«Әкім балалар алаңқайын заңсыз алып алған»

31.12.2019, 09:37

75

Қарағандыда «Зира» мейрамханасы төңірегінде даутоластамай тұр. Бұған дейін өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі кәсіпкер Әсел МАЙЖАҚАНОВАНЫҢ президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТАНкөмек сұрағанын хабарлағанеді.

Қоғам белсендісі Галина ПАК «Зира» мейрамханасыныңқожайыны қалалық балалар алаңқайына тиесілі жерді қайтарғысы келмей түрліамалға көшті деп отыр. Галина қарағандылық балғындарға арналып жасалған«Сказка » балалар алаңқайының "ұлтарақтай" жерінкәсіпкерден қорғап келеді. Ол бірнеше жылдан бері балалар алаңқайының жанындағы«Зира» мейрамханасының қожайынымен осы жер үшін соттасып келе жатыр.Айтуынша мейрамхананың қожайыны Октябрь ауданының бұрынғы әкімі Әлімжан ҚАНАЕВзаңды белшесінен бұза отырып, балалар алаңқайына тиесілі жер бөлігін өзінеқосып алып мұнда жазғы дәмхананы салған. Бейресми деректер негізінше ӘлімжанҚанаев аудан әкімі болған кезде мейрамхана оның бұрынғы жұбайының атындаболған. Зейнеткер Галина Пак әуелгіде даудың басы «мейрамхана қожайынынаналаңқайға балаларға доп сатып алу үшін демеушілік етуін өтінгенімізден  шықты» дейді. Айтуынша сол кезде ӘлімжанҚанаев «жерді бермесеңдер демеушілік етпеймін» деп мәлімдеген. Кейін бұрынғыәкімге сол кездегі қала билігі жерді сатып жіберген.

«2005 жылданбастап,  осы жер үшін күресіп келемін.Сол жылдары Қарағанды әкімшілігі бұл жерді кәсіпкерге сатып жіберген. Бұл жертіпті сол маңда тұратын тұрғындардың үйлеріне тиесілі аумақтың жері. Соттасыпкеле жатқанымызға бірнеше жыл болды. Аудандық, облыстық сот жер қайтарылсын депшешім шығарған. Бірақ тағы Әлімжан Қанаевтан мейрамхананы сатып алған кәсіпкерМайжақанова аппеляцияға шағымданудан шаршар  емес. Қазір облыстық сотөтіп жатыр. Тіпті ол өз өзіме қол жұмсаймын деп қорқытып үркітуден тайынар емес.Түрлі әрекетке көшкен. Ал сол жерді заңсыз алған Әлімжан Қанаевтың әкесіелімізге танымал ірі шенді шенеуніктің бірі Серікжан Қанаев. Бұлда заңдыбелшесінен басуға әсер еткен болар»,- деп мәлімдеді Жас Алаш сайтына сұхбатберген қоғам белсендісі Галина Пак.

Ал қала билігі «кәсіпкерлігіме кесірін тигізіп жеріметаласып отыр»  деген мейрамхана иесі ӘселМайжаканова соңғы үмітім қалғанша сотқа шағымдануды тоқтатпаймын деп бекініпотыр.

Фотоны авторұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:00
Қазақстанда салалық журналистиканы дамытуға ниеттіміз – Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:30
Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны мыңнан асты
Еркежан АРЫН 18.01.2021, 17:16
Қорқытып, айыппұл салмай, құқық бұзушылықтың алдын алу керек
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 10:57
Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 09:11
Дәрігер коронавирустың жаңа асқыну белгілерін айтты
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 09:07
24 875 адам короновирус инфекциясынан емделуде, 294 науқастың жағдайы ауыр

Аңдатпа


  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33