06.11.2020, 08:10
435
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Казакстан жастар фракциясы» қоғамдық корының ұйымдастыруымен «Aleymettik jeli jane qоgam» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Спикерлер А.Шотаев пен Қ.Әбдіманап қалалық Жастар ресурстық орталығына жиналған белсенді жастарға арнайы семинар-сабақтар өтіп, әлеуметтік желілерде ой-пікірді сауатты жеткізудің мәнісін түсіндірді. Блогерлер әлеуметтік желі мәдениеті тақырыбында ой қозғады.
Әлеуметтік желіні пайдалану ережелерінен бастап, әдебі мен әлеуетін қоса түсіндірген мамандар кеңесі – қатысушылар үшін қажеті мол ақпарат болды. Тіпті, арнайы бейнероликтер мен фото түсіндірмелер көрсетіліп, көпшілік көкейіндегі түрлі сұрақтарға жауап алды.
Басқосуда жастар ақпараттың жылдам таралатын жерінде оның шынайы болуы, көпшіліктің назарына ілігуі мен өзгелерге деген сенім қалыптастыруға сеп болатынын білді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР