Әкім Нәлібаев және 92,9 бен 8,6 %

07.12.2019, 16:33

355

Сыр өңірінде сыбайлас жемқорлықбойынша қылмыстық істер көбіне облыс орталығы Қызылорда облысында тіркелген. Бұндайақпаратты Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстарбөлімі таратты.

2019 жылдың 3-ші тоқсанқортындысы бойынша 35 адам сотталған. Олардың он алтысы орталық атқаруорганының қызметкері.

Статистикалық мәліметтергесүйенсек облыста 114 іс тіркелген. Алайда, Қуанышбек ЫСҚАҚОВ бастағаншенеуніктер бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда аз деп өздеріне жұбатсакерек. Өңірде ең көп қылмыс Қызылорда қаласында жасалған. Сыбайлас жемқорлыққақатысты 106 қылмыстық іс тіркелген. Яғни 92,9% іс Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ басқаратынқалада жасалған. Қалғандары Қазалы ауданы (7 қылмыстық іс, пайызға шақсақоблыстағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық істің 6,1%) менШиелі. Шиеліде бар-жоғы бірақ факті тіркелген.

Арал, Қармақшы, Жалағаш,Сырдария, Жаңақорған қоғам болып күресіп жатқан індеттерден таза екен.

Алты жылдан бері Қызылорданыбасқарып келе жатқан Нұрлыбек МӘШБЕКҰЛЫ тәжірбиелі әкім. Одан бұрын Шиеліауданын басқарғанын және Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болғаны баршағааян. Алайда, облыс орталығы болғандықтан ба, қалада жемқорлыққа бейімдержойылмай тұр. Бәлкім Қазақстанның үш облысын басқарған ағасы БердібекСАПАРБАЕВТАН мастер-класс алу керек пе екен.

Алайда, республика бойынша облысорталығының көрсеткіші Қызылорданың рейтингіне бәлендей әсер ете қоймапты. Үшқала, он төрт облыстың ішінде Сыр өңірі сегізінші орынға жайғасыпты. Ең көпжемқорлыққа батқан Алматы қаласы екен. Одан кейін Ақмола мен Шығыс Қазақстаноблысы. Қызылорда облысына Қазақстан бойынша сыбайлас жемқорлық бойыншажасалған қылмыстық істің 8,6 % ғана тиесілі.

Фото: kyzylorda-news.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:50
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Сайт әкімшілігі 10:43
Ауыл халқы екі жылдан бері қоғамдық көлікке зар болып отыр
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 09:07
Алматыда Түрксіб ауданы қоқыстан арылмай тұр (видео)
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.08.2022, 09:24
Жұмыссыздықты төмендету - жастар саясатының басым бағыты
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 09:00
Мектеп формасының құны 25-30% қымбаттады
Әділ АҚЫЛБАЙ 05.08.2022, 08:28
"Жасыл Қазақстан": Су ресурстарын басқару жөніндегі жобаның берері мол

Аңдатпа


  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55