Алаш Орда үкіметі құрылуының 104 жылдығы атап өтілді

Сайт әкімшілігі

17.12.2021, 11:11

2031

       Қазақстан Республикасының тарихи күн деректерінде 1917 жылдың 12 желтоқсан күні Әлихан Бөкейханов бабамыздың төрағалығымен Алаш Орда үкіметі құрылды делінген.

       1920 жылы Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков бастаған алаштықтар Қазақ Советтік Социалистік Республикасының шекарасын бекіткен болатын. Қазақ елі шекарасының бекітілуіне 100 жыл толуына орай, «ПҚ» Желтоқсан ақиқаты» РҚБ негізін қалаушы, бірінші төраға болған Бейсенғазы Сәдуұлы өз қаражатымен Алматы облысының Талғар ауданы Тұздыбастау ауылына «Алаш Орда» монументін тұрғызған еді.

        Биыл да желтоқсан айының 12-сі күні «Алаш Орда» монументіне гүл шоғын қою рәсімі болып өтті. Арнайы іс-шарамызға қоғамдық бірлестіктер шақырылды. Ақордадан ат терлетіп келген «Ақ жол» ХДП төраға орынбасары Қазыбек Иса және «Әділет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғарифолла Әнес мырзалар қатысты.

         Сөз алған парламент мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса: «Қазақ парламенті тарихында алғаш рет «Ақ жол» партиясының саяси бағдарламасында Алашқа басым бағыт беріліп, «Алаш идеясы – ұлттық идеямыз» деп атап көрсетілді», – дей келе, осы іс-шараны ұйымдастырушылардың еңбектерін жоғары бағалап, көпшілік алдында Бейсенғазы ағамыздың кеудесіне «Алаш» медалін тақты.

      Өз кезегінде Бейсенғазы Сәдуұлы «ақжолдықтардың» төрағасы Азат  Перуашевқа үлкен алғысын айта келе, «Алаш Орда» монументінің жанында тұрып «Алаш» медалімен марапатталу мен үшін үлкен мәртебе», – деді.

      Шара соңында қатысушыларды «Алаш бабаларымыздың аңсап өткен  Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облысының Талғар қаласында ашылатын «Желтоқсан-86» ескерткішінің ашылу салтанатына шақырды.

     «Желтоқсан-86» ескерткішін де Бейсенғазы Сәдуұлы және «Желтоқсан-Алматы» ҚБ төрағасы Серікбек Жандыбай, Майхарина Шолпан, Қашкенов Жігер, Тоқсейітова Сапура, Оспанбаева Бақытгүл, Байболов Ермек сынды азаматтар өз қаражаттарына тұрғызған.

Сапура Тоқсейітова,

«Желтоқсан-Алматы» ҚБ Түрксіб аудандық филиалының жетекшісі,

Желтоқсан көтерілісінің ардагері

Тегтер: Тәуелсіздік шара мереке Егемен ел

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:12
Коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 872 жағдай тіркелді
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 19.01.2022, 18:15
Әйелдердің қателіктеріне еркектердің де қатысы бар
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 14:00
Тұрғындардың қарулары уақытша сақтауға қойылды
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 11:10
Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 19.01.2022, 08:48
«Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
Күлтегін БЕК 18.01.2022, 08:41
Қаралы қаңтар: күдік пен үміт

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38