Әкімдік митингіге рұқсат берді

25.06.2019, 18:04

207

Алматы қаласыныңәкімдігі азаматтық белсенді Әлнұр ІЛИЯШЕВКЕ 30 маусым күні Сарыарқакинотеатрының артында митинг өткізуге рұқсат берді. Әлнұр Ілияшев митинг өткізуүшін әкімдікке былтырғы жылдан бері 36 мәрте өтініш түсірген.

«Алматыдабейбіт митинг өткізуге көп мәрте өтініш түсіріп, ақыры рұқсат алдық. Митинг 30маусым күні Сарыарқа кинотеатрының артындағы алаңқайда сағат 10.00-12.00аралығында өтеді. Енді соған дайындықты бастау керек. Ең бастысы, митинг бейбіттүрде өтеді, арандатушылыққа жол бермеу керек», – деп жазады Ә.Ілияшевөзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Азаматтық белсенді өзпарақшасында қала әкімі Бауыржан БАЙБЕКТІҢ қолы қойылған бейбіт жиналысөткізуге рұқсат беру жөніндегі қаулыны қоса бөліскен.

Ә.Ілияшев бейбітмитинг өткізу үшін әкімдікке осымен 36 мәрте өтініш түсірді. Азаматтық белсендібылтырғы жылы танымал спортшы Денис ТЕННІҢ қазасынан кейін ішкі істерминистрлігінің реформасы жөнінде митинг өткізу үшін Алматы әкімдігіне 32 ретөтініш жазып, 32 рет рұқсат ала алмады. Кейін Ә.Ілияшев «Алматы әкімдігі азаматтардыңбейбіт жиын өткізу құқығын аяқасты етті» деп әкімдікті сотқа берген.Алайда Бостандық ауданының соты белсендінің шағымын қанағаттандырмады.

Ә.Ілияшев 19 маусымкүні Алматы әкімдігінен бейбіт митинг өткізуді сұрап, кезекті рет өтініштүсірген болатын.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 12:27
Қазақстан – БҰҰ: мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнама
Сайт әкімшілігі 11:19
ҚазҰУ-дағы жатақхана құрылысының анық-қанығы
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:40
Бекшин мен Қиясовтың қаулысы елді індеттен құтқара ма?
Еңлік АБАҒАН 04.08.2021, 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58