Алаш арыстарын ақтау ісі маңызын жоймайды

Сайт әкімшілігі

28.03.2022, 15:42

791

Қазақ елі осы уақытқа дейін көптеген қиындықты бастан өткерді.  Әсіресе, 1921-22 жылдар еліміз үші ең ауыр соққы болғаны анық. Осы ашаршылық жылдарында қаншама қазақ аштан қырылып, ұлт зиялылары қуғынға ұшыраған еді. Міне, кейінгі жылдары ұлт зиялыларын ақтау мақсатында елімізде арнайы бағдарламалар жасалынып, осыған орай көптеген жұмыстар жүргізілуде.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде еліміздің әр өңірінде айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, облыс әкімдіктерінде саяси қуғын-сүргін толық ақтауға жөніндеөңірлік комиссияларының өткізілуі бәрімізге мәлім. Осы орайда, Ақтөбе облысының әкімдігінде ғалым, сарапшы, мұражай, мұрағат қызметкерлері  мен қоғамдық қайраткерлердің қатысуымен комиссия отырысы өткен болатын. Жиын барысында жыл басынан бері жасалынған экспедициялардың нәтижесін айта келе, 6333 істі зерттегендері айтылды. Оның ішінде діни қызметкерлерді қудалау, дін мекемелерді күштеп жабы, мүлкін тәркілеуге қатысты деректердің анықталған.

Саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтауға қатысты Саяси қуғын сүргін құрбандары мұражайында қандай шара атқарылды дегенге келсек, наурыздың алғашқы күні «Алғыс айту күнінде» неміс ұлтының өкілдері «Возрождение» Қазақстандағы немістер ассоциациясының мүшелерімен кездесу өткізілді. Кешке Роберт Герлиц қатысып, Қазақстанға неміс ұлтының қалай көшірілгенін айтып, қазақ ұлтының көрсеткен көмектері туралы естеліктерімен бқлісіп, алғыстарын білдірген болатын.

Бізге саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу неге қажет? Деген сұраққа келсек, қазақ ұлтының тағдыры үшін өз өмірлерін жан пида еткен алаш қайраткерлерін әрқашан ұлықтап, насихаттап, келешек ұрпақтың санасына  сіңдіріп отыру бүгінгі заманның аға буындарының міндеті. Ал алаш қайраткерлері ұлт үшін не істеді дегенге келсек, тарихты әріден қазбалау қажет болады. осы орайда, тарихқа кішкене шолу жасасақ, Жер дауы – қазақ ұлты үшiн бұрын да өте күрделi әрi ең талмауытты мәселе болатын. Сондықтан сол тұстағы қазақ зиялыларының бiрде-бiреуi жер, жер бөлiсi жөнiндегi мәскеулiк жобаны бекiттiрмеуге тырысты. Саяси көзқарастары мен қызмет орындарының әр саланы қамтығандығына қарамастан, мұндай «коммунистiк-колонизаторлыққа» қарсы тұрарлық ұлттық пікір қалыптасты. Қазақстандағы ұлттық қызметкерлердің ішіндегі ең жасы, ең өжетi, бiлiмдiсi Смағұл Сәдуақасов мұны:

«Қазақ автономисына жүргізілген коммунистік колонизаторлық»– деп атады.

Бұл – қазақ қауымының рухани өмiрiндегi ең шешушi әрi тарихи қажеттiлiктен туған заңды қарсылық едi.

Ол өзiн терең де батыл ойлы, шешiмшiл, өжет және ұлт мүддесiн қорғайтын қайратты да қызуқанды, тәлiмдi де тәжiрибелi мемлекет қайраткерi есебiнде көрсете бiлдi. Смағұл Сәдуақасовтың жер, ұлттық өнеркәсiп, мәдениет саласындағы саяси тұжырымдарының негiзiне «Алашорда» қозғалысының бағыт-бағдары мен тұжырымдары желi болып тартылды. Сол ұлы мақсатты кеңес өкiметiнiң саясатына бейiмдей отырып, «коммунист-отаршылдарға қарсы «ұлттық коммунистiк» үлгi ұсынды. Ол қазақ жерi туралы Ә.Бөкейханов ұстанған жер реформасы туралы жобаны қолдап:

«Сырттан келiп отарлауды уақытша тоқтату керек; б) әуелiжергiлiктiхалықты, соның iшiнде байырғы қарашекпендердiде қамти отырып, оларды толықтай жерге орналастыру қажет; в) екiншiкезекте барып төңкерiс тұсында ауып келгендерге жер беру керек; г) содан кейiн ғана Қазақстанның жер жағдайы мен құнарлылығын зерттеумен шұғылданып, оның құнарлы-құнарсыз екендiгiн, яғни пайдалануға жарайтын артық жер бар ма, жоқ па, соны анықтау тиiс», – деп үлкен мәселе қойды.

Мiне, мәселе қайда жатыр! Иә, гәп – жерде.

Бұл платформа кеңеске дейін де, кеңес кезінде де, кеңестен кейін де большевиктер тарапынан жаппай сыналды, «ұлтшылдық платформа» деп бағаланды. Ақиқатына көшсек, Смағұл Сәдуақасұлының пiкiрi дұрыс әрi ол жалғыз өзiнiң ғана емес, сол кездегi алаш азаматтарының ақылдаса келiп қорытқан тұжырымды пiкiрi болатын. Әлихан, Ахмет, Мiржақып, Халел, Жаһанша, Мұхамеджан, Халел Ғаббасов, Әлімхан iспеттi ұлт көсемдерiне мiнбеге көтерiлуге тиым салынғандықтан да, солардың ақылына сүйенiп, солардың атынан сөйлеген сөзi едi.

Голощекиннің бұл жер реформасы – қазақтың жартылай көшпелі экономикасын (халық арасында «Ақ шом» деп аталған көшпелі экономика заңдылығы – Т.Ж.) бұзып, жаппай ашаршылыққа алып келетін. 1921-1922 жылдардағы аштық тұсындағы «реформаның» алғашқы «тәжірибесімен» бәрі де таныс еді. С.Сәдуақасов та, С.Меңдешев те, С.Сейфуллин де, О.Исаев та, Ұ.Құлымбетов те, И.Құрамысов та бұл ашаршылықты бастарынан кешірген болатын. Алайда өткеннің қасіретті сабағын коммунистер қаперіне алмады. Ал тергеу ісінің мәліметіне жүгінсек: сол тұстағы облыстық, кейін Өлкелік партия комитетінің екінші хатшысы С.Меңдешев басқарған бір мәжілісте аштан өлген 1 миллионға жуық адамның әруағының алдында беті шімірікпестен:

«Аштарға көмек комиссиясының» жұмысын кеңес өкіметін құлатуға пайдалану үшін және аштыққа ұшыраған тұрғындарды астыртын ұйымға тарту үшін Әуезов Мұхтар мен Ахмет Байтұрсынов Қазақстанның түкпiр-түкпiрiне үндеу жолдады. Ал Ж.Аймауытов «Алашордашылардың» туыстарына мал таратып беру үшін «Аштарға көмек көрсететін» комиссияның мүшелiгiне қасақана кірген», – деп «халық жауын» әшкерелепті.

Мұндай «естен тандыру арқылы халықтың санын табиғи түрде азайтатын жер реформасының» қасіреті Голощекин мінбеде:

«Бесінші партия конференциясының жұмысына қарсы ұйымдастырылған (яғни өзін сайлауға – Т.Ж.) Бөкейхановтың, Байтұрсыновтың, Сәдуақасовтың, Досовтың саяси-экономикалық платформасы», –деп аталған экономикалық талдауда егжей-тегжейлі дәлелденген болатын.

Сол платформаға сүйенген С.Сәдуақасов Қазақстанды өзі өндірген шикізаттың құлына айналдыратын жобаны ұсынған «саяси экономистерге» қарсы:

«Әр республиканың өз iшiнде тұйықталған кәсiпорын ашу бағыты (әрине, ұлтшылдық бағыт деп түсiнiңiз) бар деген Зелинский жолдастың пiкiрi дұрыс емес (мұны талдаудың өзi ұят), екiншiден, Орта Азиядан мақтаны тасып әкету – жақсылық, ал дайын матаны тасу – бұл тұйықталған шаруашылықтың белгiсi – деген мәселе қандай теориядан туындап отыр?Бұлай етуге болмайды, Зелинский жолдас! Тура керiсiнше, шаруашылықтың мүддесiне орай, өнеркәсiптi шикiзаттың көзiне жақын орналастыру қажет», – деген пікір білдірді.

