Әкімдік ай қарап жүргенде...

04.06.2020, 06:40

60

Елордада 11 жыл бойы салынғантұрғын үйде жеделсаты жоқ

Жақында елордада 150 құрылыскомпаниясына 10 млн теңге айыппұл салынды. Жауапқа тартылу себебі – қалааумағын абаттандыру тәртібі бұзылған. Жалпы, құрылыс компаниялары жұмысыныңсапасына елімізде талайдан бері сын айтылып келеді.

Қызық болғанда, елордадағы «Орал-Дизайн-Строй-Сервис» мердігерлік компаниясыкөпқабатты үйге лифт салуды ұмытып кетіп, Айды аспанға бір-ақ шығарғаны бар.Оған қоса, өрт кезінде түсетін қауіпсіздік сатысын да салмаған. Осыны енді ғанақаперге алып, лифт пен өрт кезінде тұрғындар түсетін сатыны үйдің қасбетіненсалғызып жатқан жергілікті билік 11 жыл (!) бойы қайда қараған дейсің.

   «Баспана Көктал» тұрғын үй кешендерініңқұрылысы қолға алынғаннан бері 11 жыл өтіпті. Айтылған кем-кетіктер азболғандай, бес қабатты болуы тиіс жерге тоғыз қабатты үй салған, ал тоғызқабаттың орнына 12 қабат көтерген. Бірнеше жылда 564 пәтерді 536 үлескергесатып та үлгеріпті. Жарайды, қазір жауапты мердігер компанияның басшысысотталды делік, бірақ  мемлекеттік тұрғынүй құрылыс бағдарламасы аясында 2008 жылы Астана қалалық құрылыс басқармасы 1,6млрд теңгеге келісім жасағаннан кейін құрылыс жұмыстарын неге жіті бақылаудаұстамаған? Оның үстіне бұл компанияға қатысты үлескерлер 2016 жылдан берішағымданып келген. Алайда жауапкершіліктің жоқтығы осындай жағдайға ұрындырған.

Бұл Нұр-Сұлтан қаласындасалынып жатқан тұрғын үйлердің сапасы турасында айтылып отырған бірінші сынемес. Әлі күнге дейін жаңа үйге қоныстанғандардың кейбірі көршілерінің күбір-күбірсөйлегеніне дейін анық естілетінін, қабырғаның өте жұқа қаланғанын айтыпшағымданады. Оған өзім де куәмін. Бірде ұялы телефонның қоярда-қоймай шырылдағандыбысын естіп, айнала телефондарымызды іздеп кетсек, ол көрші пәтерден естіліпжатқан дыбыс болып шықты. Бұған не дейсің енді… Байқасаңыз, астаналықтардыңарасында мемлекеттік қызметкерлерге салынған үйлердің сапасына сенім жоғалғанықалыпты жағдайға айналған.   

Бір кездеріШымкент қаласындағы жаңадан тұрғызылған «Нұрсат» кешені тұрғын үйлерініңтөбесінен аққан жаңбыр суы пәтер ішін көл-дария қылып жібергені де бар. Дәл осықалада «Самұрық-Қазынадан» бөлінген қаржыға салынған «Адия» тұрғын үйінің тұрғындарыда баспананың өте сапасыз салынғанын, қауіпсіздік техникасы шараларыныңескерілмегенін айтып шу көтерген. Осылай қалай болса солай салынған тұрғын үйлерАлматы шаһарында да, Тараз, Талдықорған, Атырау, Павлодар қалаларында дажұрттың үрейін туғызған. Бір жыл бұрын Таразда құрылыс нормаларын бұзған ұяттанбезген құрылыс компанияларына қатысты 168 әкімшілік іс қозғалып, оларға 28 млнтеңге айыппұл салынған-ды. Сегіз жыл бұрын Қарағандыдағы бес қабатты жаңадантұрғызылған үйдің тұтастай қирап, тас-талқаны шығып, жұрттың жағасын ұстатқаныәлі есімізде.

Күні кеше ғана Атырауда жаңа көпірқұлады. Көпір Махамбет ауданындағы Жалғансай ауылында осыдан екі жыл бұрын тапсырылғанекен. Бас мердігер – «Атырау Инжстрой» ЖШС. Қазір шұрық-тесік болып жатқан көпірдегіасфальтты жергілікті әкімшілік «17 мамырда жауған нөсер шайып кетті» деп уәжайтыпты. Мұндайда 8030 метрлік көпірді салуға республикалық және облыстықбюджеттен кеткен 9,4 млрд теңге өзін ақтай алды ма деген күмән туындауы орынды.Кеңес өкіметі кезінде салынған құрылыс нысандары 20-30 жылдан артық уақыт бойысыр бермей тұрғанда, бүгін 2-3 жыл бұрын ғана салынған нысандардың неге тоз-тозышығып жатады? Әкімдіктер, мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылаушылары,техникалық қадағалаушылар нысанды қабылдап аларда, оның салынуы үшін мердігерлергеқыруар ақшаны ұстатқанда, неге тексерістен өткізбейді? Республикалық бюджеттіңатқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті қаржының дұрыс жұмсалуын қаншалықтықадағалап отыр? Қоғам осыны талап етуі керек. Әйтпесе «жыламаған балаға емшекбермейді». «Құрылыс компаниялары ақшасын үнемдеп, арзан материалдардыпайдалануы салдарынан сапасыз үйлердің азабын қарапайым халық тартып жүр»дегенді сарапшылар да  жиі айтады.

Индустрия және инфрақұрылымдықдаму министрлігі қазір республика бойынша Е-QURULYS бірыңғай ақпараттық жүйесіенгізіліп жатқанын хабарлады. Бұл сайт алдағы күндері елімізде жүргізілетін құрылыссапасын жақсартады деп сендіріп отыр. Әліптің артын бағайық, ендеше.



НұрайРАХЫМ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57