02.09.2019, 09:43
250
Елордада Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ атындағы № 87мектеп-гимназиясы ашылды. Мектептің ашылу рәсіміне премьер-министр Асқар МАМИН, экс-президентНұрсұлтан НАЗАРБАЕТЫҢ кенже қызы ӘлияНАЗАРБАЕВА, білім министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, экология министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ,әкім Алтай КӨЛГІНОВ қатысқан. Осы жаңа ашылған мектепке Әлия Назарбаеваның қорыерекше сыйлық жасапты. Ол туралы STEM академиясының ғылыми зерттеулер бойыншадиректоры Мағжан ҚАСТАУБАЕВ айтыпты.
«Бұлкабинетте оқушылар барлығын виртуалды түрде көреді. Мәселен, физика, химияданэксперимент жасасаң, мұндағы компьютерлердің көмегімен барлығын анық көругеболады. Тіпті, адам ағзасын көруге мүмкіндік бар. Бұл кабинетті жөндеуге,мұндағы құрал-жабдықтарға 15 миллион теңге жұмсалды. Кабинетте 10 ноутбук,интерактивті панель бар. Ноутбуктар Америкадан әкелінді. Әрбіреуінің құны – 1,5миллион теңге. Қаржыны Әлия Назарбаеваның қоры бөлді», – деген Қыстаубаев.
Оқушыларға 1,5 миллионның ноутбугін пайдаланатын білімкерек. Оны үйрететін ұстаз керек. Әлия Назарбаева ондай ноутбуктан гөрібасқарақ сый жасауға болмады ма екен? Ертең сол ноутбуктар бұзылса, оныжөндейтін адам таппай, тағы Амреикаға шапқылаймыз-ау.
Ненің болса да қайыры бар. Әйтеуір әрқайсысы 1,5 миллионтұрады деп мақтанғанған әзірге жарап тұр.
Фото: oinet.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР