Алматы-Астана трассасындағы жол белгілері талапқа сай емес

23.11.2018, 22:20

16

Қазақстанда жол-көлік оқиғасы әсіресе Алматы–Астана трассасында жиі болады екен. 2018 жылдың алты айында Қазақстанда 6743 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 9400 адам зардап шекті. Алматы қаласында – 2277, Алматы облысында 917 көлік апаты орын алған. Басты себеп – трассада көліктің қарама-қарсы бағытқа шығып кетуі, қалада бағдаршамның қызыл жарығына өтіп кету, көлікті ішімдік ішіп алып жүргізу.Енді жақында «Ортақ жол» жол қозғалысы қауіпсіздігі ассоциациясы көліктер көп апатқа ұшырайтын Алматы–Астана трассасына тексеру жүргізіпті. Сөйтсе, осынау жолдың бойындағы бірде-бір жол белгісі талапқа сай емес екен.– Шынында, республикалық мәндегі Алматы–Астана трассасындағы жол белгілерінің бірде-біреуі мемлекеттік стандартқа сай емес, – дейді бұл жөнінде ассоциация төрағасы Алексей Алексеев. – Жол белгілерінің жарыққа шағылысуы, көлемі талапқа сай емес. Олардың басым бөлігі көп жылдардан бері тұрғандықтан, көзге бірден түспейді. Тіпті жүргізушілер «Қауіпті бұрылыс» деген белгіні көрмей, жол шетіне түсіп кеткен кездер жиі болған. Жалпы алғанда, автомоблиь әлемдегі ең қауіпті көлік болып есептеледі. Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан қаза табу ықтималдығы Норвегияға қарағанда 11 есе көп. Одан бөлек, әлемдік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасына қарағанда, Қазақстан көлік апатының зардабын тарту бойынша 1-орын алады.Яғни біздің жолдар жыл сайын 3000-нан астам адамның өмірін жалмайды. 30 мыңнан астам адам жарақат алады. Жол-көлік оқиғасындағы өлім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 24,2-ні көрсетіп отыр. Осыдан кейін көлік апатынан келетін экономикалық шығын еліміздегі жалпы ішкі өнімнің 3-4 пайызын құрап отыр.Ал Алматы қалалық ІІД әкімшілік полициясының басшысы Жандос Мұратәлиев жалпы статистика бойынша жыл сайын жол-көлік оқиғасының азайып келе жатқанын айтады. Бүгінде Алматы қаласының 104 жерінде «Сергек» фото және бейнетіркегіштері тәжірибе ретінде сыналып жатыр екен.Әрине, жол белгілерінің әбден ескіріп, талапқа сай емес екенін жүргізушілер де, жүргінші де жақсы біледі. Енді сол жол белгілерін жөндеуге жыл сайын бөлініп жатқан қаржының есебін тексеріп жіберсе, тіптен жаға ұстатар жағдайлар кездесуі әбден мүмкін. Өйткені біздің шенеуніктердің баяндамасында жыл сайын бұл салаға қыруар қаржы бөлініп, жол белгілері жыл сайын жөнделіп жатады ғой...Фото: svidok.online
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Миуа БАЙНАЗАРОВА 27.10.2020, 11:21
Өртенген қойдың құнын кім өтейді?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 27.10.2020, 10:19
Жесірді жылатқан жер дауы
Әділ КЕМЕҢГЕР 27.10.2020, 09:38
"Байдың малын байғұс қызғана ма?"
Сайт әкімшілігі 26.10.2020, 11:17
COVID-19: 119 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 26.10.2020, 09:20
"Қиыны әлі алда" АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді
Сайт әкімшілігі 26.10.2020, 09:13
Министрлік соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан қанша адам қайтыс болғанын айтты

Аңдатпа


  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04
  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28