Алданып сан соғып қалма!

Айнұр ӘЛИ

02.09.2021, 09:52

1569

– 2000теңге беріп, өзің қалаған көрпеше, соңғы үлгідегі ыдысты ала аласың. Ғажап қой! – деді Әминаның құрбысы.

– Бұл бір жақсы нәрсе екен. Мұндай сомаға қазір ештеңе түспейді ғой, – деп

таңданысын жасырмады келіншек.

Айлықтың уақыты да емес. Төлейтін коммуналдық шығыннан бөлек, несиесі тағы бар. Әйтеуір, ебін тауып, бауырынан сұрап екі мыңды әлгі затқа қиып берді.

Топқа тіркелгені кеше болса да, белсенділік көрсеткен Әмина артынан тағы екі адамды тіркеді. Олар екі-екеуден қосып жатты. Солай бірнеше күннен соң, өзі алғысы келген ыдысына қолы жетіп, қуанышы қойнына сыймап еді. Бір күні өзінің ізінен ерген келіншектер назын айта бастады. Айтқанда да сол – ақша аударған соң, әлгі тегін дүниені ала алмапты. Қоймадағы зат таусылса керек. Солай бірінен соң бірі жалғанған «үшбұрыштың» күні бітіп, ақшасын кері қайтаруды талап еткен еді. Бірақ кері қайтсын ба?

2000 теңге қайда кетпей жатыр дейміз ғой. Бірақ ол бірнеше адамнан жиналса әжептәуір қаржы құралады. Ал оны ұйымдастырғандар өтпей тұрған затын өткізіп, бір байып қалатыны бар. Жо-жоқ, көпке топырақ шашты демеңіз. Тек бізге жайын айтып келетіндердің осыған алданғаны көптеп кездесті. Мәселен, Тоғжан есімді келіншек екі баланың анасы. Жасы 26-да. Өткенде ғана осы ойынға қатысып, алданып қалыпты.

– Әпкем ватсап желісінен көрпешені 2000 теңгеге алып, мәз болып жатқан видеолар жіберді. Өзі де алғанын айтып, артынан тіркелуімді сұрады. Кенжемнің ай сайынғы көмек ақшасы шотыма түскен. Сол қаржыны солайымен әлгілерге аударып жібердім. Әрине, бастапқыда бір емес, бірнеше көрпешені берген сомаға алатынымды жеткізген. Солай әпкем өзі ұнатқан затты алды. Ал мен ұзақ күттім. Ақыры әлгі затты ала алмай, сан соғып қалдым. Бұл кезде ватсаптағы топ тарап кеткен еді. Ешқандай жауабын да берген емес, – дейді ызалы келіншек.

Осыдан бірнеше апта бұрын желідегі жарнамалар желдей ескен еді. Осы ыдыс-аяқ пен құрақ көрпешелер хит болды. Жұрт бұл хабарламаны әлемжеліде біріне-бірі жіберіп, бірін-бірі «үшбұрышқа» құрады. Бізге де келді мұндай жазба. Онда бір келіншектің анасы, расымен де, сол заттарға қолы жетіп, мәз болып жатқаны айтылады. Біз де көрмекке бекіндік. Өйткені көруіміз, көз жеткізуіміз қажет болатын. Сілтеме арқылы өтіп, топқа тіркелдік. Жарна – 2000 теңге. Артымыздан тағы 2000-нан беретін екі адам тіркеуің керек. Тіркедік. Суреттен көрсеткен түрлі ыдыс-аяқтың біреуін таңдадық. Қосқан үлес 6000 теңге болса да, көз құрғыр қымбатына жүгіріп тұр. Таңдадық. Күттік. Бірнеше күн өтті. Соңына дейін рас болар-ау деп үміттендік. Бірақ содан бері екі айға жуық уақыт өтті. Хат-хабарсыз кете барды. Иә, алса алғандай-ақ бар шығар. Ол тек бастапқы тіркелгендер ғана. Одан кейінгілері қанша тырысқанымен, жауапсыз саудаға тап болды. Бұл  нақ пирамиданың өзі дерсіз. Өйткені бастап ақша салған адам «үшбұрыштың» басында тұрады. Одан кейін екі-екіден тіркелгендер пирамиданың пішінін бейнелейді. Бірақ қаржылық пирамида емес, өтпеген затты тез әрі жылдам өткізуге арналған қитұрқы пирамида.

Аспаннан ақша жауа ма? Жо-жоқ. Тегін дүние қолға қона ма? Қайдан болсын. Ескермей жатамыз, иә? Қиялға шомып, ауадан пайда көруге құмармыз. Асыл болғымыз келмейді. Маңдай термен нәпақа табуға масылдығымыз басым. Қазіргі нарық мұндай олжаны көтермейді. Сол үшін сауаттылықты өсірген жөн болар.

Түйін

«Қазір біреугебіреу сенетін заман емес» дейді. Онда неге жақынымызға емес, әдемі сөйлегенге сенеміз? Аңқаумыз ба? Мүмкін,сенгіш шығармыз? Бір үзім нанға жиған ақшаны бала-шағаның аузынан жырып алып,қалайша «далаға» тастай саламыз? Санымызды сан рет соқсақ та,қазылған орға қайтадан неге құлай кетеміз? Ескеріңіз, сіз іздеген батпан құйрық айдалада жатқан жоқ.

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:16
«Astana Media Week – 2021» биыл жаңашылдыққа толы болмақ
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 12:00
Маминге "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық саябақтарын дамыту тұжырымдасы таныстырылды
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 11:09
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 09:51
Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 09:30
49 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39