Әкімдер көлікке қанша ақша шашып жүр?

19.12.2019, 09:03

53

Облыс және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері биылдың өзінде көліксатып алу мен жалға алуға бюджеттен 865 миллион теңгеден астам ақша жұмсаған.Қымбат көлік алған аймақтардың көш басында Алматы қаласының әкімдігі тұр. Б.Байбекәкім қызметінен кетпей тұрғанда қалалық әкімдік 315 миллион теңгеге жуық сомаға22 көлік сатып алыпты.

Басқа аймақтардағыәкімдіктердің биыл қандай көлік сатып алғанын білмек үшін мемлекеттік сатыпалулар порталына үңіліп көрдік. Енді әкімдіктердің әрқайсысына тоқталайық.

Алматы облысының әкімдігі. Амандық Баталов басқаратын әкімдік көлік сатып алуғабюджеттің 101 миллион 660 мың теңгесін жұмсаған. Алматы облысының әкімдігі жылбасынан бері 10 көлік сатып алған. Олардың бесеуі құны 8,5 миллионнанбасталатын Skoda Octavia маркілі көлігі болса, қалған бесеуі – 11 миллион теңгеденасатын Skoda Superb көлігі.

Үкімет қаулысына сәйкес, бюджеттік мекемелерге шетелде құрастырылғанкөлікті сатып алуға тыйым салынған. Бұған дейін қымбат көлікке оңды-солды ақшашашатын әкімдіктердің енді тек қана  Қазақстандақұрастырылатын автомобильдерді сатып алуға көшкені содан.

Айтпақшы,А.Баталов басқаратын әкімдік былтыр жеңіл көлікке бақандай 304 миллион 514 мыңтеңге жұмсапты. Сондағы облыс әкімдігінің сатып алғаны – 22 автокөлік. Оның төртеуіKIA Quoris автомобилі болса, қалған 18-інің келісімшарты порталда ашылмағандықтан,маркісін анықтау мүмкін болмады. Бір белгілісі, облыс әкімдігі 18 көлікті «АзияАвто» ЖШС-нан алған.

Алматы қаласының әкімдігі. Б.Байбек әкім қызметінен кетпей тұрып, Алматы қаласыныңәкімдігі 168 миллион 441 мың теңгеге алты KIA K900 (әрқайсысының құны 28миллион теңгеден асады), 35,4 миллионға  төрт KIA Cerato және 12,5 миллионға KIA Optimaкөлігін сатып алған. Бұдан бөлек, Байбек әкімдігі  11 миллион 961 мың теңгеге Tucson ix35 FLPrime жол талғамайтын көлігін алған. Қазақстандағы ең ірі қала әкімдігінің таңдауы  Hyundai көлігіне де түскен. 20,7 миллион теңгеге  Hyundai Accent Elegance-ің үшеуін, 33,5миллион теңгеге Hyundai Elantra Active көлігінің төртеуін, 33,2 миллион теңгегеHyundai Sonata-ның үшеуін сатып алған. Осылайша әкімдік бас-аяғы 315,8 миллионтеңгені көлікке жұмсап жіберген.

Бірақ қалалықәкімдік бюджет қаржысын көлік сатып алуға ғана емес, жеңіл көлік жалдауға да жұмсайтынболып шықты. Мемлекеттік сатып алулар порталына қарағанда, әкімдік 182 миллион318 мың теңгені көлік жалдауға кетірген.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі. Елорда әкімдігі жеңіл көлік сатып алудан бас тартып,оны жалдауға көшкені белгілі. Бас қала әкімдігі осы мақсатта жүргізушісі бар көліктіжалға алуға тендер жариялаған. Тендерді «Астана Авто шаруашылығы» ЖШС жеңіп алған.Сөйтіп, әкімдік жүргізушісімен көліктер  ұсынғанбұл компанияға биыл 113 миллион 577 мың теңге төлеген.

Шымкент қаласының әкімдігі. Мемлекеттік сатып алулар порталынан Шымкент қаласы әкімдігініңбиыл қандай көліктер сатып алғаны жөніндегі мәліметті таба алмадық. Бірақбылтыр Шымкент әкімдігі алты көлік сатып алуға бюджеттің 59 миллион теңгесін жұмсаған.

Қызығы, Ақмола облысы әкімдігініңде биыл қандайкөлік сатып алғаны жайлы мағлұмат жоқ. Дегенмен бұл әкімдік биыл ақша үнемдеп,көлік сатып алудан тартыныпты дегенді әсте білдірмейді. Өйткені биыл жаңамашина мінбеген Ақмола облысының әкімдігі алдыңғы жылдары анау-мынау емес, жолталғамайтын қымбат Toyota Land Cruiser мен Mercedes-Benz E400 маркілі көліктеріналып қарық болған. Мемлекеттік сатып алулар порталындағы дерекке қарағанда, Ақмолаоблысының әкімдігі 2016-17 жылдары «Сарыарқа автопром» ЖШС-нан құны 13,9миллионға және 15,1 миллион теңгеге екі Hyundai Genesis көлігін және 60,2 миллионтеңгеге  Toyota Land Cruiser-дің үшеуіналып мінген. Порталдағы тендерлерге қарағанда, әкімдік Astana Motor AstanaЖШС-нан 24,3 миллион теңгеге және 18,7 миллион теңгеге тағы екі Toyota LandCruiser 200 маркілі автомобилін сатып алған. Жол талғамайтын көлікке құмар әкімдікЕ класты «Мерседес» көліктерін де қош көретін сияқты. Өйткені 2017 жылы әкімдікMercedes-Benz E400 көлігін алуға 23,7 миллион теңгені бір-ақ жұмсаған.

Атырау облысының әкімдігіде Toyota маркілі автомобильдерге бүйрек бұратындай. ДәлАқмола облысы әкімдігі сияқты Атырау облысының әкімдігі биыл ешқандай көлікалмаған. Дей тұрғанмен 2016-17 жылдары әкімдік бюджеттің 132,3 миллион теңгесінкөлік алуға жұмсап жіберген. Оның ішінде 26,5 миллион теңгеге судай жаңа ToyotaCorolla-ның төртеуін бір-ақ алса, 18,3 миллион теңгеге Toyota Camry-дің екеуіналған. Қалған алты көліктің келісімшарттары ашылмағандықтан, олардың қандаймаркілі автомобиль екенін біле алмадық. Есесіне Атырау әкімдігі бұл көліктерді«Азия Авто» мен Eurasia Motor Atyrau ЖШС-нан алған болып шықты.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қымбат көлік сатып алмаса да, қымбат көліктерді жалғаалып жүрген мекемелердің бірі. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі көлікті көбіне-көпбас қалада жалға алып жүр. Шамасы, шығысқазақстандық шенеуніктер Нұр-Сұлтанғакеле салысымен аяғын жерге тигізбей, Ақорда немесе Үкімет үйіне жеткізіпсалатын жүргізуші мен қымбат көлікті көбірек іздейтін тәрізді. Биылдың өзіндеДаниал Ахметов басқаратын әкімдік бас қалада ары-бері алып жүретін қызметтік көліктіжалдауға бюджеттің 2 миллион 866 мың теңгесін кетірген.       Шығысқазақстандық шенеуніктердің талғамыда ерекше, оларды бас қалада алып жүретін машина кем дегенде 2010 жылы шығарылғанМегсеdes-Веnz болуы тиіс.

Мемлекеттікпорталдағы дерекке сенсек, Жамбылоблысының әкімдігібиыл да, былтыр да көлік алмаған. Соған қарағанда АсқарМырзахметов пен оның қарамағындағылар Кәрім Көкірекбаевтан қалған көлікті әліде мініп жүр. Жамбыл облысының әкімдігі су жаңа машинаны соңғы рет 2017 жылы К.Көкірекбаевбасқарған тұста сатып алған.  Бұл – тұп-тура13 миллион теңге тұратын KIA Quoris Premium көлігі.

