Алматы облысында 30 дан астам мешіт заңсыз жұмыс істеп тұр

29.09.2018, 16:13

85

Елді елеңдеткен бұл мәселе өңір әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысында айтылды. Осы ретте, аталған кеңеске төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Ақан ӘБДУӘЛИДІҢ өзі мұндай мәселенің бір қатар ауданның басын «шарпып» тұрғанын жеткізді.– Мұндай мәселелер Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Іле, Талғар аудандарында да бар. Мәселені жүйелі түрде шешу керек. Бізде Конституция бар. Тиісті заңдар жұмыс істейді. Барлығы соның аясында шешілуі керек. Ал, дін саласындағы жалпы ахуалды Дін істері басқармасы бақлауына толықтай алу керек. БАҚ арқылы тиісті ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуі керек. Жастармен жүйелі, сапалы жұмыстар ұйымдастыру керек. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ». Адасып кеткен азаматтарымызды ел болып бірігіп, тура жолға салуымыз керек. Біз үшін әр азамат қымбат, – дейді облыстың идеология саласына жауапты әкімі.Мәселен, Алакөл ауданында құжаттары тіркеуден әлі күнге өтпеген 7 мешіт бар. Бұдан бөлек, осы ауданға қарасты Достық кентінің бір азаматы қазірде Пәкістанның ұстанымы жат жоғары оқу орнындарының бірінде оқып жатқаны анықталып отыр.Ол ол ма, осы кенттің бір ата-анасы оқушы қызының орамалсыз мектепке баруына үзілді-кесілді қарсы болған. Осы ретте, аймақтағы «бітеу жараға» айналып бара жатқан түйіткілді мәселеге орай, аудан әкімінің орынбасары Алмас АБДИНОВ жауап берген болатын. Оның айтқан құлаштай жауабының қысқаша баяны мынау: «… ауданда аталған мәселелер бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр».А. Абдиновтың айтқан жүйелі жұмыстарын облыстық дін істері басқармасы да теріске шығармайтын көрінеді. Себебі, олардың осыған дейін БАҚ-та жария еткен соны ақпаратына сүйенсек, 2018 жылдың ІІІ тоқсанында бір қыдыру шаруа атқарылғанға ұқсайды. Оған себеп, осы аралықта өңір бойынша жоспарға сәйкес жалпы 358 іс-шара өткізіліп, оған 41 631 адам қамтылған.Демек, бұл бір басқарма бір ауданның тұрғынына жуық адамды «тәрбиелеп» алды деген сөз. Бұдан шығатын қортынды, аталған басқарма осы қарқынмен жұмыс жасаса, өңірдің айналасы он неше ауданының бетін аз уақытта-ақ бері қаратып тастамай ма?Жә, оны тағы уақыт көрсетер. Осы тұста жұртқа қызық болған облыстық ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамын айта кеткеніміз артық болмас.  Олар: 108 мемлекеттік қызметкер, 31 құқық қорғау органдары қызметкері, 18 беделді азамат, 8 денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар, 3 Қазақстан халқы Ассамблеясының және этномәдени топ өкілдері, 76 ҚМДБ имамдары және басқада діни бірлестіктердің өкілдері, 23 дінтанушы, исламтанушы, теолог, 10 ҮЕҰ қоғамдық бірлестік өкілдері, 3 мәдениет, өнер және спорт саласының өкілі, 11 партия жетекшілері мен мәслихат депутаттары, 29 мектеп, колледж директорлары мен мұғалімдері... тізім жалғаса береді.Айта кетейік, облыстағы діни бірлестік пен олардың жергілікті жерлердегі филиалдарының  ұзын саны 599-ға дейін ұлғайған. Оның ішінде ислам мешітінің саны 438-ге жетіп отыр. Тиісінше, облыс көлеміндегі мешіттерде барлығы 533 имам қызмет атқарады.Әңгіме осы мешіттен шығады. Жұрт біткен жабылып түсіндіру жұмысына кірісіп кеткенде, өңірде 11 мешіт имамсыз қалып, «имамсыз мешіт тұл» дегеннің кебін киген. Атап айтқанда: Балқаш ауданы –2, Қаратал ауданы 1, Көксу ауданы –1, Кербұлақ ауданында –2, Кеген ауданында – 2, Ұйғыр ауданы – 2, Қапшағай қаласы – 1 мешітке имам «тоқтамаған». Енді бізден бір сұрақ: сіздіңше облыста дін саласында қандай жұмыс атқарылып жатыр?Фото: egemen.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44