Әлеумет әлеуметтік көмекті әлі сезінбей жүр

07.04.2020, 07:54

68

  

Елімізде карантин жарияланғалы үш апта өтті. Осы үш аптада індетпен күресу үшін қандай жұмыстаржүзеге асты? Жұмыссыз қалған отбасыларды әлеуметтік қолдау қандай деңгейде?Кәсіпкерлер мен түрлі қоғамдық ұйымдар бөлген 41 млн доллар қайда, қалайжұмсалып жатыр? #bizbirgemiz хэштегімен қайырымдылық жасаушылар өзегі талғанелдің қарнын тойдыра ала ма? Үкімет уәде еткен 42500 теңге кімдерге беріледі?  

Бұл сауалдарға жауап берместен бұрын, елдіңқазіргі карантиндегі жағдайына бір шолу жасап өтсек. Үлкен қала базарында біркүндік нәпақамен күн көріп отырған отбасылар өткен аптада азық қорыныңтаусылғанын айтып, дабыл қақты. Әлеуметтік желілерде «Ашпыз. Көмек керек» дегенжазу ұстаған әйелдердің видеоүндеулері қаптады. Қарасай ауданында Қаскелеңқаласы әкімдігінің алдына бір топ әйел жиналып, көмек көрсетуді талап етті.Аты-жөнін атауды қаламаған бір кәсіпкер төрт күн бойына 50 отбасыдан 200-денастам анаға көмек қолын созды. Әр отбасыға 21250 теңгеден ақша аударды. Бұлүкіметтің уәде еткен 42500 теңгесінің тең жартысы еді. Ал үкімет не істеді?Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «ешкім де ескерусіз қалмайды.Бәріне көмек көрсетіледі», деді. Бірақ дәл мұндай жағдайғаүкімет дайын емес болып шықты. Электрондық үкімет порталы лап берген өтініштертасқынына төтеп бере алмай, істен шықты. Жаңадан ашылған enbek. kz сайты даөтініштерді дер кезінде өңдеп шыға алмай жатыр. Ал жоғарыдағы ресурстардыңжүктемесін азайту үшін жасалып жатқан telegramm-bot төрт күннен бері әлі іскеқосылған жоқ. Мемлекеттің уәде еткен 42500 теңгесін алуға шұбырған жұрткарантинге қарамастан, ауыл-ауылда Қазпоштаның алдында есеп-шот ашу үшін қаптапкетті. Яғни, үкімет бұл жұмысты төтенше жағдай талаптарына сай ұйымдастыраалмады. Үкіметтің жұмысы осындай болды. Ал «Нұр-Отан» партиясы ұйымдастырған#bizbirgemiz қоры не істеді? Білуімізше бұл қордың қоржынында кәсіпкерлер менқоғамдық ұйымдардың жинаған 41 млн доллар қаржысы бар. Оны теңгеге шаққанда,шамамен, 19-20 миллиард теңгеге жуық.

