Алма бағы: Астананы емес, Атырауды жарылқаңдар

27.01.2019, 01:49

5

Жастар жылы жағымпаздықпен басталды ма?2018 жылдың 23 қаңтар күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ресми түрде «Жастар жылын» жариялады. Сол жиында сөз алған атыраулық жас Рамила РОЗМЕТОВА елордаға алма бағын отырғызғысы келетінін жария етті. Бұл идеяны атыраулықтардың барлығы қолдап отыр деп айта алмаспыз. Экологиялық жағдайы нашар бұл өңірді абаттандыру кезек күттірмейтін мәселе.-Қазіргі жастардың бойындағы жақсы қасиеттің бірі – табандылық, алға ұмтылушылық, өкінішке қарай, соның кейде жағымпаздықпен ұштасып жататынын да көреміз. Мұндай «дерттің» жас ұрпақ бойында қалыптаса бастауына үреймен қарау керек. Бұл жолы жерлестеріміздің Атыраудың өзі көгалдандыруға аса мұқтаж болып тұрғанда, онсыз да ресурстан кенде емес Астанаға еріктілер ретінде алма бағын егейік деген ұсынысын өз басым популизм, «үлкен кісінің» алдында көзге түсіп, ұпай жинап қалу деп түсінемін, — дейді психолог Анар МАХИМОВА.Атырау аймағын жасыл желекке бөлеу – осы кезде дейін қаншама қаражат бөлініп, қыруар іс атқарылса да, бәрі құмға сіңгендей жоғалған абыройсыз іс болып қалып тұр. Бір ғана Атырау қаласының өзін жасылдандыру үшін  2011–2020 жылдарға арналған бағдарлама қабылданған-ды. Оның аясында, әсіресе, шаһарды жасылдандыру шарасына белсенді кіріскен 2008-2012 жылдары көп қаржы бөлінді. Атап айтсақ, 2008 жылы бюджеттен 60 млн.теңге бөлініп, оны «Арнайыавтобаза» КМК ұтып алады. 2009 жылы «МұнайҚұрылысСервис» 100 млн.теңге ұтып алған. Өкінішке қарай, олардың қай-қайсысының да еккен талдары гүлдемей жатып, көктей солды. Соған қарамастан, «МұнайҚұрылысСервис» 2011 жылы тағы да тендер жеңімпазы атанып, «бағын сынап» көреді. Одан да нәтиже болған жоқ.Мұнайлы астанада небір құдақ естіп, көз көрмеген экзотикалық ағаштар да отырғызылған болатын. 2011 года Атырау әуежайына баратын жолға егілген 8400 метасеквойи талының 85 пайызы өліп қалған. Осындай «біртүрлі» талдар былтырғы президенттің Атырауға сапарының қарсаңында да пайда болған еді. Бірден бүршік атып, көктеп тұрған қалпында отырғызылған бұл ағаштардың алдағы көктемде қандай күйде болары белгісіз. Олардың сорты, саны, құны жайындағы сұрақтарға қалалық тұрғын үй коммуналдық қызмет бөлімі ақыры жауап берместен, «жеке мекеменің өз ақшасына сатып алғанын» айтып құтылды.Осы жайлардың бәрінде айтылған сылтау сан алуан: «балшыққа егілген», «біздің жерге шықпайды», «ауа құрғақ, жаңбыр аз». Айналып келгенде, бәріне табиғат-ананың өзі кінәлі болып шығып жатыр, «дұрыс екпеді» деп көптің сынына ұшырағанмен, жауапкершілікке тартылған бір де бір заңды немесе жеке тұлға жоқ.Өңірді көгалдандыру проблемасы өткір тұрған кезде «Сарайшық» шаруа қожалығының жетекшісі Рамила РОЗМЕТОВАНЫҢ атыраулық жастардың Астанада алма бағын салатыны жөніндегі ұсынысы тым тосын естілді.-Біз,  Атырау жастары, жастар жылында осындай жобаны қолға алғымыз келеді. Біз өзіміздің шаруашылық базасында алманың арнайы сорттарын әзірледік, енді оларды Астанада еккіміз келеді. Сол үшін бізге Елордадан жер телімін беруіңізді сұраймын, — деді Тамила Розметова. Аталған алма сорттары ол жақтың аязы мен жеріне төтеп беретіндей мықты екен және оларды тамшылатып суғару әдісімен өсіру көзделген. Ұсынысты құп көрген президент Астана қаласының әкімі Бақыт СҰЛТАНОВПЕН бұл мәселемен айналысуды тапсырды.Жергілікті халық алдымен жас буынның бір түп алма талын туған жерде егуді ойлағанша, Астанаға тұра шапқанына риза емес. Екіншіден, атыраулықтар бас қалаға кешке дейін өз қалталарынан шығындала бергенді қаламайды. Биыл Елорданың 20 жылдық мерейтойына Атырау облысының 6 млрд. теңгеге көпір салып, тарту еткені белгілі.[caption id=«attachment_23720» align=«alignnone» width=«1680»]Фото: yav.io[/caption]Енді облыстағы алма бағының жағдайына келейік. Махамбет ауданының Сарайшық, Жалғансай, Сарытоғай елді мекендерінің алма бақтары бір кездері республикаға танымал болған. Білетіндер алма сортының саны 95-ке дейін жеткенін айтады. Кейін жекешелендіру кезінде бау-бақшалар ту-талапай болады. Қазіргі күні олардың орнына бұрынғы деңгейіне жетпесе де, біртіндеп қалпына келтіру мақсатында шаралар жасалуда. Махамбет ауданы бойынша қазіргі күні 153 га жерге жеміс ағашы егіліпті. Оның 134 гектары «Атырауагроөнімдері» ЖШС-ына, әрқайсысы 3-5 гектардан «Алмалықұс» ЖШС, «Рамазан», «Дәурен» шаруа қожалықтарына тиесілі.Өткен жылдың соңында берген қорытынды есебінде аудан әкімі Жәрдемғали АХМЕТОВ «Бір кездегі жайқалған алма бақтары ұжымшарлар тарағаннан кейін қараусыз қалып, жеміс өнімдерін өндіру тоқтатылған еді. Қазіргі кезде біз бұл олқылықты біртіндеп жойып, жеміс-жидек  бағын қалпына келтіруді  қолға алудамыз. «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС жаңа жобаны қолға алып, бір га жылыжайға лимон жемісін өсіруді, «Гюнеш» шаруа қожалығы интенсивті әдіспен алма бағын өсіруді  бастады» деді.Демек, облыстағы бірден бір жасыл-желекті аудан саналатын, облыс орталығына жақын Махамбет ауданының алма шаруашылығын қайта көркейтуге мүмкіндігі бар. Осындай кезде Астананы көркейту ниетін көздеген іскер және ерікті жастардың қол күші мен ерік-жігері өзіміге де артық етпес еді.Фото: botanichka.ru
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Алматыда Көк базар жабылады
Сайт әкімшілігі 09:21
Індет жұқтырған 98 адамның жағдайы ауыр
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2020, 10:16
"Арзанның сорпасы татымас"

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39