Әлеуметтік желідегі әкімдер «әні»

16.01.2020, 13:05

7

Әр өңірдегі түрлі деңгейдегі әкімдердің халық алдындаесеп беру «дәстүріне» сәйкес, Шығыс Қазақстан облысындағы аудан, қала әкімдеріде қырға шығып, ел аралауды бастап кетті. Алайда, олардың барлығын да жіпкетізіп, жұртты жалықтырған жиындарын тілге тиек етудің қажеті шамалы. Одан гөріШығыстағы аудан мен қала, әкімдерінің атқарған істерін әлеуметтік желідегіәрекетіне қарап бағалаған жөн сыңайлы.

Әрине, облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІ қосқанда 20-ға жетіпжығылатын (оның төртеуі -қала) шенеуніктердің бәрінің парақшасын ақтаруәдетімізде жоқ. Тек әкімдердің есеп беру жиыны басталғанда олардың «Фейсбук»әлеуметтік желісіде бөліскен кейбір көріністеріне зер салған артық болмас.

Жалпы, Шығыс өңірдің әкімдерін әлеуметтік желіге«желімделгендер» немесе жоламайтындар деп екі типке бөлуге болады. Арасындакүнде көрінбесе де апта аралатып «жылтыңдап» қоятындары да бар.

Тағайындауларыментанымал әкім


Мәселен, Өскемен қаласының басшысы Жақсылық ОМАР – соңғыкездері өзінің қызметтік тағайындауларымен танылып жүр.  Жаңа жылдың алдында қалалық Ішкі саясат,мәдениет және тілдерді дамыту, білім бөлімдерінің басшыларын тағайындағанынайтып, жұртқа таныстырған Жақсылық Мұқашұлы бірер күн бұрын ғана наразылықтарынбілдірген көп балалы аналардың әлеуметтік желідегі жазбасына қатысты жақ ашқанжоқ. Ал, кешегі күні «Фейсбукте» жыл басынан бері енді ғана төбе көрсеткен ол  қалаәкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімін басқарып келген Альмира МУСИНОВАНЫжұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылығынатағайындағанын мәлімдеді. Сол-ақ екен, Ардақ АБДРАХМАНОВА атты желі қолданушысыА. Байтұрсынов атындағы20 мектепте оқитын қызының сабағы 19-30-да аяқталатындықтан, 45-шы гастрономнан«Электротовар» аялдамасына  дейін 2 сағатавтобус күтіп үйге зорға жеткенін айтып мұңын шағыпты. Ардақ ханымның айтуынша, Бажова көшесімен қала орталығына қатынайтын№2 автобустың келуі сиреген. «Қала орталығына жету үшін электротовараялдамасына қатынаймыз, онда да көк тайғанақтан қорқып, қаңғыған иттерден қашыпәзер дегенде жетеміз. 90 шы жылдардың басында нарықтық экономикаға көшіпжатқанда автобустармен осындай жағдай туындап еді, ендігі жағдай сұмдық қой»деп күйінеді қызына сабақтан аман-есен қайтуына алаңдаған ана.

Жеке барып жүздесуге жолтаппай, жігері құм болған А. Абдрахманованың бұл шағымы өзінің тағайындауыныңастынан «шыға келгенін» қала әкімі әлі көрмеген сыңайлы. Әйтеуір, жауабынжелідегі жұрт назарынан тыс қалдырды.

Желіге «желімделген» әкімдер

Егер «Фейсбук»әлеуметтік желісінде жазба жариялаудан жарыс ұйымдастырылса, қамшы салдырмайқатар келетін Шығыстың қос әкімі ретінде Тарбағатай ауданының әкімі Серікқазы СӘДУАҚАСОВпен Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек ОРАЗБАЕВТЫ айтуға болады. Есеп беру жиындарыбасталуын күтпей-ақ та қайда барып, кімді көргендерін баяндап отыратын қос әкімде облыстағы ірі аудандарды басқарып отыр. Серікқазы Құсайынұлының Жаңаауылтұрғындарымен өткізген кездесуінен кейін ортаға салған мына ойы әлі деатқаратын шаруасы шашетектен екенін көрсеткендей: «… Жыл сайын төрттүліктің басын кемінде он пайызға өсіруді межелеп отырмыз. Дегенмен, бұғанкедергілер де жоқ емес. Мәселен, Жаңаауыл ауылдық округінде 2018-де — 33,2019-да 50 бас ірі қара бруцеллезге оң таңба берді. Мұндай проблема басқаауылдарда да бар. Сол үшін ауыл шаруашылығы бөлімі, мал дәрігерлері, ауыләкімдері бірлескен кешенді жоспар жасап, жұмысты күшейтпесек, болмайтынынайтып, нақты тапсырмалар бердім»,-дейді С. Сәдуақасов. Мамандығы ветеринарәкімнің қай ауылдың жай-күйіне қатысты қандай проблема барын жасырмай, оны шешужолдарын іздестіргені қуантты. Қызығы сол, басқа да мәселелерге тоқталған ауданбасшысы: «Өлі разы болмай, тірі байымас»дегендей, ауылдық округке қарасты бейітті қоршауға 1 млн. теңге бөлінді.Төртінші деңгейлі бюджет қаражатын ауыл игілігіне жұмсауда ауыл әкімі менжергілікті қоғамдастық ақылдасып шешуі тиіс»деп бір-ақ тоқталыпты.