Телеарналардан оқта-текте шағын қорап көтеріп,көпбалалы отбасыларға тасып жүрген волонтерлар көзге түсіп қояды. Бірақ олқораптың ішінде қанша күндік азық салынғалы жайлы нақты мәлімет жоқ. Нұр-сұлтанқаласы әкімдігі #bizbirgemiz қорымен бірлесе отырып, әлеуметтік жағынан азқамтылған 5 мың отбасыны азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудімойнына алыпты. Ал Алматы қаласы әкімдігі болса, #bizbirgemiz қорымен бірлесеотырып, зейнеткер, 1-2 топтағы мүгедек, көпбалалы отбасы, барлығы 18 мыңшаңырақты азық-түлікпен қуантпақ. Бір қорапта 22 келі азық бар екен. Осы екіқаладан басқа #bizbirgemiz қорының шапағатын көріп жатқандар мүлдембайқалмайды. Шымкент, Атырау, Өскемен сынды қалаларда да бірдеңе ұйымдастырылыпжатқан шығар. Бірақ Алматының дәл түбінде тұрып жатқан көпбалалы отбасылар #bizbirgemizқорының қамқорлығын сезінген жоқ. Қордың төрағасы Руслан Сәкеев әлде, алысжерлердегі халықтың жағдайынан бейхабар ма? Жалпы, Руслан Сәкеев деген азаматкім? Бұрын қайда жұмыс істеген? Қордың қаржысын сеніп тапсыратындай, қандайеңбегі бар деген сұрақққа да жауап іздеп көрелік. Қоғам белсендісі ТоғжанҚожалиева наурыз айының соңғы күндері сұмдық бір пост жариялады. Ватсаптағыжазбаны скриндеп, сөзіне дәлел ретінде ұсыныпты. Ал ол скринде Руслан СәкеевтіңНұр-сұлтан қаласындағы брендтік киімдер сататын Zilli дүкеніне 15 млн 500 мыңтеңге қарыз екенін, борышкердің телефон қоңырауларына жауап бермей ижүргенін,енді амалсыздан құзырлы органдарға арыз жазатынын айтқан ескерту хатыжарияланған. Руслан Сәкеев сол күні-ақ өз парақшасында бұл ақпаратты мүлдем жоққашығарды. «Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны жайлы ресми мәлімдеймін. Бұлкөпе-көрнеу өтірік, бұл дүкеннің алдында ешқандай қарызым жоқ. Мен бірдендүкенге хабарласып, жалған ақпаратты жоққа шығаруды өтіндім. Мұндай хабар меніңіскерлік беделіме нұқсан келтіреді. Өз кезегімде маған қатысты жала жауып,осындай ақпарат авторларын жауапқа тарту жөнінде заң органдарынаарызданатынымды мәлімдеймін», — деген. Екі күннен соң, әлеуметтік желіқолданушысы Ербол Еділов әлеуметтік желідегі парақшасында осы мәселеге қатыстымынандай жазба қалдырды. «2019 жылдың 3 желтоқсанында маған кәсіпкер МахамбетӘбдібеков хабарласты. Сөйтіп, Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары,қазіргі birgemiz қорының төрағасы Руслан Сәкеевтің Нұрсұлтан қаласындағы Zilliдүкенінде 2018 жылдан бері 15 млн теңге қарыз қалғанын, сол туралы постжазуымды өтінді. Махамбеттің айтуынша, Руслан өзінің көмекшілері арқылыжеңілдік кезінде заттар сатып алыпты. Кейін ол қоңыраулар мен смс хабарларғажауап бермей қойған. Енді ол президенттің атына және прокуратураға арызжазатындықтарын айтты. Руслан Сәкеевті әкімдіктен танитын болғандықтан, телефонсоғып, жағдайды түсіндірдім. Ол маған телефонда мәселені шешемін деді. Біраптадан соң, Махамбет Әбдібековты Нұр-сұлтан қаласындағы кафенің бірінде кездейсоқжолықтырып қалдым. Сол кезде ол маған Руслан Сәкеевтің қарыздың бір бөлігінжапқанын айтты. Жоғарыдағы адамдарға менің ешқандай талабым жоқ. Бірақ заңшеңберінде құзырлы органдар бұл мәселеге нүкте қоюы керек». Жазбаның астынапікір білдірген оқырманның көпшілігі қор төрағасы Рус — лан Сәкеевті жерденалып, жерге салыпты. Қоғам белсендісі Серікжан Есенғосұлы «Егер, шенеунік Zilliдүкенінен киінсе, оны мемлекеттік қызметтен қуып шығу керек. Бұл ешқандайморальдық шектеудің жоқтығын білдіреді. Zilli орташа деңгейдегі мемлекетқызметкерінің емес, байлар мен жаңадан байыған адамдардың бренді» деп жазыпты.Қалай десек те, елімізде коронавирус індеті өршіп тұрғанда #bizbirgemiz қорытөрағасының мынандай дауы қоғамда жақсы пікір тудырмай тұр. Өйткені, халыққақамқор болуы тиіс адамның өткен-кеткен өмірбаяны бұлақтай мөлдір, ақ парақтайтаза болуы тиіс. Біз осы мәселе бойынша Руслан Сәкеевтің пікірін де тыңдапкөрмек болдық. Бірақ әлеуметтік желідегі хатымызға жауап бермеді. Ал өз басыналып жүре алмаған төраға қордың жұмысын жандандырып кете ала ма? Күмәнді сұрақ.Өйткені, қазірдің өзінде #bizbirgemiz қоры брендтік дорбалар жасап, артықшығындарға жол бере бастады. Мұндай бір дорбаны Алматыда 500-700 теңгедендайындайды. Ал мыңдаған адамға арналған дорбалар біреудің баспаханасы үшінұшан-теңіз пайда көзіне айналмақ. Бірақ «кімнің баспаханасы?» деген сұрақтыңбасы ашық тұр. Мұншама шығынға тағы қанша адамның қарнын тойдыруға болар еді?!Сұрақ көп. Жауап жоқ. Шенеуніктердің көңілжықпас уәдесі көмек күтіп,ерсілі-қарсылы сабылған жұртты жұбата алмай отыр. Ал бұл күндердің тағы уақытқа созылатыны тағыбелгісіз.

Тоқтар ЖАҚАШ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:40
Ақмола облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 23.11.2020, 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52