"Әкімдікте танысы барлар ғана тез үй алады"

24.12.2019, 09:28

40

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тұрғыны Арайлым Рыспаева жеті жылдан бері пәтер кезегінің жылжымағанын, керісіншеаудан әкімдігінде танысы барлар екі пәтерден алғанын мәлімдейді. АрайлымРыспаеваның  2012 жылдан бастап інісіЕрген жетім бала санаты бойынша пәтер кезегіне тұрған. Содан бері жеті жылөтседе пәтер кезегі жылжымаған.  Жаңаарқаауданы әкімшілігіндегілер 2017 жылы барғанда он бірінші орыннан тоғызыншыорынға түскенін айтқан. Биылғы жылы әкімшілікке барып пәтер кезегін білсе, әлісол тоғызыншы орыннан жылжымапты. Тұрмыс құрған Арайлымның жұбайының пәтері бар,ол тек інісі үшін алаңдайды. Ал інісі Ерген Рыспаев  баспана жалдауға қаражаты жетпегендіктенқайын атасының үйінде тұрып жатыр. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған АрайлымЖаңаарқа ауданы әкімдігінде танысы барлар ешқандай жеңілдіксіз пәтер алатынынайтады.

«Менің жұбайымның үйі бар, маған бермесе де екі баласымен баспанасыз жүрген ініме ең құрығанда бірбөлмелі пәтер берілсе ғой. 2012 жылы құрылыс тауарларын сататын дүкенде жұмыстажүргенде Мадина есімді танысым әкімдіктен екі пәтер алған. Ол танысы арқылыбіреуін өз атына, екіншісін анасының атына рәсімдеткенін, кейін бұл баспананыңбіреуін жалға беріп қойғанын айтқан еді. Біз осыдан кейін інімнің құжаттарынжинап пәтер кезегіне тұрған болатынбыз. Енді ешқандай мүмкіндік жоқ. Ініме еңқұрығанда бір бөлмелі пәтер берсе болар еді. Тек танысы барлардың ғана дәуреніжүріп тұр», — дейді Рыспаева.

Жаңаарқа ауданы әкімі Юржан Бекқожин «таныстарға ғана үй беріледі» дегенақпаратты жоққа шығарып отыр. Әкімнің мәліметінше, былтырдан бері аудандабаспана беру азайған. Бұған тұрғын үй құрылыстарының кешеуілдеуі себеп болған.2019 жылы 8 пәтерлі бір үй ғана пайдалануға берілген. Бүгінде 18 мың халқы барЖаңаарқа ауданының орталығында 600 отбасы пәтер кезегінде тұр.

«Танысы барлар ғана аладыдеп айтуға болмайды, барлығы құжатпен тапсырады, кімдерге баспана берілгеніашық жария түрде болады. Бүгін бұл отбасын қабылдаймын, барлығын түсіндіреміз.Заң аясында кезегі келіп тұрса, мүмкін келесі жылы баспана алар», — деді аудан әкіміЮржан Бекқожин.

Фото: inbusiness.kz



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 14:12
Әкімнің бірінші орынбасары сотталып жатыр
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 13:02
COVID-19: Қазақстанда вакцинациялау 2021 жылы басталады
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 04.12.2020, 12:13
Қытайдың шірімейтін азық-түлігі ағзамызды ірітіп жүрмесін
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 09:35
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
Бифат ЕЛТАЕВА 04.12.2020, 09:24
«Денсаулық министрлігі халықтың денсаулығын емес, дәрі сатуды ойлап отыр»

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11