Әкімдік сериал түсіртіп Талдықорғанның имиджін көтермекші

04.09.2019, 08:04

36

Қазақстандағыкөрермені көп дейтін «Патруль» сериалының 5-маусымы Талдықорғанда түсіріледі. Оғанкететін шығынның біраз бөлігін Алматы облысының әкімдігі көтеретін болады.


Алматы облысыныңәкімі Амандық БАТАЛОВ халық алдындағы есептік жиында  актер әрі Талдықорған тумасы Рүстем ОМАРОВТЫҢ Жетісуорталығында «Патруль» сериалының 5-маусымын түсіру туралы өтінішінқабыл алып, өз рұқсатын берген болатын. Рұқсат беріп қана қоймай, жан-жақтықолдау көрсететінін де айтқан.


Өткен аптада мемлекеттік сатып алу порталындааталған сериалға қатысатын түсірілім тобын(45 адам) жатын орынмен қамтамасызету үшін конкурс жарияланғаны белгілі болды. Тапсырыс беруші — Алматы облысыныңІшкі саясат басқармасы. Аталған қызметті көрсету құны — 3 миллион 400 мыңтеңге. Яғни, 45 адамды 30 күн жататын орынмен қамту үшін кететін қаражаттыңкөлемі осындай.


«Бұл- көрермені көп сетком(ситуативті комедия). Сериалдыңлокациясы — Талдықорған қаласы. Оған облыс әкімі Амандық ҒАББАСҰЛЫ өзі келісімберген. Қаражатты облыстық мәслихат бөледі. Түсірілім жоспар бойынша қыркүйектіңекінші жартысында басталадып, 1 айға созылуы мүмкін», — дейді Алматы облыстықІшкі саясат басқармасының басшысы Рұстам АЛПЫСБАЕВ.

Басқарма басшысыныңайтуынша, түсірілім тобының барлығы Алматы қаласының тұрғындары. Сондықтаноларды жатын орынмен қамту көзделген. «Сериалғакеткен шығынды өтеу немесе қайтару жоспары жоқ. Бастысы, Талдықорғанның имиджі.Сериал арқылы көрермендер Талдықорған мен Алматы облысының көрікті жерлерінкөретін болады», —  дейді  Рұстам ӘЛИҰЛЫ.

Фотоларды автор ұсынды.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 18:22
Ерте некенің ертеңі күмәнді
Бифат ЕЛТАЕВА 18:18
"Қара жұма" атауы: бұл кімдердің тықпалап отырған идеясы?
Сайт әкімшілігі 10:45
Бір тәулікте 689 адам коронавирус жұқтырды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.11.2020, 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар

Аңдатпа


  • Мұғалімдер vs Кітапханашылар: Аймағамбетов кім жағына шығады?
    10:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26