Әкім Нәлібаев вице-премьер сияқты аяқ-киімін шешпейді

11.11.2019, 14:56

137

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ қасынаорынбасарын ерітіп қаладағы бірқатар мемлекеттік мекемелерді аралады. Бұлтуралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі хабарлады.

Сонымен қатар әкім Нәлібаев  «Баламекен» тұрғын ауданындағы көпбалалыаналардың баспанасына да бас сұқты. Баспана сапасы мен жылу жүйесінтұрғындардың өз ауызынан сұрап білді. Бір қызығы қарапайым тұрғынның үйіне әкімде, орынбасары да, аяқ киімдерін шешпестен кіріпті. Шенеуніктер өте асығысы паекен, әлде қандайда бір үйге келгенде аяқ-киімді шешу керектігін білмесекерек-ті.


Бұл көрініс Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімініңфейсбук парақшасында жарияланған бейнежазбадатұр. Видеода  көпбалалы ана әкімгемәселесінің жоқтығын, баспанадағы жылудың жақсы беріліп тұрғанын айтады. Ал қала басшысы мен орынбасарының  жылы үй ішінде неліктен аяқ киімменжүргендері түсініксіз. Бірақ  қыстық аяқкиіммен тұрған әкіммен диалог құрған үй иесінің шұлықпен жүргенін жазбадан анықкөруге болады.

Бұданбөлек, қала әкімі мектептер мен емхананы да аралап шықты. Айтпақшы, 2018 жылы сол кездегіпермьер-министрдің орынбасары Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА мен еңбек және әлеуметтікқорғау министрі Бердібек САПАРБАЕВ Атырауға жасаған сапарларынан кейін қоғамдықсынға қалған еді. Шенеуніктер көпбалалы отбасылардың үйіне аяқ-киімдерін шешпейкірген болатын.

Фото: kyzylorda-news.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәлік ОТАРБАЕВ 14.04.2021, 16:07
БІЗ КҮТКЕН БАҚЫТ
Сайт әкімшілігі 14.04.2021, 10:33
Қазақстанның 8 өңірі "қызыл" аймаққа енді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 13.04.2021, 09:44
Итке неге «иттік» жасадық?
Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 09:25
Коронавирус жұқтырған 569 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 09:14
Оқығанмен жағдай жасалмайды. Ауыл шаруашылығы мамандығын игергендер жұмыссыз қалып жатыр
Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 08:58
Қазақстанда өткен тәулікте 2290 адамнан коронавирус анықталды

Аңдатпа


  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03