Шындығында да, жүннiң бiр қадағын қазақтардан 15 сомнан алып, 150 сомға қайта қазаққа сатудың қай жері интернационалдық? Қай жері социализм? Қай жері қандай ұлтшылдықпен күрес? Экономикалық жағынан өте тиімді, өзiн-өзi асырайтын, өзiнiң жерiн өзi дербес игеретiн, өзiнiң ұлттық даму дәстүрi мен тарихи танымын сақтайтын мұндай ұлттық социализм   Голощекинге ұнамады. Смағұлдың бұл сөзіне тура жауап бермей, Шая-шаялығына салып:

«Индустрияландыру мәселесi жөнiндегi өзiнiң сырын Сәдуақасов әлi ашқан жоқ. Ол бұрын: бiзде терi бар, оны Мәскеуге тасудың қажетi жоқ, заводты Қазақстанның өзiнде салу керек, сөйтiп қазақтың (күлкi) ұлттық терiсiн (күлкi) өзiмiзде өңдеуiмiз керек… Ал, Мәскеу мен орталықтағы заводтар тоқтап қалса, онда оның жұмысы жоқ көрiнедi», – деп мінбеден мекерсiнді.

«Тек қана еуропалық ұлттардың шоғырланған жерiне бөлiп берiңдер» – деп жарлық шығарған Мәскеу мен орталықтың сөзін сөйлейтіндер де шықты.

Сенесiз бе, қазақ ұлтының елбасыларының бiрi:

«Қазақтың «түйелерi» социализмге бет алды, бет алып қана қойған жоқ, соған жетiп қалды. Ол өзiнiң жалпақ табанымен жолына кесе көлденең тұрған Сәдуақасовты таптап тастайды», – деп те соқты.

Алдымен Шаяның шаяны боп Смағұлды шағып, жұртын жұтатқан осынау «теңiзге қарап бақылдаған бақаның» (өз сөзi) өзін де отыз жетінші жылы «социализмнiң жалпақ табан түйесi таптап кеттi».

Ұлтын ашаршылықтан сақтап, «азаматтық соғыстың орынына азаматтық келісімді» ұсынған С.Сәдуақасов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев сияқты қызметкерлерді қырына алып, қазақ интеллигенциясына қарсы жазалау науқанының басталғанын ресми түрде мәлімдеді. «Ел билеген кемелдердің» көзін жою арқылы ұлттық сананы жою – ақ патшадан қалған «мұра» еді.

Ол қазақ зиялыларының арасына от тастау үшін әуелі Қазақстандағы жер реформасы, территориялық тұтастық, қоныстандыру саясаты, экономика, шаруашылық, оқу-ағарту жүйесі, ұлт тарихы, өнер мен әдебиет, көне мұраға көзқарас туралы баспасөз бетінде пікірталастарын жариялатты, түрлі мәжілістерде сөз сөйлетті, сөйтіп, партия, кеңес қайраткерлерін білдіртпей бір-біріне жанықтырды. Кезінде «Түрккомиссиясы» мен Мусбюроның құрамында болған жергілікті халықтан шыққан қайраткерлердің барлығын пантюркист, оппортунист, ұлтшыл, жікшіл деп жариялады. «Үлкен Түркістан» туралы пікір білдірген қайраткерлердің сөздерін жинастырып, олардың әрқайсысына „рысқұловщина”, „садуақасовщина”, „мендешовщина”, „сейфуллиновщина”, „қожановщина”, „төреқұловщина” деп мысқылдай ат қойып:

««Жалпы мен, топшылдық дегенде, ұлтшылдықты емеурiн етiп отырмын. Мен сәудақасовшыларды еске салғанда, қожановшыларды да, рысқұловшылардың барлығын да айтып отырмын. Олардың барлығы да бiр қалыптан шыққан», – деп жер тепкілеп баға берді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01