет барлық жерде қолжетімді, қалыпты дүние. Оларбіздің ауылда оның әлі күнге дейін жоқ екендігіне күмәнмен қарайды. Кешесабақты арты қарға айналған нөсер жаңбырдың астында отырып, оқуға мәжбүрболдық. Міне, осылай амалдап, жүріп жатырмыз …

Бет қатталыпжатқанда: Күні кеше, Шаған ауылының тұрғындары сүйінші хабаржеткізді – ауылға интернет желісі жеткізілетін болыпты.

Ауыл тұрғындарының бірінің айтуынша, әлеуметтікжелідегі жазбадан кейін бұл іскен журналистер араласқан соң, Шағанға облысорталығы – Талдықорған қаласынан сала мамандары келіп, интернет желісін жүргізумүмкіндіктерін қарастырыпты. Нәтижесінде, ауыл маңын зерттеген мамандаринтернет толқындарын қабылдайтын мұнара орнататын жерді таңдапты.

-        Қуанышымызда шекжоқ, ауылымызға интернет келетін болды, бұл біз үшін үлкен жетістік. Ендібалалар мен студенттер ешқайда сандалмай, сабақтарын үйде отырып оқитын болады.Ал біз сырттағы ағайынмен қалаған уақытта хабарласу мүмкіндіге ие болдық, — дейді бізге хабарласқан ауыл тұрғындары.

Ал бұған біздің қосарымыз, Шаған ауылдық округорталығы Қоғалыдан 9 километр жерде орналасқан ауыл. Аталмыш ауыл округінеШағаннан басқа Көкбастау, Тастыөзек, Күреңбел ауылдары кіреді, округтегі жалпыхалық саны 5113 адамды құрайды.

Алматы облысы әкімдігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес,«Цифрлық Қаақстан» бағдарламсының аясында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамыалдағы екі жылда өлкедегі 828 ауылға интернет жеткізетін 15000 километр талшықтыоптикалық желі жүргізуі тиіс.


Думан ҚАЙЫР 


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 09:18
Бір тәулікте 716 адам коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52