Әкім Қошанов заңсыз ақша жинаған Балсариевке қандай жаза қолданады?

30.07.2019, 05:32

5

Қарағандыоблысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма бастығы Қанат БАЛСАРИЕВ  үш жылда 462 мың теңгені қарамағындағылардан заңсызжинап алған.

Әдепжөніндегі кеңесте облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бастығы ҚанатБалсариевке қатысты іс қаралды. Оған қарамағындағы мамандардан 2016 жылдан 2018жылға дейінгі аралықта заңсыз ақша жинады деген айып тағылды. Сотқа дейінгібухгалтерлік сараптама қорытындысының есебі бойынша заңсыз  жиналған қаражаттың жалпы соммасы 462 мыңтеңге.

«Қанат Балсариевтің заңсыз ақша жинау фактісі тексерукезінде толығымен анықталды. Зардап шеккендер мен инспекцияның басқа бөліміндегікуәгерлер арқылы айғақтар шықты», — деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істеріжәне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл департаментінің  бас маманы Айдын СМАҒҰЛОВ.

ҚанатБалсариевтің заңсыз ақша жинағанынан шаршаған қол астындағы еңбек инспекторларықұзырлы мекемелерге хат жазған. Осыдан кейін тергеу басталған болатын. Соныменқатар, Әдеп жөніндегі кеңесте бұған дейін бір рет Қанат Балсариевтің ісі қаралғанеді. Алайда ол жолы Қанат Балсариев сырқаттануына байланысты келмей қалған. Ісімай шаммен қаралғалы отырған бастық осы жолыда әдеп кеңесінде қаракөрсетпеді.Тек ол әдеп кеңесі мүшелеріне хат жазып жіберіпті. Хатындамамандардың ақшаны өз еріктерімен жинағанын әрі бұл қаражаттың кейбірәріптестерге материалдық көмек ретінде және ұжымдық шараларды ұйымдастыруғакеткенін түсіндіріпті. Хаттың соңында Қанат Балсариев ұлы Абайдың адамзаттыңбір біріне дос бауыр екендігі жөнінде айтылған сөзін мысалға келтіріпті.

ДегенменӘдеп жөніндегі  кеңеске келген еңбекинспекторлары бастықтарына қарсы пікір білдірді.

«Осы еңбек инспекциясында жұмыс жасап келе жатқаныма онжыл болды. Бұл мәселе шындық. 2018 жылдың желтоқсанына дейін біздің бастығымызақша жинап келді. Біз тиісті органдарға шағым түсіргеннен кейін, тексерукелетінін біліп, ол соңғы уақытта ғана жиналған ақшадан біздің атымыздан депқайтыс болған әріптесіміздің отбасына берді. Сондықтан оның бүгінгі жазған хатыөтірікке толы деуге болады. Балсариев өзіне қарсы хат жазғандарды қазіргіуақытта қудалап отыр», — дейді мемлекеттік еңбек инспекторы Хамит КАРЕНОВ.

Тергеумәліметінше Қанат Балсариев қарамағындағы мамандарға сыйақы жазғызып, сол үшін екімың теңге ұстап отырған. Сондай-ақ ол бұл сомманы бухгалтерлер арқылыжинатқызған. Ал ақша жинаудан бас тартқандармен бөлім бастықтарының «жақсылап»сөйлесуін тапсырып отырған.

Ақыр соңындаӘдеп жөніндегі кеңес мүшелері Еңбек инспекциясы басқармасының бастығын жұмыстаншығаруға қатысты ұйғарымға бір ауыздан тоқталып, мұны кеңес ретінде облысәкіміне жіберетін болды. Ендігі сөз Ерлан ҚОШАНОВТА.

Фотоны автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:59
Тендер "ұтып бергіш" алаяқ ұсталды
Сайт әкімшілігі 15:07
Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13