27.05.2020, 07:33
98
Алматы іргесіндегі блок-бекетіндегі қайғылы оқиғадан кейін үш шендіқызметінен кетті. Бұл туралы ІІМ өкілдері айтты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жүргізген қызметтіктексерістің қорытындысы бойынша басшылық қызметтегі 9 қызметкерге қатыстытәртіптік жаза қолданылды.
«Алматы қалалық полиция департаменті патрульдік полк командирі,полиция подполковнигі Сатаев К, Е., Алматы қалалық полиция департаменті Кадрсаясаты басқармасының басшысы, полиция полковнигі Мырзабеков О.С., Алматықалалық полиция департаменті жеке құрамының инспекциясының басшысы, полицияподполковнигі Ақылбеков А.О. қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.
Еске салайық, 25 мамырда Көксай ауылындағыблок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қазатапты. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиғаорнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР