«Әкім араласқан жердің Абайға бес тиынға қажеті жоқ»

02.09.2019, 14:16

5

 «Той– халықтың қазынасы». Қазақ халқы тойға әрқашан ерекше жомарттықпен, айрықшакөңілмен қараған. Тәуелсіздік алған елең-алаң шақта темір құрсаудан жаңа шыққантәуелсіз ел үшін тойдың мәні ерекше еді. Абайдың 150 жылдық мерейтойы тұсындажазған «Абайдың тойы» атты мақаласында Мұхтар Мағауин: «… Тәуелсіздік лебікөкірегіне нұр төккен алғашқы жылғы Алаш мерейі өзгеше болды. Сол мерейдің,қуаныш пен тәубаның ең үлкен көрінісі – ұлттық мереке дәрежесіне көтерілгенатаулы тойлар еді. Абылай ханның асығыспен, мезгілінен бұрын өткізген 280жылдық тойы, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек батырлардың,Бұқар жыраудың, Ақан серінің, Мағжан ақынның мерейлі астары, Салқам Жәңгірдіңмоңғол-қазақ соғысының ұлы жеңісінің 350 жылдығы, бұлардан басқа, ту көтеріп,әртүрлі дәрежеде, әрбір аймақта өткізілген атаулы мерекелер – бәрі бір-ақ той –Алаш жұрты аңсап жеткен Тәуелсіздік тойы болатын», – деп жазады. Расымен, солайболғанға ұқсайды. 1995 жылы өткен Абайдың 150 жылдық мерейтойы да қазақ даласындүркіретіп өтіпті. Әртүрлі пікірлер де айтылыпты. Бірақ сол кезде шыққанАбайдың академиялық екі томдығы, Тұрсынжан Шапайдың «Анық Абайы», БекенИсабайұлының «Ұлылар мекені», Мұхтар Мағауиннің «Абай тойы» сияқты еңбектерібүгін бізге сол тойдың тәбәрігі ғана емес, руханиятымыздың үлкен еңбектеріретінде жетіп отыр. Ол тұста «Абай» энциклопедиясы да жаңара бір шыққан.

Тәуелсіздікке енді жетіп, айналасын қымтап, өткенін қайтақарап, жоғалтқанын түгендеп жатқан қазақ үшін ол кездің тойлары асып-тасыптөгілу емес, идеологиялық бір сипаты болған сияқты. Осы астанамызда өткен біржиында мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің сол тойларды қалайұйымдастырғандарын айтқан сөзі есте. Экономикалық тұрғыда қиын шақта, саясиахуалдар да жиі өзгеріп тұрғанда халықтың басқа бір дүниемен әуре боп жүргенікерек еді дегенге саятын пікір айтқан. Расында да, содан бері қазақ жеріндебәленбай батырдың, қанша ақынның, бидің, ханның тойы өтіп жатыр. Әркім аталарынтүгендеп, ат шаптырып, той жасап жүр. Содан бері 30 жыл өтіпті. Енді дәл сондайтой жасаудың маңызы бар ма? Әр облыс, әр қала тарту-таралғысымен келіп, ондағанкиіз үй тігіп, тіпті жүздегенін тіксе де, халық бір ойнап-күлер. Одан өзге неқалады? Бұдан бізге қалар дүние зерттеулер, деректі фильмдер, ақыншығармашылығын насихаттау жұмыстары түбегейлі жүрсе болмай ма екен? Біз бәрібірдәстүрлі өтіп жүрген той формаларынан қаша алмаймыз. Бірақ халық құр тойғаалданып, бұрынғыдай отырмайды. Бұл тоймен халықты алдаусыратамын деп ойлаубекершілік. Қазір біз осы тойды сылтаурату арқылы халықтың, ғылымның жағдайынтүзеуді ойлауымыз керек-ау.

Күні кеше Абайдың 175 жылдығын өткізу туралы президентҚасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы, артынан сол тойдың өтуіне жауапты комиссияқұрылып, мүшелері де жария болды. Ал енді сол комиссияға кімдердің мүше болғаныда қызу талқыланды. Комиссия құрамында  мемлекеттікхатшы, президенттің баспасөз хатшысы, үкіметбасы мен төрт министр, барлық облысәкімдері, үш негізгі қаланың әкімі, ғылыми институттардың басшылары жәнебірен-саран қаламгерлер. Арасында бірде-бір абайтанушы жоқ. Енді осы комиссияАбай тойының мәнді өтуінің, содан ғылымда, руханиятта мәңгі бір дүние қалуынажауапкершілікпен қарай ма? Ол үлкен сұрақ. Әрине, ертең той өткен соң, сыншыларытабылады. Тіпті артылып түседі. Сол сынға дейін де жүйелі жұмыстар атқарылуытиіс қой.

Тамыз айының басында Семейге, Бөрілі, Жидебайға арнайыбарып келдік. Бірақ әлі ешқандай жұмыс басталмапты. Жоспар жасалып жатыр екен.Семейдегі Абай музейі, қаламгерлердің туған жеріндегі музейлер де күрделіжөндеуді талап етіп тұр. Солардың әлі бірде-бірі басталмаған. Не болса да,келер жылы тапырақтаған жұмыс басталғалы тұр. Сол асығыстық ішінде біразқателіктер кетіп, тағы Абай тойы сынға ұшырамаса екен дейсің.

Абайдың тойы – бір ақынның мерейтойын тойлау емес. Қазақхалқының рухани деңгейін анықтайтын сәт. Осы бір өлшем болса, қай шкаладатұрғанымызды ойлаудың өзі кейде жүрекке қорқыныш ұялатады. Абай туралы сериалтүсіреміз деп, соның сценарийіне бәйге жариялады. Меніңше, дәл қазір ондайсериалдың бізге керегі жоқ. Одан да деректі фильмдер циклын жасауымыз қажет.Жүйелі, Абайдың туысы мен өлімінің арасындағы барлық нәрсесін қамтитын деректісериал керек. Ал көркем дүние қай кезде де жасалып, түсіріле береді. Дәл қазірекі сұрағымыз бар: Абайдың тойы қалай тойлануы керек? Комиссия құрамындағы лауазымдытұлғалар жауапкершілікті сезіне ме?


ТұрсынЖұртбай, абайтанушы-ғалым:

1.Абайдың тойы салиқалы, дұрыс өтуі тиіс. Оның жоспарынсол комиссия жасайды. Ол тойды қалай өткізейін деп жатыр, солар айтуы тиіс.Абайды дұрыс түсінуіміз керек. Ұлт ретінде. Соны жасасын. Байділдә деген біреушығып, «Абай да ескірді» дейді. Соның әр айтқан сөзіне жауап берілуі керек.Қазақша білмейтін адам Абайды қалай түсінеді? Екінші, Ләйлім шырақ қызымызбастаған эстафета аяғына дұрыс жетуі тиіс. Еңбек соныкі.  Үшінші, Абайдың академиялық екі томдығынҚирабаевтар тірі кезде қайта шығару керек. 1995 жылы шыққан екі томдықта кеткенқателіктерді сол кісі біледі. Сейіт Қасқабасов араласуы керек. Ол ҚайымМұхамедханов араласқан кітап. Жобаға келетін – сол қара екі кітап.

Қазір Абайды кім көрінген мысал етіп алатын болды. Дұрыстүсінбейді. Ақындарымыздың өзі Абайды ескі деп қарайды. Сонда біз қайда баражатырмыз? Абайдың туған күніне сонша тартыстық. Кәкітайдың, Мұхтардың білімінсыйлауымыз керек қой. Жоқ, құр сөз, даурықпа. Сондықтан бұл той ойын-сауық,күлкі емес, Абайды түсіндіретін шаруа болуы тиіс.

2.Комиссия мүшелерінің тізімін көрген жоқпын. Бірақ әкімараласқан жердің Абайға бес тиынға қажеті жоқ. Әр облыстың тартқан сыйы, бөлгенақшасы, тіккен киіз үйі Абайға керек пе?!.


БауыржанЖақып, ақын:

1.Абайдың 125 жылдығы керемет өткен еді. Сол тойдағыболған жайттар әлі күнге дейін ел ішінде аңыз болып айтылады. Мысалы, сол тойғаБауыржан Момышұлының қатысқаны, аламан бәйгедегі Бошай Кітапбаев аттарыныңшабысы, атақты айтыскер ақын Қалихан Алтынбаевтың:

«Туғызған Шыңғыс Мамайды,

Туғызған Шыңғыс Абайды,

Одан кейін туғызған,

Мұхтардай Гималайды,

Енді халқым не дейсің,

Туғыз дейсің бе Құдайды», – деген суырыпсалма өлеңжолдары, басқа да көп әңгіме қалған. Ал Абайдың 150 жылдығына өзіміз куәболдық. Қарауылтөбенің қасына құрылған ақ шаңқан киіз үйлердің қалашығы, ЮНЕСКОдеңгейінде аталып өтуі, барлық облыстардың атсалысуы, Абай-Шәкәрім кесенесініңашылуы, Ұлттық ат спорты ойындарының, халықаралық айтыс, мүшәйралардың дүбіріәлі күнге басылған жоқ. Келер жылы өтетін Абайдың 175 жылдық торқалы тойындағыбасты мәселе Абайды әлемге таныстыру болса керек. Абай өлеңдерін БҰҰ-ның алтытіліне аудару ісі басталып кетті. Абай туралы жазылған әдеби-көркем, ғылыми-зерттеушығармаларының шоғыры жинақталып шығарылуы керек. Абай тойы елдің рухынкөтеретін, халықтың еңсесін биіктететін, керек болса қазақ халқының әлемалдындағы бейнесін жарқырата көрсететін той болуы қажет. Ол ғасырлар бойысақталып келе жатқан өнеріміз бен дәстүрімізді дүниеге паш етудің үлкенмүмкіндігі. Абай тойы ой мен парасаттың, Абай армандаған кемелдікті көрсететінтой болуы керек. «Абай» энциклопедиясы жаңартылып жарық көрсе, абайтанудағығылыми еңбектер жинақталып шығарылса, Абай туралы көркем фильм түсірілсе, халықаралықайтыс пен халықаралық мүшәйра өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді. Абай жүріпөткен жерлердің заманауи туризм маршруты жасалса, оған мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктұрғысынан қолдау көрсетілсе деймін.

2.Мемлекеттік комиссия құрамымен танысып шықтым. Өтеқұзырлы, салиқалы комиссия екен. Барлығы да жауапкершілікті терең сезінетінадамдар. Еліміздің әр облысы атсалысып, қазақ халқының бірлігін көрсететін той бұл!


БолатМүрсәлім, журналист:

1.Аспирант кезімде академик Сейіт Қасқабасов ағамыздыңкабинетіне бардым. Біраз әңгімелестік. Жастық максимализммен «өйту керек, бүйтукерек» деп, әдебиет, өнер, ұлт төңірегіндегі «мемлекеттік шаралар» туралыойларымды айттым. Ағамыз күлді. «Андағыларың квасовый патриотизм. Әуезов құркөпіршіп тұратын мағынасыз дүниелерді «квасовый патриотизм» деуші еді» депнақтылай түсті. Әрине, бұл теңеу сол кезде менің намысыма тиді. Бірақ академикақсақал дұрысын айтыпты.

Абайдың, әл-Фарабидің, Жошының тойын жасағанымыз дұрыс.Бірақ мен кейде солардың ұйымдастырылу жағына қарап, олардан сол Сейіт ағамызайтқан «квасовый патриотизмнің» сипатын көремін. Халықтан мүлдем алыстап кеткенбилік соларды өткізсек, жаны қиналып отырған ел бізді жақсы көріп кетеді депойлайтын болса керек.

Абайдың 150 жылдығы қарсаңында 10-сыныпта оқыдым. Әдебиетпәнінің мұғалімі Абай мен оның төңірегі, шығармашылығы туралы газет-журналдарғашығып жатқан дүниелерді қызықтыра әңгімелеп, әр балаға Абайдың 100 өлеңінжаттауды міндеттеді. Меніңше, Абай тойын жалпы халық болып атап өту осындайшынайы дүниелерден тұруы керек. Ал әдеби қауым өзінше пікірталас майдандыбастаса… Амал не, қазір абайтанумен айналысатын отыз бен қырықтың ортасындағыәдебиетші тұрмақ, жалпы әдебиет туралы пікір жазатын адам некен-саяқ.

2.Әркім Абайды өзінше түсінеді, Тоқаев пен оның төңірегіөзінше түсінеді. Мекемтас ағамыз бастаған абайтанушылардың көзқарасы бір-бірінесәйкеспейді. Бұл заңды дүние. Бірақ Абай тойын тойлау оның комиссиясын дұрысқұрудан басталуы керек еді. Абайдан қандай тағылым алуға болады, Абайды қайтіптанып һәм елге таныта түсу керек деген мәселеде, айталық, ЛРТ-мен басы қатыпжүрген Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қандай ой айтуы мүмкін? Мұндайкомиссия Абайды халықтан одан бетер алыстатып, пұт жасаумен айналысады депойлаймын.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегімемлекеттік комиссияның құрамы:

Мемлекеттік хатшысы, төраға. Президентіәкімшілігінің басшысы, төраға орынбасары. Премьер-министрінің біріншіорынбасары – қаржы министрі, төраға орынбасары. Мемлекеттік хатшысы хатшылығыныңмеңгерушісі, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелігінде Премьер-министрінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, «Nur Оtan»партиясы төрағасының бірінші орынбасары, төрт министр, үш мегаполис пен он төртоблыстың әкімі, қоғамдық ұйымдар мен ғылыми институттардың директорлары, ұлттықуниверситеттің ректорлары және Әуезов Мұрат, Есім Ғарифолла, Қасейінов Дүйсен, ҚыдырәліДархан, Сатаев Ахан,  Сейсенбаев Роллан, СүлейменовОлжас сияқты ғылым мен өнердің қайраткерлері бар.

Фотоларды автор ұсынды.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 11:05
МӘМС аясында қандай медициналық көмекке жүгінуге болады
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:59
Соңғы бір тәулікте 364 адам пневмонияға шалдыққан
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:43
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 22.09.2020, 10:29
БЖБ мен ТЖБ-дан шаршадық
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:16
«Таза Қазақстанға» айналамыз ба?
Алмасбек ЕРБОЛАТҰЛЫ 22.09.2020, 10:02
Қордаланған қоқыс мәселесі қашан шешімін табады

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27