08.06.2023, 15:26
1692
Былтырғы жылдың деректеріне зер салсақ еліміз гендерлік теңдік рейтингісі бойынша 80-орында тұрақтапты. 2006 жылы 32-орында тұрғанымызды ескеретін болсақ, соңғы 10 жылдықта гендерлік теңдік мәселесі әлі де жақсартуға жұмыс жасауға тура келетінін көрсетеді. Ал биыл, яғни 2023 жылдың қаңтар айындағы мәліметте елімізде 9,84 миллион әйел бар екен.
Қазақстанда осы гендерлік саясатты дамыту бағытында әлеуметтік зерттеулерді көбірек жүргізіп, қыз-келіншектердің талап-тілектері мен құқықтарын қорғап, теңдікті, әділдікті бірінші орынға қоя алатын қоғам қалыптастыра білуіміз керек.
Ендігі кезек әйелдердің саясаттағы рөліне келетін болсақ,
мемлекетіміздің саяси өміріне Қазақстан Республикасының азаматтарының барлығы тең дәрежеде қамтамасыз ету – елдегі демократия мен еркіндіктің, азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпал етеді.
Біздің үкімет әйел азаматтардың саясатқа, түрлі бизнеспен айналысуына, кәсіпкерлікпен, жоғары лауазымдық орындарға әйелдерді тартуға мүдделі және көп көңіл бөліп, ол үшін көптеген шаралар қабылдап, жылдан-жылға дамыту жолында түрлі бағдарламалар жасауда.
Қазақстан Республикасының президентінің бастамасымен 2020 жылы саяси партиялар туралы заңға өзгерістер енгізді. Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша партиялар мәжіліс пен мәслихат депутаттарына кандидаттар тізімін жасақтаған кезде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота қарастыруды міндеттеген болатын.
Соның шеңберінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 жылы 1 ақпандағы дерегінде көрсеткендей Қазақстан Республикасының сенатында 9 әйел, мәжіліс мінберіне 28 әйел депутат сайланып, жемісті қызмет атқаруда.
Сарапшының айтуынша, саясатта, әсіресе мәжіліс пен сенаттағы әйел депутаттар санын көбейтуден ұтатын жақтарымыз көп екенін айтады.
— Бізде әйелдердің құқығын қорғайтын заң бар. Бірақ сол бар заңды әйелдердің өздері пайдалана алмайтын кездер де болып жатады. Заңды дұрыс білмейді. Президент партиялар туралы заңға өзгеріс енгізген тұста саяси партиялардың депутат болудан үмітті адамдары тізімінде әйелдер мен жастардың үлесі 30 пайыз болуға тиісекені айтылды. Әйелдер осы құқығын пайдаланып, саясатқа араласады деген ойдамын. Сенатта, мәжілісте неғұрлым әйелдердің саны көп болса, олардың құқығы да соғұрлым көптеген мәселелер көтеріледі, – деді А. Омарова, заңгер, құқық қорғаушы.
Заң саласының мамандары еліміздегі әйелдердің құқықтық сауатын арттыруға көп күш жұмсау керектігін айтып келеді. Қыз-келіншектердің ерте күйеуге шығып, отбасына көп көңіл бөлетіні айдан анық. Жоғары дипломы қолында болғанымен, бала күтімі кезінде үйде отырып, қарайып қалатын кездер көп кездеседі. Сондықтан декреттік демалыстан шыққан әйелдерді құқықтық, бизнес, кәсіпкерлік іс жүргізуде сауатты мамандардан дәріс алуды ұйымдастырып, үздіксіз, жан-жақты дамыту мемлекеттің басты назарында. Олар үшін түрлі семинарлар ұйымдастырып, іс-шаралар жасалуда. Ал отбасы мен мемлекеттік қызметте күш-жігерлерін, білімі мен біліктілігін елдің өркендеуіне жұмсауға келгенде қыз-келіншектеріміз аянып қалмасы анық.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР