Әкімнің машинасы мәнерлеп сырғанап жүр (видео)

09.12.2018, 15:00

35

Соңғы күндері Атырауда мұзтайғақ болып, қаланың коммуналдық қызметтері жаппай мұз оюға кірісіп кеткен. «Арнайыавтобаза» мекемесі 36 текшеметр құм мен 430 текшеметр тұзды су төсеп, 22 арнайы техниканы жұмылдырған. Басқалар осылай тер төгіп жатқанда, облыстық әкімдіктің алдында бір топ қызметтік автокөлік жүргізушілері тайғақ жолдың үстін әрі-бері ойқыштап, «ерекше өнер» көрсеткен еді. Бейнекамераға түсіп қалған бұл әрекет көпшіліктің наразылығын тудырды.Өзі жазғандай, «халықтың сұранысы бойынша» күні кеше ғана «Фэйсбук» желісінде өзінің жеке парақшасын ашқан қала әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы осы жайға байланысты тұрғындардан кешірім сұрады.www.youtube.com/watch?v=oqUrt3lA4Xc&feature=youtu.be&fbclid=IwAR0b9I1qebEDCR5jwFuQpU32H_U6UDIWZndW877a_0Hia_xaXbZmodaGODc«Мен шынымен мойындаймын, бұл бейне маған қатты ұнамады. Мұндай рұқсат етілмейтін істі бюджет қаражатына алынған қызметтік автокөліктермен жасау барлығымыздың атымызға кір келтіреді. Мен өз көлік жүргізушіммен сөйлестім, ол жерде менің қызметтік автокөлігім және де әріптестерімнің автокөлігі болғанын білдім… Бүгін біз мемлекеттік органдардың барлық жүргізушілерін жинап олармен профилактикалық сөйлесу жүргіздік.Бұндай мінез-құлықққа рұқсат етілмеуінің себебі, біріншіден ол — мемлекеттік қызметшінің имиджін қорлайды, екіншіден мемлекеттін мүлігіне зиян келтіріп оның ерте тозуына жол береді және үшіншіден, айналадағы адамдарға қауіп төндіреді. Мен өз атымнан және әріптестерімнің атынан болған оқиға үшін қала тұрғындары мен қала қонақтарынан кешірім сұраймын» дейді шаһар басшысы Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ.Ыңғайсыз оқиға 6 желтоқсан күні болған, ол кезде басшылар облыстық әкімдіктегі жиналыста отырған. Қазіргі күні «мәнерлеп сырғанайтын» көлік жүргізушілерінің үстінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595 бабына сәйкес хаттама толтырылып, қызметтік ішкі тергеу жүргізілуде. Тергеудің қорытындысымен көлік жүргізушілерге айыппұлдар салынып, жұмыстан босатылуына дейін шаралар қолданылмақ.Айта кетейік, биыл қаңтар айында сол кезде қала әкімі қызметін атқарған Серік ШӘПКЕНОВ те халықтан тура осылай кешірім сұраған болатын. Оған Атыраудағы қос бірдей коммуналдық қызмет көрсету мекесінің басшылары мен қалалық тұрғын үй қызметі бөлімі басшысы орынбасарының сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталып, қамауға алынуы себеп болған еді.Фото: coub.com
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар
Сайт әкімшілігі 10:22
Коронавирустан 900-ден астам бала емделіп жатыр
Бифат ЕЛТАЕВА 09:56
Туған баласынан безінетіндер неге көбейіп кетті?!
Сайт әкімшілігі 29.11.2020, 17:57
"Nur Otan" партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылды

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09