Әкім, судья, прокурор заңсыз балық аулаған

10.01.2020, 11:38

308

Ақтөбеде балық аулаймыз деп  Ырғыз Торғай мемлекеттік табиғи резерватыназаңсыз кірген лауазымды тұлғалар анықталып, қызметтік тексеріс басталды. Ерекшеқорғалған аумаққа рұқсатсыз кірген білдей шенеуніктер Ырғыз аудандық сотыныңтөрағасы Ерлан БАҚЫТЖАН, прокурор Айдос САҒЫНДЫҚОВ және Әйтеке би ауданыныңәкімі  Мәди САҒЫНДЫҚОВ болып шықты.Инспекция қызметкерлері ұсталғандардан он келідей шортан, қармақ және мұз оятынқұрал тәркілегендерін айтады.

«Үшінші қаңтар күнітабиғатты қорғау шараларын жүргізу мақсатында Ырғыз ауданында ерекше қорғалғанаумақта заңсыз кіргені үшін жеті тұлға ұсталды. Оларға қатысты 380 баппенкөзделген әкімшілік іс қозғадық. Ерекше табиғи аймаққа заңсыз кіргені үшін.Соның ішінде бір тұлғаға іс қозғалды. Заңсыз балық аулағаны үшін тиісті шараларқолданды. Әкімшілік айыппұл салынды», — дейді Ақтөбе облыстық орманшаруашылығы, жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының міндетінатқарушы Әнуарбек БЕРМАҒАНБЕТОВ.

 Осылайша жаңажылдың демалысында балық аулауға шығып, өздері ауға түскен  шенділер әзірге әкімшілік жауапкершілікпенқұтылуда. Ерекше қорғалған аумаққа рұқсатсыз кірген лауазымды қызметкерлерәзірге өз қызметтерінде жүр.  Алайдаоблыстық әкімдіктегілер Әйтеке би ауданының әкімі Мәди Сағындықовтың эксәріптестерімен бірге балық аулауға барған, бармағаны туралы нақты айтпай отыр. Ақтөбеоблыстық сотының баспасөз қызметі бірнеше атышулы істерге төрағалық еткен ЕрланБақытжанның үстінен қызметтік тексерістің басталғанын мәлімдеді. Облыс прокурорының көмекшісі болса қорыққа барғанәріптесін балық ауламаған деп отыр. Сөзінше ол ұсталған кезде ауланған балықтабылмапты. Құқық қорғау саласында он жылдан бері қызмет ететін АйдосСағындықовтың ендігі еңбек жолы қызметтік тексерістен кейін белгілі болады дейді.  

«Осы дерек бойыншаСағындықов Айдос әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Анықталған кезде ауданпрокурорында балық анықталмаған. Оның әрі қарай қызметте қалу қалмауы қызметтіктексерістен кейін белгілі болады. Ал қазір Сағындықов  Ырғыз ауданында өз қызметінде жүр», — дедіАқтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен ЕЩАНОВ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 17:44
Әлемді дүрліктірген «Кальмар ойыны
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 10:34
Оралда пластик өнімдері цехы пайда болды
Мариям МАҚСАТ 08:47
«Тілі түсіп, іші күйіп жатыр»
Әділ КЕМЕҢГЕР 26.10.2021, 15:09
Латын әліпбиі деп босқа бақырдық, ә?
Сайт әкімшілігі 26.10.2021, 13:29
Керделі ауылына көгілдір отын берілді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 26.10.2021, 09:04
Шонжыны шоңқитқан Тохтасунов Оралды да оңдырмапты

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01