09.08.2021, 18:36
6129
Бүгін отандық белгілі журналист Қалыбек Атжан өмірден өтті.
Қалыбек Атжан өзінің Фейсбуктегі парақшасында «Мына кісіні білесіздер ме? Біреулер салып жіберіпті. Осы ханымның айтқанын істеймін деп, нашарлап қалдым» деген сарында жазба қалдырған болатын.
Артынша блогер Ильяс Мыңжасаров Фейсбуктегі парақшасында инстаграмм арқылы танылған реаблитолог-дәрігер Айна Бакеева туралы былай деп жазды:
— Айнаның барлық жанкүйерлеріне және оны өзінің құтқарушысы санайтындардың назарына.
Бір адамның денсаулығы қалпына келе бастаған. Содан кейін, Айнаның жаттығуларын орындағаннан кейін кенеттен жағдайы нашарлай түскен. Ал бүгін ол арамызда жоқ. Ол кісі құрметті журналист еді. Мен бұл адамды танымағанмын, бірақ таңертеңнен бүкіл лента сол кісі туралы болды.
Міне, WhatsApp арқылы тараған ақпаратқа деген сенімнің салдары.
Әрине, «кейін» деген сөз «нәтиже» дегенді білдірмейді. Мен «вакцина жасап, содан кейін басыма кірпіш құлады» дейтін антиваксерлік логикаға да түскім келмейді.
Бірақ вакциналарға қатысты тексеруші органдар, журнал басылымдары және өндірушілердің жауапкершілігі бар.
Дәл осы жағдайда біз адамдарды жаңылыстырып, түсінбеушілік туғызатын мүлде біліксіз адамды көреміз. Бұл әйелдің кеңесіне байланысты тағы қанша адам өмірмен қоштасқаны белгісіз.
Құзырлы органдар оның сөздеріне талдау жасап, егер біліксіздіні анықталса, қажетті шараларды қабылдауы қажет.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР