Әлімбекова бостандыққа шықты

04.02.2019, 23:30

213

Әнші Гауһар Әлімбекова сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.Алматының Алмалы аудандық соты баспасөз қызметі "Әлімбекованың адвокатының оны қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қолхатпен босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Сот Әлімбекованың сотқа дейінгі тексеру барысында бұлтартпау шараларын бұзбағанын, тұрғылықты мекенжайы бар екенін және осыған дейін сотты болмағанын ескерді", деп хабарлады.Композитор, әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.  Кейінірек әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеген.Сот үкімі шыққан соң желіде Әлімбекованың президент Н.Назарбаевтың атын жазған хаты да жарияланған болатын.Фото: sputniknews.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15