Әкімдіктен қайран жоқ, Алматы тұрғыны қалада тегін әжетхана салуға бел буды

Сайт әкімшілігі

13.05.2021, 12:35

1568

Бұған дейін Алматы қалалық әкімдігі Алматы көшелеріне құны 9 миллион тұратын 20 әжетхана қойылады деп хабарлаған болатын. Әкімдіктің  мәліметінше, қаланың туризм басқармасы мемлекеттік сатып алу сайтына дәретхана модулін жасау және монтаждау бойынша конкурс жариялаған. Жобаның жалпы құны – 178,5 миллион теңге.

Әжетхананың соншалықты қымбаттығын басқарма өкілдері қаланың туристік келбетімен байланыстырып отыр. Заманауи үлгідегі әжетхананың эскиздік сызбалары қаланың дизайнына сай жасалған. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, дәретханаларда қабырғаға орнатылатын жылу электр конвекторы және суды жылытуға арналған қазандық болады. Дәретханалар қаланың орталық көшелеріне қойылмақ. Жылдың соңында қолданысқа берілетін дәретханаларға кіру ақысы 100 теңге болмақ. Ал қала көшелеріне дәретхана қою қала тұрғындарының өтініші бойынша қолға алынған екен.

Ал енді қалада «ақысыз дәретханалар болуы керек» дейтін жоба авторы М. Досқараевтың айтуныша, қалаға әкімдік әжетхананы алдымен 22 миллион теңгеге орнатпақшы болған ал азаматтардың ашу-ызасынан кейін қазір 9 млн. теңге болған әлгі 20 дәретхана ТЕРРЕНКУР бойындағы проблеманы шешпейді.

— Адамдар бұрынғыдай бұталар арасына, соның ішінде менің үйімнің жанында да айыппұл төлеуге тәуекел етіп, кіріп жүре береді. 10 шақырым жолда бірде-бір дәретхана жоқ, бар болғанның өзінде, бір кабина болса, ол белгісіз себептермен ылғи да жабық. Мен ТЕРРЕНКУР бойындағы ақысыз заманауи дәретханаға қаражат салуға шешім қабылдадым, Ж.Омарова мен Тәттімбет көшелерінің қиылысында құрылысты бастадым. Осыған дейін мен Сағынтаевқа алқаштар жиналатын апатты дәретхананың сасық иісі бар жерде дәретхананың эскиздік жобасымен өтініш білдірген болатынмын. Жарты жыл бойы мені әкімдіктің әртүрлі бөлімдеріне ары-бері жүгіртті. Дәретхананың құрылысы қатып қалған, жұмысшыларды таратып жіберген, оларды полицияға ұстатамыз деп қорқытқан. Әкім қоғамдық тегін дәретхана салу үшін жер телімін беруден бас тартты. Мен әкімнің іс-әрекетіне сотта шағымдануға мәжбүр болдым. Осы арада әкім сот шешімін күтпестен, салынып жатқан дәретхананы кесуге бұйрық берді, сол арқылы азаматтардың мүдделерін бұзды,-дейді.

Тегтер: мәселе түйін түйткіл қоғамдық орын әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39