04.12.2020, 14:12
1036
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен облыстық құрылыс басқармасының басшысы сот алдына келді, — деп хабарлайды Антикоррупция қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен Құрылыс басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеу мәліметінше, олар Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы 200 орындық жаңа аурухана кешенін пайдалануға қабылдау актісіне қол қоюға жәрдемдескені және жалпы қамқорлығы үшін алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен 185 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР