Алғашқы рұқсат етілмеген митинг 40 жыл бұрын өтті

13.06.2019, 23:40

6

Қазақстанда алғашқырұқсат етілмеген митинг осыдан тұп-тура 40 жыл бұрын бұрынғы Целиноград,қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында өткен. 1979 жылдың 16 маусымында Целиноград  жастары Кремльдің Қазақстанның солтүстігінденеміс автономиялы облысын құру  шешімінеқарсы шеруге шықты

Ол уақытта немісавтономиясын құру жөніндегі жоспарды бұрыннан пісіріп жүрген Кремль Қазақстанданеміс автономиялы облысын құру жөнінде шешім қабылдаған. Облыс орталығы ретіндеЕрейментау қаласы таңдалды. Автономия құрамына Целиноград облысы Ерейментау,Сілеті аудандарының, Көкшетау облысынан Уәлиханов, Қарағанды облысынанМолодежный аудандарының жері берілетін болды.

Ол кезеңде бұлаймақтарда шамамен 940 мыңдай неміс тұратын. Тиісті құжаттар әзірленіп, автономиябасшысы таңдалып қойылды. Бірақ соңғы сәтте Кремльдің жоспары іске аспай қалды.Бұған Целиноград жастарының неміс автономиясына қарсы шығуы себеп болды.

Әртүрлі дерекбойынша, шеруге 500-ден 5 мыңға дейін адам қатысты. Шерушілер Целиноградқаласының орталық көшелерін жүріп өтіп, партияның облыстық комитеті алдындағы Лениналаңына жиналған. Бір сағатқа созылған митингіге қатысқандар неміс автономиясынқұру жөніндегі шешімді жоюды талап етті. Шерушілер қолдарына «Ерейментаудағынеміс автономиясына қарсымыз!», "Қазақстан бөлшектенбейді!"деген ұран жазылған плакаттар ұстап шыққан.

Үш күннен кейіншерушілер көшеге қайта шықты. Бұл жолы наразылардың алдына шыққан обкомныңбірінші хатшысы Н.Морозов неміс автономиясы құрылмайтынын айтып, халықтытаратпақ болды. Қайбір деректер бойынша, жиналған жұрт жергілікті биліктен Кремльжоспарының астарында не жатқанын түсіндіріп беруді талап етті. Н.Морозов халыққабасу айтып, мәселе біржолата шешілгенін, Қонаевпен телефонмен сөйлескенін, Қазақстанданеміс автономиясы құрылмайтынын жеткізген соң ғана шерушілер тараған. Мәскеушешіміне қарсы шықса да, рұқсат етілмеген шеруге қатысқандардың ешқайсысықамалмаған.

Халық толқуынансескенген Кремль Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру жөніндегі жоспарданбас тартты. ССРО КГБ тергеу жүргізсе де, шерудің ұйымдастырушыларын анықтайалмаған. Көп уақыт бойы Целиноградтағы толқудың жасырын ұйымдастырушысы ретіндереспублика басшысы Дінмұхамед Қонаевтың аты аталып келген. Бірақ мұны растайтынбірде-бір тарихи дерек жоқ. Ал толқуды нақты кім ұйымдастырғаны әлі күнге дейінбелгісіз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58