Әйел теңдігі әлі өзекті

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

16.03.2022, 08:52

453

Гендерлік саясатты іске асыру бүгінгі күні қоғамымыздың басты мақсаттарының біріне айналып отыр. Халқымыздың тең жартысын нәзік жандылар құрайтынын ескерсек, олардың күнделікті қызмет барысында, жалақы төлеуде, құқығын қорғауда теңсіздікке тап болмауы аса маңызды. Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде 9,84 миллион әйел бар екен. Бұл былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,2%-ға көп. Демек, үлесі онсыз да жыл санап көбейіп келе жатқан, жалпы халық санының 51,4 пайызын құрайтын әйел қауымының қоғамымызда өз орыны, тең құқығы  болуы аса маңызды. Сондықтан гендерлік теңдік сөзі де қоғамымыз үшін өзекті.

Атап өтер жайт, жоғары лауазымды қызметтегі қыз келіншек, әйел аналарымыздың саны аздап болсын көбейіп келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 жылы 1 ақпандағы ұсынған дерегіне сенсек,  Сенатта 9 әйел, Мәжілісте 28 әйел депутаттық мандатқа ие екен. Осы орайда атап өтсек, мемлекет басшысы үш жыл бұрын саяси партиялар туралы заңға өзгерістер енгізіп, мәжіліс пен мәслихат депутаттарына кандидаттар тізімін жасақтаған кезде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота қарастыруды заңмен міндеттеген болатын. Осы бір заңдық құжат бүгінгі күні әйелдердің саясаттағы жолына өзінің оң ықпалын тигізгенін байқаймыз. Жақсы қызметтердегі нәзік жандылардың үлесі артып келеді. Демек алдағы уақытта еліміздегі нәзік жандылардың мәселелері биік мінберлерден көтеріліп, депутаттық сауалдарға арқау болып, мәселенің тез шешімін табуына жол ашылдаы деуге болады.

Қазір елімізде ажырасудың көбеюінің соңы нәзік жандылардың материалдық жағдайсыз, бірнеше жыл бала бағудың нәтижесінде қызметке  қолы босамай кейін жұмыссыз, мамандықсыз қалып кетуі секілді мәселелердің туындауына себепкер болып отыр. Яғни еліміздегі әрбір қыз баланың дер кезінде білім алып, белгілі бір кәсіпке баулу жұмыстарын мектеп қабырғасынан бастап жүргізу қажеттілігі сезіледі.

«Қазақстанның тең құқық және тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қорының президенті Маргарита Өскембаева «көп жағдайда әйелдер тұрмыс құрған соң балабасты болып, кейін оқыған дипломын кәдеге жарата алмай, не кәсіптің көзін таба алмай, көшеде шиттей бала шағамен қаңғып қалмас үшін бәріне төзіп, тұрмыстық зорлық зомбылықтың құрбанына айналып, ер адамға тәуелді болып, озбырлық көрсе де балалары үшін бәріне шыдап, күні өтіп жатады. Ажырасқан күнде өзін өзі қамтамасыз етеріне сенбейді. Сондықтан мүмкіндік болса мектеп қабырғасында жастарымызды белгілі бір мамандыққа баулу жұмыстары жүргізілуі керек. Оқуға түсе алмай қалған жағдайда сол кәсібімен өзін өзі асырайтындай мүмкіндік тауып беру керек. Әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық елімізде өршіп тұр. Тіпті пандемия кезінде бұл мәселенің ушыққаны соншалық, ажырасушылар саны артты. Бұл титықтаған, бірін біріне артар өкпесі көп жанұялардың көбейгенін байқатады. Сондықтан қоғамымызда да отбасындағы тиранға жаза бар екені, отбасы беріктігі сыйластық екенін көрсетер бағдарламаларды көбейтіп, отбасының берекесі әйел екені жиі айтуымыз керек. Көп балалы және жалғызбасты аналарға төменгі пайызбен несие беру арқылы олардың шағын және орта бизнеспен айналысуына жағдай жасау қажет. Рас мұндай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ тым аз бөлікті қамтудамыз. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және қаржылық ресурстардың қолжетімділігін арттыру жұмыстары тезірек шешілуі керек. Кез келген сәтте олардың қамқорлықсыз қалып қоюының алдын алуымыз керек» дейді.

          Елімізде әйелдерге жалақы төлеуде де теңсіздік мәселесі байқалған. Ranking.kz мониторинг агенттігінің мәліметінше, өткен жылы елдегі ер адамдардың жалақысы әйелдерге қарағанда 22%-ға жоғары болған көрінеді. Бұл да болса гендерлік саясаттың бір мәселесіне айналып отыр. Сондықтан мамандар «гендерлік тепе-теңдікті қалыптастыру туралы заң қабылданып, еңбек кодексіне және өзге де заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілу керек. Әйелдердің жалақысының ер адамдардікімен тең болуы заң жүзінде реттелуі қажет» дейді. Бұл да болса бүгінгі күні өте өзекті мәселе екенін аңғарып отырмыз.

          Жалпы гендерлік саясатты жүзеге асыру демократияға жетудің негізгі қағидаларының бірі екенін ұмытпағанымыз жөн. Халыққа гендерлік құқықтар мен бостандықтар туралы, гендерлік білім жөнінде белсенді түрде ақпарат беру қажет. Сонда ғана гендерлік саясатқа қатысты халқымызда дұрыс көзқарас қалыптасады.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01