20.12.2019, 06:38
254
Қызылорда қаласының орталық алаңындағы бас шырша 24 желтоқсан күніжағылады. Оның биіктігі 23 метр, ені 10 метр.
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек НӘЛІБАЕВбұл шыршаға бір тиында шығармаған. Бұл шырша қайта жасақталып,тек жаңа ойыншықтармен безендірілмек. Бұдан өзге ұзындығы 10 метрлік тағы датөрт шырша орнатылмақ. Олар да қолда бардан жасалмақ екен.
Қала әкімдігі шырша алмаса да, жаңа жылдың дайындығына миллиондарды аямапты. Кейбірөңірлер мерекеге дайындалу үшін демеушілердің көмегіне жүгініпжатса, қызылордалық шенділер тек қаланы безендіру мен билбордтарілудің өзіне қала бюджетінің 4 млн 600 мың теңгесін жұмсайды. Бұл сомма ішкісаясат бөлімі мамандарының «Жас АЛАШ» тілшісіне берген ақпаратындажазылған. Соңғы екі жылдың өзінде осы мереке үшін қала бюджетінен 9,1 млнтеңге бөлінді.
Коллаж: zhasalash.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР