«Айсұлтан Назарбаев кінәсін мойындады»

23.09.2019, 08:14

43

Лондон полициясы бұзақылық жасады деп айыптаған Айсұлтан НАЗАРБАЕВ ісі туралы жаңа дерек жариялады.Британиялық Mail Online сайтыныңжазуына қарағанда, «маусымның 5-інде Лондон орталығындағы Covent Garden-дегібөгде адамның пәтерінде ұсталған 29 жастағы Айсұлтан Назарбаев полицияқызметкері Росс Сэмбруктың қолын қатты тістеп алған. Офицердің қолында қан ізіқалған деп мәлімдеді Саузуорк корольдік соты”.

Прокурор Грегор МакКинлидің айтуынша, Назарбаев Тависток көшесіндегіпәтерде ұсталған. «Онда полиция қызметкерлерімен төбелес болып, офицерлердіңбірі қатты жарақат алған». МакКинлидің айтуынша, полиция Назарбаев пәтергеұрлыққа түсті деп ойлаған.

Бұның алдында екі күн бұрын ғана International Park Plaza қонақүйінешақырылған полицейлерді Айсұлтан Назарбаев балконнан секіремін деп қорқытқан.

Прокурордың айтуынша, енді Қазақстанның ресми орындары Лондон қалалық полициясыменбайланысып, оны «жай ғана депортациялауды» сұрап отыр.

Айсұлтан Назарбаевтың қорғаушысы Алисдар УИЛЬЯМСОННЫҢ айтуынша, Қазақстанүкіметі тергеушілермен ынтымақтасып келеді және олар «Британия билігі паспортынтартып алған соң Назарбаевқа жаңа паспорт бермейтінін айтқан».

«Бұл — бір түсініксіз жағдай. Полицейлеркелгенде айыпталушы пәтерде болған. Пәтерден ештеңе ұрланбаған, бірақ (пәтерге)аздаған зақым келген, шығын сомасы 5 мың фунт шамасында деп айтылды» дейдіУильямсон.

Судья Мартин БЕДДОЙ 29 жастағы жігіттікепілдікпен босатудан бас тартып, оның Priory Hospital ауруханасында есірткігетәуелділіктен емдету жөнінде ұйғарымға келген.

«Бұл жағдай есірткінің әсерінен болдыдеп айтуға толық негіз бар деп ойлаймын. Айыпталушының халі өте нашар болған.Бұл айыпталушының А санатындағы есірткіні қолдануына орай ауыр проблемасы бар»деген судья.

Басылымның жазуынша, «Айсұлтан Назарбаев шабуыл жасағанын, адамденсаулығына зиян келтіргенін және мүлікті бүлдіргенін мойындаған. Енді олқазанның 18-і күні үкімді естуге сотқа әкелінбек».

Фото: azattyq.org

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.12.2020, 10:29
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 14:12
Әкімнің бірінші орынбасары сотталып жатыр
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 13:02
COVID-19: Қазақстанда вакцинациялау 2021 жылы басталады
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 04.12.2020, 12:13
Қытайдың шірімейтін азық-түлігі ағзамызды ірітіп жүрмесін
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 09:35
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
Бифат ЕЛТАЕВА 04.12.2020, 09:24
«Денсаулық министрлігі халықтың денсаулығын емес, дәрі сатуды ойлап отыр»

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11