Аягөз ауданының әкімі Д.Оразбаевтың парақшасына 6-қаңтар күні саябақта қар күреп жүрген жұмысшыәйелдермен түскен суретін жариялағанына қарап, қай жерде көзге түсу керектігінбілетін әкімдер сортынан екенін байқадық. Орнында көп отыра бермейтін әкім бұлсуретіне қатысты: «Қандай жағдай болмасын, жұмысын адалдықпен атқарып жүргенжандардың ісін құрметтеу керек деп білемін. Аягөз бәріміздің ортақ үйіміз.Осындай аяулы қарындастарымыз орнатқан тазалықты баршамыз бірдей ұстасақ екен»деген пікірін білдіріпті. Өткен жылдың соңында журналистермен өткізген баспасөзмәслихатында Д. Оразбаев Аягөзді бірер жыл ішінде «әдемі қалаға айналдырғалыотырғанын» мәлімдеген болатын. Осы суретіне қарасақ, осындай еңбек адамдарынасүйеніп айтқан секілді.

Үш ауданның әкімі — ШалқарБАЙБЕКОВ (Бесқарағай), Нұрымбет САҚТАҒАНОВ, (Ұлан), Серік АҚТАНОВ (Зайсан) бұлқызметтеріне дейін облыс әкімі Даниал Ахметовтің орынбасары болып қызметатқарғандығымен ерекшеленеді. «Облыста отырған» кездерін аңсай ма екен,әлеуметтік желіде өздері басқарып отырған өңірді аралаған кездерін аса жариялайбермейді.


Парақшасына өзі жоқта орынбасарларын  «отырғызатын» әкім  

Үржар ауданының әкіміСерік ЗАЙНУЛДИН жыл басталғалы жұмысқа осы аптада ғана шыққан сыңайлы. Өйткені,өзі барып қайтқан, кездесу өткізген сәттерін 14 қаңтардан бастап қанажариялаған Үржар әкімінің оған дейінгі посттарына зер салсаңыз, өзі жоқтаорынбасарлары отырған кездесулердің көріністері де еніп кеткен екен. Тек 9-қаңтар күнгі  ««Nur Otan» партиясығимаратында аудан әкімінің жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесіне сәйкес9 адам қабылданғанын баяндаған әкім «Меніңеңбек демалысында болуыма байланысты аудан әкімінің орынбасары Дидар Хамитовтұрғындардың сауалдарына заң шеңберінде жауап берді»деп «жөнін айтыпты».Парақшаның аудан әкімі жоқта да жүргізіле беретіндігіне қарап, өңірдегі барлықаудан әкімдерінің атынан қоластындағы бөлім қызметкерлері жазып отыратындығынаңғарғандай болдық.    Қоластындағылардемекші, Серік Зайнулдин өзінің бұған дейінгі екі орынбасарын – Жарқынбек БАЙСАБЫРОВпен Серікқазы СӘДУАҚАСОВТЫ Абай және Тарбағатай аудандарының әкімі етіп ұзатыпсалған облыстағы бірден-бір аудан әкімі.

Әрине, «Әләуләйімтаусылса, хәлауләйім тағы бар» дегендей, әкімдердің әлеуметтік желіде бөліскенжайлары әлі де жалғаса беретіні сөзсіз. Өйткені, олардың әлеуметтік желідежариялаған жұмыстағы сәттеріне қарап, облыста рейтинг қорытындысы шығарылатынкөрінеді. Алайда, әкімдердің іскерлігін желідегі посттарына қарап, сол арқылырейтинг шығарумен келіспейтіндер де бар.

«Әкімдердің жеке парақшасы салиқалыболса...»

-Қазір аудан, қалаәкімдерінің жұмысын әлеуметтік желідегі көріністеріне қарап, баға беріп соларқылы рейтингтегі орындарын жариялайтын сайттар бар. Ол да дұрыс шығар енді.Бірақ, тек желідегі көрсеткіштерді көлденең тартып, сол арқылы аудандарға орынберу жұмыс сапасын арттыруға жол ашады дегенге өз басым сене алмаймын. Текүштіктен көрінуге тырысып, ұсақ-түйек істерді де көрсету әкімдердің іскерлікдеңгейін төмендетпесе, ілгері көрсете қоймайды. Өйткені, қай аудан, қалаәкімінің жеке парақшасына жарияланатындықтан, салмақты, биліктің де, халықойынан шығатын салиқалы оқиғаларды ортаға салу керек деп ойлаймын,-дейді Жармаауданы әкімінің орынбасары Айдар ИБРАЕВ.

Қалай десек те,ірілі-ұсақты әкімдердің ел алдында есеп беруі жүріп жатыр. Әкімнің өзі жоқкезде де аудандағы лента қию, семинар өткізу, спорт ойындарының нәтижесі сияқтыкөзалдау көріністерді әкімдіктің парақшасында жариялаған жөн секілді. Әйтпесе,Үржардағыдай Зайнулдиннің орынында «жоқтығын білдірмейтін» орынбасарлардың оныңатынан ашылған парақшаға жазба қалдырып, «тапсырма бергендері» қисынғакелмейді-ақ. Аудан әкімдері алдағы уақытта осы олқылықтарына мән берсе, халықтыжалықтыруға емес, өзіне жақындатуға жаратылғандарын түсінер еді.   


Суреттер Ж. Омар мен Д. Оразбаевтың«Фейсбуктегі» парақшаларынан алынды

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 14:47
Атырауда блок-бекеттердің неге қойылғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:26
Министр темекі шегетін орын қандай болуы керектігін айтты
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:07
Денсаулық сақтау министрі халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 09:30
Телефонын қуаттаймын деп қайтыс болды
Еркежан АРЫН 30.09.2020, 00:40
52 миллиард теңге: Қазақстандағы экономикалық қылмыстан келген шығын
Амангелді СЕЙІТХАН 29.09.2020, 11:05
Атамекенім қайда екен?

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16