Алматы Наурызды қалай тойлайды?

Сайт әкімшілігі

21.03.2022, 09:34

881

Алматыда Наурыз мейрамына орай қаланың барлық ауданында 80-нен астам түрлі іс-шара өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Негізгі іс-шаралар 21 наурызда сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін Панфилов, Жібек жолы және Төле би көшелерінде өтеді. Жаяу жүргіншілер көшелерінде киіз үйлер тігіліп, қолөнершілердің жәрмеңкесі, мейрамханалар аллеясы, суретшілердің көрмелері мен балалар аймағы ұйымдастырылады.

Панфилов пен Қарасай батыр көшесіндегі шағын сахнада сағат 11.00-17.00 аралығында концерттік бағдарламамен Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері, балалар шығармашылық ұжымдары, диджейлер мен интерактивтер, Диана Шарапова мектебі және Мұрат Мұтұрғанов өнер көрсетеді.

Жібек жолы көшесіндегі сахнада сағат 11.00-17.00 аралығында «Алматы әуендері», «Бозторғай» халықаралық балалар фестивалі концерттік бағдарламасын ұсынса, диджейлер мен интерактивтер және шығармашыл жастар өз өнерін көрсетеді.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін концерттік бағдарлама, ұлттық дәстүрлер көрсетілімі ұйымдастырылады, сағат 16.00-ден кешкі концерт басталады.

Қаланың негізгі концерті 21 наурыз күні сағат 12.00-де ҚБТУ ғимараты алдындағы «Астана» алаңында өтеді. Көрермендерге театрландырылған шоу ұсынылады. Мерекелік концертке 500-ден астам әртіс қатысады.

Сахнада 100-ден астам адам өнер көрсетеді. Қойылымға Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Жамиля Серкебаева, Рухия Байдукенова, Тамара Асар, Парвиз Назаров, Ситора, Дильназ Ахмадиева, Диана Шарапова, ДинаЯ, Ардақ Балажанова, Айгүл Елшібаева, Айгүл Қосанова, Ерлан Рысқали, Ерболат Чалдыбеков, Ардақ Балажанова, Әли Оқапов, «KeshYou», «Блокбастер» шоу-балеті, домбырашылар ансамблі, «Салтанат» би ансамблі, «Сарын» тобы, «Filigram» шекті аспаптар квартеті қатысады.

Театр қойылымдарымен қатар ретро мотивтер, сондай-ақ заманауи композициялар ұсынылады. «Бозторғай» балалар хоры Наурыз мейрамына арнайы жазылған қазақ және орыс тілдерінде «Бейбітшілік бүкіл әлемде» әнін орындайды.

21-22 наурызда Ғылым академиясы ғимаратының алдындағы алаңда «Қазақ әуендері» АҚ Нұр-Сұлтан қаласының әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырады.

Сонымен қатар мерекелік концерттер қаланың әр ауданында өтеді:

Алмалы ауданында 22 наурыз күні сағат 12.00 – 17.00 аралығында Ганди атындағы паркте;

Әуезов ауданында 21 наурызда сағат 11.00-15.00 аралығында Әуезов ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда;

Алатау ауданында 22 наурызда сағат 11.00-14.00 аралығында «Алатау» дәстүрлі өнер театры алдындағы алаңда;

Бостандық ауданында 21 наурыз күні сағат 11.00-13.00 аралығында «MEGA Centеr» СОО амфитеатрында;

Жетісу ауданында 21 наурыз күні сағат 11.00-14.00 аралығында «Гүлдер» саябағында;

Медеу ауданында «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» бағдарламасы 20 наурыз күні сағат 11.00-15.00 аралығында ҚР Ғылым академиясының алдындағы алаңда;

Түрксіб ауданында – «Көктем шақырады» бағдарламасы 20 наурыз күні сағат 12.00-15.00 аралығында Сейфуллин атындағы паркте;

Наурызбай ауданында 21 наурызда сағат 11.00-15.00 аралығында Абай даңғылында (Алатау көшесінен Тараз көшесіне дейін).

Тегтер: НАУРЫЗ ҚЫДЫР БАТА

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01