Әкімнің отставкасы және ұлының төбелесі

10.01.2020, 14:37

137

Қарағанды облысыҚарқаралы ауданына қарасты Егіндібұлақ елдімекені әкімінің қызметтен кетуітөбелеспен аяқталды. Бұл туралы Жас АЛАШ сайтының Қарағанды өңіріндегі тілшісіхабарлайды.

Егіндібұлақ ауылдықокругінің бұрынғы әкімі Меруерт МӘДИНЕКЕНОВАМЕН әкімдік қызметкері арасындабылтыр келіспеушілік туындаған.Тіпті ауыл әкімі Меруерт Мәдикеновақарамағындағы қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке тартқан. Кейін әдепжөніндегі кеңестің шешімімен бұл тәртіптік жазаның күші жойылған. Осы әкіммен «шекісіп» жүргенқызметкердің туысы ауылға келген телеарнаның біріне әкімнің қызметі жайындасұхбат берген. Ауыл әкімімен қызметкері арасындағы дау-дамай бұдан әрі өршитүседі. Осы жылдың 5 қаңтарында Егіндібұлақ ауылының әкімі Меруерт Мәдикеноваөз еркімен жұмыстан кетуі жөнінде өтініш жазыпты. 6 қаңтардан бастап ол атқарыпотырған лауазымынан босаған.  Осыданбастап әкімнің ұлы «кек алу» жоспарын құрғанға ұқсайды. 6 қаңтарда түндеәкіммен келіспей жүрген қызметкердің туысы соққыға жығылған. Ресми органдардыңалдын ала жариялаған мәліметі бойынша ауыл тұрғынын әкімінің ұлы сабаптастаған. Бейресми мәліметтер бойынша соққыға жығылған ауыл тұрғыны Қарағандықаласындағы ауруханаға келіп емделіп жатыр. Облыс әкімінің баспасөз қызметі бұлжанжалды назарға алғандарын айтады.

«Қарағанды облысы әкімдігі аталған мәселеге қатыстыбұрынғы әкімнің ұлының қатысы болуына аса наразы. Облыс әкімдігі тергеушараларының әділ жүргізілуіне мүдделі. Істің тергеу барысы Қарағанды облысыполиция департаментінің бақылауында»,- деді Қарағанды облысы әкімінің баспасөзхатшысы Марина ШАПАВАЛОВА.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан Арын 07.05.2021, 09:02
Сот жүйесіне жасанды интеллектінің көмегі бола ма?
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 07.05.2021, 08:49
«Жас қазақ» әні қалай туған?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 06.05.2021, 13:34
Көпбалалы отбасыны орталықтар шынымен қолдай ала ма?
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 10:32
Бауыржан Байбектің өкілі Мамайға қатысты азаматтық іс қалай жүріп жатқанын айтты
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 05.05.2021, 13:17
Бензин бағасы «безілдеп» тұр оны қалай ауыздықтаймыз?
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 05.05.2021, 08:45
Ғылым саласы өлді, қайтпек керек?

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56