Павлодаржәне Қарағандыоблыстарының әкімдіктеріде көліктерді мемлекеттік сатып алулар арқылы жалға мініп жүр. Болат Бақауовбасқаратын әкімдік биыл жүргізушісі бар көліктерді жалдауға 102,5 миллион теңгекетірген. Ал 2018 жылы әкімдік бұл мақсатқа 117,2 миллион теңге жұмсағанболатын.

Мемлекеттіксатып алулар порталынан Қарағанды облысыәкімдігініңкөлік жалдауға не сатып алуға қанша ақша бағыттағанын табаалмадық. Соған қарағанда биыл көлік сатып алу немесе жалға алуға тендержарияланбаған немесе әкім Жеңіс Қасымбек пен оның қол астындағылары Қарағандыда  жаяулатып жүр.  Дегенмен 2017 жылы әкімдік бұл мақсатқа 67,3миллион теңге жұмсапты.

Порталдағы мәліметкесенсек, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі2016 жылдан бері қызметтік көліктерін жаңартпаған. Есесіне осыдан үш жыл бұрынСолтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 63 миллион теңгеге бақандай 10 жаңа көліксатып алған. Олардың төртеуі «БИПЭК Авто Қазақстаннан» алынған Lada Priora (құны2,2-2,6 миллион теңге арасында) болса, үшеуі 10 миллион теңгеден асатын KIASorento Prestige маркілі автомобильдер. 2016 жылы облысты Ерік Сұлтанов басқарыптұрған шақта әкімдік аянып қалмай, тендерден 15,5 миллион теңгеге KIA SorentoNew Prestige көлігін алған. 7,5 миллион теңге тұратын  екі KIA RIO автокөлігі де осы тұста алынды.

Түркістан, Ақтөбе,Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің биыл қандай автокөліксатып алғаны жөніндегі деректер мүлде жоқ.

Түркістан облысы әкімдігіавтобус жалдауға тендер жариялап, оны  2,3 миллион теңге ұсынған компания жеңіп шыққан.Есесіне қызметтік автокөлікке қызмет көрсетуге жарияланған тендерді 275,9миллион теңгемен «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы»ЖШС жеңіп шыққан. Порталға ілінген келісімшартқа қарағанда, Оңтүстік Қазақстаноблысы әкімінің аппаратына келесідей көліктер ұсынылуы керек: 36 С класы, 52 D класы,1 F класы және 3 J класы. С класты көлігіне 2017 жылдан бері қарайғы ToyotaCorolla, 2012 жылдан бергі Nissan Almera және 2013-14 жылдан бері қарайғы ChevroletCruze көліктері жатады. Сол тәрізді D, F және J класындағы көліктердің аттарытізіліп, техникалық сипаттамасы келтірілген. Тендерді ұтып алған компания көліккеқоса, сақтандыру полисі мен техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты қосаұсынуы тиіс. Демек, Түркістан облысы әкімдігіндегі шенеуніктер жаяу жүрмей, асақымбат көліктерді мініп жүр деген сөз.

Қостанай облысының әкімдігібиыл көлік алмаса да, бас қалада өздерін тасып жүретін қызметтіккөлікке тендер жариялаған. Оны 5 миллион теңгеден астам сома ұсынған «Президентіс басқармасының автошаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорныжеңіп алған. Мемлекеттік сатып алулар порталында қызметтіккөліктен бөлек, әкімдіктердің пәтер жалдауға тендерлері жарияланған. Бұл тақырыптыалдағы уақытта қамтитын боламыз. 


Фото ашық дерек көздерден алынды

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 09:18
Бір тәулікте 716 адам коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52