Алламен қазақша сөйлессек түсінеді

18.11.2019, 07:58

266

Жай қарапайым пенде ретінде дін туралы кейдеойланасың. Христос еврей болғанымен мысалы ағылшындар өз Христосымен ағылшыншасөйлейді, еврейше емес. Сол сияқты поляктар Христоспен полякша сөйлей береді,испандар — испанша, гүржіндер — гүржінше. венгрлер — өз тілінде. Яғни Христосадамды кез келген тілінде түсіне береді.

Алисламда неге адам Алламен тек арабша ғана сөйлеу керек? Алла сонда адамды текарабша ғана түсінеді ме? Ол мүмкін емес! Алла тіпті адамның ойларын біледі емеспе?

Неге біз «Алла ақбар» орнына"Ұлы я мейірімді Алла" деп айта алмаймыз? Жалпы, неге Құрандажазылған сүрелерді қазақша оқымасқа? Сонда мәні барша халыққа айқын болады ғой?Неге Машалланың орнына "Құдайға шүкір" деп айтсаң, ол дұрыс емес депесептеледі? Ауыз ашар мен ифтардың айырмасы неде? Мағынасы бір емес пе? Сонданеге бұны қазақша айта бермеске?

Мәселе мынада. Қазіргі таңда замануиисламизациямен пайдаланып кейбіреулер қазақты шын мәнінде арабтандыруға шақырыпотыр. Он ғасыр бойы исламда жүрген қазақты исламмен қайта таныстырғысы келеді. СондаЯссауи, Бухар жырау, Бекет, Мәшhүрді жоққа шығаруымыз қажет пе? Жоқ әрине.

Біз орыстандырусаясатынан әрең аман қалып енді арабтандыру саясатына батып кетпеуіміз керек. Қазақтар Алламен қазақша сөйлесе де Алла бізді ұғатынына сенімдімін, өйткені Алла адамды кез келген тілдетүсінеді. Алла біздің жүректерімізде. Ал жүрегіміз қазақ болып қала беру керек.

Жазбаавтордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: muftyat.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 12:27
Қазақстан – БҰҰ: мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнама
Сайт әкімшілігі 11:19
ҚазҰУ-дағы жатақхана құрылысының анық-қанығы
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:40
Бекшин мен Қиясовтың қаулысы елді індеттен құтқара ма?
Еңлік АБАҒАН 04.08.2021, 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58